Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Орманның рекреациялық маңызы және оны пайдалану



бет65/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап
1515563726, 1515563726, 5 сынып факультатив 34 са ат, 5 сынып факультатив 34 са ат, Әбдіғаппар А. Заявка, 8 класс поурочки Excel
1.10.6 Орманның рекреациялық маңызы және оны пайдалану. Халықтың қалаларға шоғырлануы орманды пайдаланудың жаңа түрiн (рекреация) – адамдардың табиғатта тынығуын туғызды. Осы мақсат үшiн бiрiншi кезекте халық көп шоғырланған орталықтар төңiрегiндегі жасыл аймақ ормандары тағайындалған. Дегенмен, жол қатынасына байланысты орманның басқа санаттары да бұл мiндеттi табыспен орындай алады.

Рекреациялық мiндет атқаратын ормандарда шаруашылықты ұйымдастыру мен жүргiзудiң ерекше әдiстерi қажет. Мұндай ормандарды орналастыруда қызмет аймақтары тағайындалады: белсендi немесе жаппай демалыс аймағы, тыныш серуендеп демалу аймағы, туризм аймағы.

Жасыл аймақ ормандарында жаппай демалыс үшiн орманды-саябақ бөлімі бөлінеді, ормандардың бөлiгiн бередi, олардың мөлшерi халықтың 1000 адамына 10-нан 25 га-ға дейiн жетедi.

Шаруашылықтың маңызды ерекшелiгi – түрлi пішіндегі орман ландшафтын (жабық, жартылай ашық, ашық) құру үшiн арнайы күтiп- баптау кесулерiн жүргiзу болып табылады.


Сұрақтар

1. Орманның қорғаныш рөлінің мағынасы неде?

2. Су қорғау, су реттеу және қорғаныш ормандары жайында анықтамалар беріңіз.

3. М.Е.Ткаченконың орманды қандай топтарға жіктеген және олардың маңызын айтып беріңіз?

4. Б.Д.Жилкиннің орманды қорғаныш рөлі бойынша қандай топтарға жіктеген?

5. И.В.Тюриннің классификациясы жайлы айтып беріңіз.

6. Рекреациялық ормандарда шаруашылықты жүргізудің ерекшеліктері қандай?

7. Қандай орман санаттары (категориялары) қорғаныш функциясын атқарады?

8. Атмосфераның ластануына байланысты орманның қорғаныш ролі қандай?

9. Өнеркәсіптердің әсерінен ауаның ластануына орман қалай жауап береді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет