Денешынықтыру


Денешынықтыру үдерісі барысында оқыту мынадай дидактикалық қағидаларға негізделеді



бет4/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454
2 5339429971460884071, 2 5404868312226072430
Денешынықтыру үдерісі барысында оқыту мынадай дидактикалық қағидаларға негізделеді:

  • зерделілік және белсенділік;

  • көрнекілік;

  • қолжетімділік және дараландыру; - жүйелілік;

  • өрлеу.

Зерделілік және белсенділік қағидасы


Қимыл-қозғалыс дағдысын табысты қалыптастыру, баланың дене қасиеттерін дамыту көп жағдайда олардың сабаққа саналы түрде қарауына байланысты. Осы мақсатта педагог балаларға сабақтың маңыздылығын, жаттығулардың мәнін, оларды орындау техникасын түсіндіреді; балаларды қатар құрбыларының жаттығуларды орындау барысын бақылауға үйретеді; оларды өзін-өзі бақылап, сараптауға, өзінің әрекеттеріне баға беруге баулиды; қимыл-қозғалыстарды алдын ала «сезінуге» (ойша елестету) үйретеді; таныс жаттығуларды түсіндіріп беруге жұмылдырады.
Зерделілік қағидасы балалардың бойында бастама көтеру, өзіне жүктелген міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шеше білу (мысалы, шеңбердің ішіне қалай кіру жолын өзінше ойлап табу) қабілетін дамытып, олардың дербестігін күшейтуді қарастырады. Бұл қағида белсенділік қағидасымен тығыз байланысты.
Балалар сабаққа берілген уақыттың басым бөлігінде түрлі жаттығулар жасап, қимылқозғалыс тапсырмаларын қызығушылықпен қабылдауы тиіс. Белсенділік қағидасының мәні, міне, осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет