Денешынықтыру


Дене жаттығуларын көрсетіп беру



бет8/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454
2 5339429971460884071, 2 5404868312226072430

Дене жаттығуларын көрсетіп беру


Жаттығуларды көрсету барысында балалар дене жаттығуларын көзбен қабылдау органдары арқылы жақсы қабылдап, елестетеді.
Бұл тәсілді балаларды қозғалыстың жаңа түрлерімен таныстырған кезде пайдалануға болады. Жаттығуларды бірнеше рет жасап көрсетеміз. Баланың дене жаттығуын көзбен көріп, дұрыс елестетуі үшін және оны дұрыс орындауға ынталандыру үшін оны техникалық жоғары деңгейде көрсету қажет. Яғни бір қалыпты ырғақпен, жеңіл, көңілді орындау керек. Содан соң жаттығу туралы жалпы түсінік беріп, тағы бір рет көрсетеміз.
Кейін көрсету тәсілін жаттығу техникасының жекелеген элементтерін көзбен көріп елестету дағдысын қалыптастыру үшін пайдалануға болады. Жаттығуды жасап көрсетер алдында балаларға қайсы элементке ден қойып, көбірек көңіл бөлу қажеттігін түсіндіреді. Жаттығуды меңгеру деңгейіне қарай аталған сабақта өткен техниканың белгілі бір элементтерін көрсетуге болады.
Жаттығуды балалардың бәріне көрінетін, ыңғайлы жерде жасап көрсету үшін орын таңдаудың да маңызы зор. Мысалы, жалпы дамытуға бағытталған жаттығуларды биіктеу, балалардан алыстау жерде көрсеткен дұрыс. Бойы кішкентай балаларды топтың алдына қою қажет. Күрделірек жаттығуларды (лақтыру, секіру т.б.) тегістігі жағынан әртүрлі жерлерде көрсеткен дұрыс. Бұл дене, қол, аяқты дұрыс қоюды үйретеді.
Педагогтің бойының сәйкес келмеуіне байланысты кейбір жаттығуларды жасауға балаларды жұмылдыруға болады (гимнастикалық қабырғада жасалатын жаттығулар, арқанның астымен өту, шеңберге кіру т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет