Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Олар  қыз  (балалы)  болғанын  естігенде  ашуға  булығып,  жүздері



Pdf көрінісі
бет29/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

"Олар  қыз  (балалы)  болғанын  естігенде  ашуға  булығып,  жүздері 

қап-қара болып түтігіп кететін. 

Содан  ұялып,  ел-жұрттың  көзінен  тасаланады.  Баланы  тірі 

қалдырып  (өмір  бойы  өзі)  азап  шеккені  мақұл  ма,  әлде  тірідей  көміп 

көзін  жойып  біржола  тынышталғаны  дұрыс

 

па?  Неткен  ауыр  үкім 



десеңші?!" 

(Нахл сүресі, 58-59) 

Исламнан  бұрынғы  кезеңінде  осы  дәстүрді  ұстанып,  іштен  шыққан 

шаранасын  құрбан  еткен,  кейін  исламды  қабылдаған  сахабалардың  бірі 

пайғамбарымызға басынан өткен оқиғаны былайша әңгімелеген: 

"Уа, Расулаллаһ! 

Біз  надандық  дәуірін  өткердік,  сол  кезеңнің  үрдістерін  орындадық, 

пұтқа  табындық,  бауыр  етіміз  -  баламызды  аяусыздықпен  жер  қойнына 

бердік.  Менің  де  сүп-сүйкімді  қызым  бар  еді.  Қылығы  да,  тілі  де  тәтті  еді, 

алайда мен оған қарамауға, мән бермеуге тырысатынмын. Сонда да қасымнан 

екі елі айырылмайтын. 

Бір  күні  оны  қасыма  шақырдым,  томпаңдап  жүгіріп  келді.  Өзі  жақсы 

көретін қызылды-жасылды көйлегін кигіздім де "Енді, жүр менімен бірге, бір 

жерге барып келеміз",- деп, алдап ертіп шықтым. Былдырлап сөйлеп, мәз боп 

қуанып келеді. Біраз жер жүрген соң терең қазулы құдыққа келдік. 

Екі  қолынан  ұстап  көтеретіндей  сыңай  таныттым  да,  бар  пәрменіммен 

құдыққа  тастап  жібердім.  Сондағы  құлап  бара  жатып  "Әке-ее-е...  әке-

тайым..."  деп  құлын  даусы  шығып  шырқырағаны  әлі  күнге  құлағымнан 

кетпейді. " 

Екі  дүниенің  сұлтаны  бұл  әңгімені  естіп,  қатты  егіліп  жылады. 

Көздерінен аққан жас сақалын жуып, тарам-тарам етті. Сонан соң былай деді: 

"Аллаһ  Тағаланың  мейірімділігі  кең,  ондай  қатыгездікті  мұнан  соң 

қайталамайтын болсаңдар, жәһилия дәуіріндегі білместіктерді кешірер." 

Иә,  жәһилия  кезінде  аты  айтып  тұрғандай,  надандық  пен  жауыздық 

түгел  дүниені  тұмшалап  алған-тын.  Адам  баласы  руханият,  мейірім-шапағат 

дегеннен  жұрдай.  Күллі  әлемнің  жаратушысына  сеніп,  иман  келтірмеген 

жүректен не үміт, не қайыр. 

Құдайдан қорықпаған ұждан, Аллаһтың азабынан үрейленбеген рухтан 

жақсылық шығуы мүмкін бе?! 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет