Көрініс «Әке мен бала»
2-жүргізуші:
19 ғасырдың 2 жартысында қазақ даласында білім нәрін сеуіп, қараңғылықтың түндігін түрген, ағартушының есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көше есімдері еліміздің түкпір-түкпірінде бар.
.
1-жүргізуші:
Құрметті кешке қатысушы көрермендер, Ыбырай атамыздың білім қоржынында сіздерге арналып, бірнеше сұрақтар жасырынып жатыр. Сіздерден осы қоржында жатқан сұрақтардың дұрыс жауабын шешуге атсалысуларыңызды өтінеміз.
Көрермендермен жұмыс
1.Ы.Алтынсариннің туған жылы? (1841жыл)
2.Ы.Алынсариннің атасының есімі? (Балқожа)
3.Ы.Алтынсариннің алғашқы еңбегінің аты? (Қазақ хрестоматиясы)
4.Ы.Алынсарин оқып, білім алған қаласы? (Орынбор)
5. Ы.Алынсариннің әңгімелері? (Таза бұлақ, аурудан аяған күштірек)
6.Ы.Алтынсариннің өлеңдері? (Кел, балалар, оқылық!, Өнер білім бар жұрттар)
7.Ы.Алтынсарин үлгі тұтқан атақты педагог кім? (К.Д.Ушинский)
8.Ы.Алтынсарин қай қалаларды орыс-қазақ мектептерін ашты? (Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз)
9.Балғожа би деген кім? Ол Ыбырайға қалай туыс? (Нағашы атасы)
10. Ыбырайдың шын аты кім? (Ибрагим)
11. Тұңғыш мұғалімдер мектебі қай қалада, қай жылы ашылды? (Омбы қаласы, 1881 жыл)
2- жүргізуші: Ы. Алтынсарин бүкіл саналы ғұмырын бала оқыту мен тәрбиелеу ісіне, сонымен қатар көркем әдебиет тілінің тазалығы үшін күреске арнады. Балаларға таза ана тілін үйретуді мақсат етті.
.
1 -жүргізуші Өскелең ұрпақ тарихта жарқын із қалдырған кемеңгер Ыбырай Алтынсариннің еңбегі мен шығармашылығын ұмытпауға тиіспіз.
2-жүргізуші Сонымен, Ыбырай атамызға арналған іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Ұлт ұстазын ұлықтайық,ешқашанда ұмытпайық!
1 -жүргізуші Ыбырайдай асыл бабаның таза, мөлдір, кәусар бұлағынан нәрлене білейік, рухани әлдене білейік деп бұгінгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп –көп рахмет.
№25 жалпы білім беретін орта мектебі
«Дала қоңырауы»
(ҚР тілдер мерекесі аясында өткізілген Ы.Алтынсариннің
180 жылдық мерейтойына арналған танымдық сағат)
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Кыдыбекова А.А.
Сынып:7
2021-2022 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |