Математика пәні бойынша жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерге арналған қазақ тіліндегі оқу құралы.
Мұнда әрбір тақырыпта алдымен материалдың теориялық сұрақтары, содан соң олардың мағынасын ашатын мысалдар, соңында тапсырмалар жауаптарымен бірге беріледі. Элементар математиканың негізгі құрамы болғандықтан сандарға, теңдеулер мен теңсіздіктерге, функцияларға арналған сұрақтарға көбірек орын берілді. Сонымен қатар әр тақырыптың соңында өздігімен жұмыстануы үшін әр тақырыпқа тапсырмалар мен тест сұрақтары берілген. Бірақ оқу құралдың қарапайымдылығына қарамастан оқырмандар берілген материалды зейін қойып түпкілікті игермесе практика жүзінде оны игеру өте қиын. Бұл құрал орта мектептің 11 сыныптар оқушылары мен жоғары оқу орындарына түсуші талапкерлерге арналған.
Ұсынылған жұмыс жоғары оқу орындарының даярлық бөлімінің тыңдаушыларына пайдалы болуы мүмкін.
І тарау. САНДАР