Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


Ана: Әр баланың қамқор ата-анасы бар



бет48/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   109
Ана: Әр баланың қамқор ата-анасы бар.

SOS–ана өзіне сеніп тапсырылған әр баламен жақын қарым-қатынастар құрады және оның қорғалуын, сүйіспеншілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді, бұл - әр бала үшін өте қажет. Білікті маман бола тұра, ана өз балаларымен бірге тұрады, оларды дамытумен айналысады және үй шаруашылығын дербес жүргізеді. Ол әр баланың өмірін, оның мәдени түп-тамыры мен дінін біледі және құрметтейді. SOS-анамен оған сеніп тапсырылған балалар арасында қалыптасатын берік және тұрақты қарым-қатынастар SOS-үлгісінің өзегін құрайды. Ана – бұл балалар ауылындағы отбасының басшысы, ол балалармен бірге тұрады, ол балалар психологиялық зардаптардан арыла алатындай және өзіне деген сезімін арттыра алатындай дәрежеде ынтымақты отбасын құрады. Яғни отбасы үшін, әр бала үшін жауапкершілік анаға жүктеледі.

Балалар ауылы құрылған сәтінен бастап пелагогикалық жүйенің маңызды бөлігі тәрбиеші аналарды іріктеп алу болып табылатын айқын үлгісі болды. SOS-ана – қиын және беделді мамандық, ол атақ пен бас айналдыратын мансапқа әкелмейді. Осы жолда бірқатар нәрсені құрбандыққа шалуға тура келеді. Бірақ осыған қарамастан, бақытсыз балаларға көмектесуді ғана қалау қажет.
Аға-інілер мен апа-сіңлі-қарындастар: Отбасылық байланыстар табиғи жолмен жасалады.

Әр жастағы қыз балалар мен ер балалар өздерінің аға-іні, апа-қарындас-сіңлілерімен бір SOS–отбасында бірге өмір сүреді. Осы балалар өздерінің SOS–анасымен бірге өмір бойы қалыптасатын және жалғасатын отбасылық қарым-қатынастар құрады. Песталлоци тұжырымдағандай, үй тәрбиесінің артықшылықтары қоғамдық тәрбиеде жалғасын табуға тиіс. Аға-інілі, апа-қарындас-сіңлілі балаларды айыруға болмайды, Kinderdorf-та әр отбасы - әр түрлі жынысты және жас мөлшерлі де әр түрлі топ. Мейрамдарда да, қайғыда да, күнделікті тыныста да бәрі бірге. Ересектер жасы кішілерге көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет