«Дала қоңырауы» Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына байланысты әдеби-танымдық сағат Мақсаты



бет1/2
Дата23.05.2022
өлшемі26,97 Kb.
#144735
  1   2
Байланысты:
Дала қоңырау1


«Дала қоңырауы»
Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына байланысты әдеби-танымдық сағат
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, кітаптары,өнегелі сөздері,бейнебаяндар
Қатысушылар:7-сынып оқушылары
Тәрбие шарасының нәтижесі:
- Қазақ халқының өткенін танымай, , ХХІ ғасырға көз тігу мүмкін емес екендігін, Ы.Алтынсариннің өмірімен, қызметімен танысу арқылы, оның ұлтын, елінің тарихын, салт - санасын сүйген азамат екендігін танып біледі.
Мұғалім сөзі: Қоңырау үні естіледі.

  • Балалар бұл ненің даусы?

  • Қоңырау.

  • Осы қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған ағартушы-ұстаздың кім екенін білесіздер ме?

  • Ол Ыбырай Алтынсарин

Ендеше, құрметті ұстаздар,оқушылар!Бүгінгі тілдер мерекесі аясында өткізіліп жатқан танымдық сағатымызды қазақтың «Дала қоңырауы» атанып кеткен қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналады.
1- жүргізуші. - Армысыздар,құрметті ұстаздар, оқушылар!Қазақ балалар әдебиетінің атасы,ағартушы ұстаз Ыбырай атамыздың құрметіне арналған «Дала қоңырауы» атты танымдық сағатына қош келдіңіздер.
2-жүргізуші.Жүргізуші:Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған тұлғалардың бірі- Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай – ұлы ағартушы-ұстаз, ақын, этнограф, аудармашы. Ол – қазақтың ұстаздық-тәлімгерлік ұлағатын әлемдік деңгейге көтерген тұлға.
1-жүргізуші:
Ы.Алынсарин – тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы, халықтың бай тілін меңгеріп, өнер, білімге бастаушы.
2-жүргізуші:Олай болса,Ыбырай атамыздың өмірі жайында бейнебаянды бірге тамашалайық!.
Бейнебаян
1 -жүргізуші: Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап
өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы.


2 -жүргізуші Ы.Алтынсарин жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан 1864 жылы мектеп ашты.
1 -жүргізуші Ы.Алтынсарин халқын оқу, білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратушы.
2-жүргізуші: Ыбырайдың әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын.Сондықтан ол «Қазақ балалар әдебиетінің атасы» деп танылған.Қазақ жастарын ең алдымен оқуға, өнерге шақырған.

  • Кел балалар, оқылық(Иманғали)

  • Ананың сүюі (Жанель)

  • Өнер-білім бар жұрттар (Ерасыл)

1 -жүргізуші Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналады.
2 -жүргізуші Ол елдегі теңсіздікті де көре білді.Үстемдік етушілерді өлтіре шенеген мына өлеңдері осы тақырыпты қамтиды

  • Азған елдің байлары (Әділбек)

  • Азған елдің қожасы (Ернар)

  • Әй, достарым (Анель)

  • Азған елдің молдасы (Әлмансұр)



1 -жүргізуші Ыбырайдың қазақ поэзиясына енгізген тағы бір жаңалығы - Табиғат сұлулығын жырлау


-Өзен
-Жаз өлеңі (Айсу)


2 -жүргізуші Ыбырай Ушинский, Толстой, Крылов мысалдарын қазақ тіліне аударып,қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды.
1 -жүргізуші Егіннің бастары, Екі шыбын, Қарға мен түлкі аудармаларының тәрбиелік мәні өте зор.

  • Егіннің бастары мысал өлеңі (



2-жүргізуші: Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.
1 -жүргізуші Осы тақырыпта жазылған «Атымтай Жомарт»,«Бақша ағаштары»,«Асыл шөп»,«Әке мен бала» әңгімелерінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі мол.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет