Бюллетень зарегистриро-ванв Министерстве культуры, информации и спорта Рес-публики Казахстан


Ауыл: SOS-отбасы қоғам бөлігі болып табылады



бет50/109
Дата04.01.2022
өлшемі2,69 Mb.
#10280
түріБюллетень
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   109
Ауыл: SOS-отбасы қоғам бөлігі болып табылады.

SOS–отбасылар бір-бірін қолдау жағдайын жасай отырып, бірге өмір сүреді, онда балалар бақытты балалық шақты басынан кешеді. Отбасылар өзара тәжірибе алмасып, бір-біріне көмектеседі. Олар сондай-ақ ортақ іске елеулі үлес қосушы біртұтас топ ретінде өмір сүреді. Өз отбасында, ауылында және жергілікті қауымдастықта әр бала қоғам өміріне белсене араласуға үйренеді. Әрине, бұл өзгеше ұғымды беретін ауыл, ауыл – бұл тек педагогикалық әдебиетке ғана емес, сонымен бірге біздің өмірімізге берік енген ұғым. Балалар ауылының өмір сүру деңгейі жергілікті стандарттарға сәйкес келеді. Сонымен бірге қоршаған ортадан оқшау болмау қағидаты да маңызды: ауыл балабақшасы осы ауылда болса, ол осы ауылдағы немесе қаладағы көрші үйлердің балалары үшін, мектеп те – барлығы үшін; ал SOS-аналар басқа аналар сияқты ата-аналар жиналыстарына барады, олар да мектеп немесе балабақша директорына шақырылады. Отбасылар көбінесе жергілікті білім беру және медициналық қызметтерді пайдаланады.

Енді неғұрлым прозалық жағдайлар туралы, яғни әкімшілік жүйе туралы айта кетсек. Оның құрылымы толық есеп беруге және сонымен бір уақытта SOS-балалар ауылының әр отбасындағы және барлық қызметкерлер арасындағы жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған. Әрбір әкімшілік іс-әрекет SOS-отбасылардың өміріне әсер етуді көздейді және осы себеппен де түсінуге, іске асыруға және меңгеруге жеңіл әкімшілік әдістер қолданылады.

Барлық басқару тетіктері отбасының табиғи процестеріне мейлінше оң араласу мүмкіндігін беретін, SOS-аналарға өз отбасыларын басқаруда, қамтамасыз етуде және қалыптастыруда еркіндік беретін дәрежеде әзірленген.

Балалар тез есейеді, балалықтың орнына еріксіз түрде жастық келеді. Гмайнер жасөспірімдерге көмек жүйесін ойластырды. Балалар 15 жасқа толғаннан кейін ауысатын жастар үйлері немесе жасөспірімдер үйлері салынды.

Ұйымның нақты тұжырымы мынадай: «Біз барлық SOS-балалардың дербес және тәуелсіз өсуін, өмір сүруін қалаймыз». Осы постулат «Дануто мен Данило» (түлектер атымен аталатын) үлгісінің негізіне салынған, оған сай Kinderdorf тәрбиеленушілері SOS-тан шыққанда мыналарға ие болуға:

- мамандық алып шығуға (міндетті білім алып шығуға, жеке қызығушылықтары мен дарындарына сәйкес қосымша білім алуға және сапалы кәсіптік даярлықтан өтуге, сондай-ақ іс жүзінде кәсіптік тәжірибе алуға);

1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет