Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Сіздерге миссиясы әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі қозғалысты дамытуға және қоғамдағы күштеусіз қарым-қатынастар құндылықтарына негізделген мәдениетті қалыптастыруға жәрдемдесуге бағытталған «Қазақстанның Дағдарыстар орталықтары одағы» заңды тұлғалардың кәсіптік желісін (ҚДОО) таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Бүгін Қазақстанның Дағдарыстар орталықтары одағы өзінің бес жылдығын атауда. Осы бес жыл ішінде Одақ мемлекет саясатында белгілі, жемісті және тұрақты жұмыс жасаудағы ҮЕҰ ретінде өз қатарына 18 ұйымды біріктірді.
ҚДОО қызметінің негізгі бағыттарының бірі баланың құқықтарына негізделген отбасын қолдау жөніндегі әлеуметтік қызметтерді дамыту болып табылады. Халықтың әлеуметтік осал топтарын құрайтын балалар саны көп (18 жасқа дейінгі балалар саны 5,7 млн. бала) және өз құқықтары туралы толық мағлұматы жоқ қоғам бөлігі болып табылады.
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Жоғарғы Кеңестің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен 1989 жылғы 20 қарашадағы Бала құқықтары туралы конвенция бекітілді.
Бала құқықтары туралы конвенцияда балаларды қанаудан, қатігездікпен қараудан және зорлық-зомбылықтан қорғауға мүмкіндік беретін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау арқылы балалардың өмір сүруге, денсаулығын сақтауға және білім алуға құқықтарын жүзеге асыру саласында маңызды жетістіктер қамтылған. Дегенмен, балалардың құқықтарын қорғау қазақстандық мемлекеттік саясаттың басымдықты міндеттеріне кірмейді.
Ұлттық заңнама заманауи уақыт үндеулерінен әжептәуір артта қалып отыр. Шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, қадағалаусыздық пен панасыздық сияқты әлеуметтік кеселдер балалар арасында кеңінен жайылуда, ал мемлекеттік саясат осы жағымсыз құбылыстардың алдын алу мен ескертуге емес, олардың салдарларымен күресуге бағытталған. Мұның басты себебі – кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметтер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен белгілі бір көлемде айналысатын институттардың жете қаржыландырылмауы болып табылады. Билік органдарының тек «төтенше жағдайлар» режимінде ғана жұмыс жасауын тоқтату үшін мемлекеттік саясаттың бағытын өзгертіп, балаларға арналған бағдарламаларды қалдық емес, бірінші кезекті қағидат бойынша қаржыландыру керек.
Қазіргі уақытта Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғаудың бағдарламалық тұжырымдалған және тұжырымдама түрінде құрылған жүйесі жоқ. Атап айтқанда, панасыздық, нашақорлық пен қылмыстылық жайлаған бүгінгі сор жағдай – осындай түсініксіз саясаттың заңды нәтижесі. Соның нәтижесінде балалар проблемаларын шешудің тәсілі нақты балаға көмек көрсету емес, ведомстволық шекараларды құру болып отыр. Бүгінгі, негізінен жазалау шаралары осы ведомствоаралық тосқауылдарды нығайтуда, өйткені қазіргі уақытқа дейін қалыптасқан нормативтік құжаттар белгілі бір ведомствоның функционалдық ерекшеліктерін егжей-тегжейлі көрсетуге бағытталған, ал нақты баланың тағдырын қозғамайды.
Сондықтан да бірінші кезектегі шаралар ретінде стратегиялық сипаттағы шаралар, отбасы мен балаға қатысты әлеуметтік саясаттың іргетасын, яғни технологиялық түрде белгілі бір балаға нақты өмірлік жағдайда көмек көрсетуге бағытталып, құрылуға тиіс негізді айқындайтын басты шаралар көзделуге тиіс. Өйткені тек әзірленген және іске асырылатын стратегия ғана қауіпті үрдістердің алдын алу, оларды ескерту үшін және Қазақстанның әлеуметтік дамуы үшін жұмыс жасай алады.
Қоғамның негізгі әлеуметтік институты әрқашан отбасы болды және солай болып қалуда. Қазіргі заманғы қазақстандық отбасылардың басым көпшілігінің проблемалары материалдық деңгейінің төмендігі, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының жоқтығы, жұмыссыздық, бала санының аздығы, балаларға зорлық-зомбылық көрсету, тұлғааралық қатынастардың үйлеспеушілігі, өзара құрметтің жоқтығы, маскүнемдік болып отыр.
Отбасы оны нығайтуға, сүйіспеншілік пен әл-ауқаттылық жағдайында дені сау балаларды өсіруге және тәрбиелеуге нақты мүмкіндіктер жасауға бағытталған мемлекеттік саясатсыз институционалдық тұрақтылыққа және өзін-өзі дамытуға қол жеткізе алмайды. Осы жағдайда ғана отбасы институты өз мүшелері мен қоғам алдында тұтастай балалардың әл-ауқаттылығы үшін нақты жауапты болады.
Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс жасауда. Бұл, ең алдымен, негізгі мақсаты әйелдердің, балалардың, отбасының заңды мүдделерін қорғау болып табылатын үкіметтік емес әйелдер ұйымдары.
Бала құқықтары мен мүдделерін қорғау проблемаларын тиімді шешу үшін барлық негізгі орындаушылардың: үкіметтердің, азаматтық қоғамдардың, БАҚ, бизнес өкілдерінің, ғылым қайраткерлерінің балаларды қорғауға және негізгі қоғамдық институт ретінде отбасына көмек көрсетуге арналған әріптестігінің негізінде жалпы қоғамның күш-жігерін ұйымдастыруға бағытталған іс-қимылдардың тұжырымдама түрінде құрылған кешені қажет. Осындай кешен, бірінші кезекте, алдын алу бағыттылығына ие болуға, мыналардың:
отбасы мен баланың өзін-өзі қамтамасыз етуге және әл-ауқатын арттыруға қабілеттілігін дамытудың;
қатер тобындағы кәмелетке толмағандар мен Қазақстанның әрбір әкімшілік және аумақтық бірлігінде әлеуметтік қауіпті жағдайда орналасқан отбасылары үшін оңалтудың балалар мен бала құқықтарын қорғау жүйесінің бөлігі ретінде қоғамдық басталамаларды енгізу негізінде табиғи жолмен қалыптасқан тиімдігі кеңістігін жасау міндетін көздеуге тиіс.
Іс-қимылдар кешені мыналарға сүйенуге тиіс:
Қазақстанның болашақта мемлекет ретінде гүлденуі отбасы мен балалық проблемаларының шешілуіне тәуелді;
балаларды, жасөспірімдер мен жастарды қолдамаса, отбасы проблемаларына ерекше көңіл бөлінбесе, қоғам физикалық және адамгершілік азғындауға ұшырайды;
өскелең ұрпақтың білім алуы мен әлеуметтік дамуына инвестиция салынбаса, Қазақстан шикізат экономикасы артта қалған, зияткерлік болашағы жоқ мемлекетке айналады;
ұлттық басымдық ретінде салауатты өмір сүру салтын көздемесе, Қазақстан халықтың біртіндеп жоғалуына және еріксіз ұдайы реттелмейтін көшіп-қонудың басталуына тап болады.
Осы проблемаларды шешу үшін ҮЕҰ-лардың ақпараттық желісін құру қажет, оның қызметі:
өңірлік отбасы саясатын қалыптастыруға;
кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы өңірлік заңнаманы жетілдіруге;
балалық және отбасы саласында мақсатты әрі кешенді өңірлік бағдарламалар әзірлеуге және конкурстық негізде оларды талқылауды жүзеге асыруға, өңірдегі балалық пен отбасы жағдайын мониторингілеуге, оның ішінде қоғамда балалықты қолдауға бағытталған бағдарламалардың бюджеттерін мониторингілеуге;
желі мүшелерін ақпараттық қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталуға тиіс.
Осы желіні мемлекеттік құрылымдар, ведомстволар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері арасында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы заңнамалық бастамаларды, нормативтік актілерді, бағдарламалар мен жобаларды талқылау жөнінде келіссөздер жүргізу алаңы ретінде пайдалануға болар еді.
Шығармашылық табыс тілеймін.