Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет3/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


АЛҒЫ СӚЗ 
Ұсынылып отырған оқу құралы философия мен оның маңызды 
бӛлімдерінің бірі мәдениет философиясын және мәдениеттану пәндерін 
меңгеретін жоғары оқу орындарының студенттеріне типтік бағдарламаға сәйкес 
жасалған. Алғашқы ғылым ретінде танылатын философиядан бастау алған 
мәдениеттану тарихы кӛптеген мәселелер тӛңірегінде философия тарихымен 
тамырласа сабақтасып жатыр. Осы мақсатта пән бӛлімдерінің жеке-жеке 
саралануымен ӛзара байланысын зерделейтін оқу құралы студенттердің 
стандартты материалдарды оңтайлы игеруіне ӛзінің зор ықпалын тигізеді. 
Философия тарихы ӛте ертеден бастау алған мұралы ғылым, ал 
мәдениеттану ғылымы ХХ ғасырда ғана пайда болған жаңа пән. Дегенмен бұл 
ғылымдар ӛз алдына жеке ғылыми пән ретінде ӛзіндік теориялық базасын 
құрған, академиялық пәндер. Философия тарихындағы мәдениеттің алатын 
орны мен қызметінің философиялық тұстарын жете зерттеу үшін енген 
«мәдениет философиясын»
оқу құралы ретінде кӛпшілік қауымға ұсыну 
философия тарихын жүйелеу ісіне ӛз пайдасын тигізе алатындығымен құнды.
Мәдениеттің қалыптасуы абсолюттік дамудағы ашық тұтастық. Мәдениет 
ӛркениеттің қуаттылығы негізінде жетіліп, дамып, жүзеге асуы қажет. Ал 
адамзаттық мәдениет заңдылығы мен тұтастық бірлігі айрықша. Мәдениет 
тұтас және әр алуан, айрықша мәдениеттердің кӛпжақтылығы адамзаттық 
мәдениеттердің болмыстық тәсілі болып табылады. Философиясыз мәдениетті 
немесе мәдениетсіз философияны елестету, ұғыну мүмкін емес, себебі олар 
бірін-бірі толықтырушы сыңаржақты ұғымдар. 
Философия 
– адамның дүниеге 
кӛзқарасын, дүниетанымын, салт-санасын, ойлау қабілетін дамыта отырып, 
бүтін бір халықтың мәдени-тарихи философиясын құрап, әлем халықтарының 
философиялық тарихын жинақтаса, 
мәдениет
осы аталғандардың діңгегі, 
негізгі іргетасы болып есептеледі.
Студенттер философия тарихы мен оның негізгі мәселелерін «философия» 
пәні ретінде игере отырып, әлемдік деңгейдегі озық үлгілі халықтар 
философиясының тарихынан хабар алады. Біз бӛгде халық философиясын 
олардың мәдениетінсіз еш анықтай алмаймыз. Бӛгде мәдениет – тек ӛзге 
мәдениеттің алдында ғана ӛз мәніне тереңірек үңілуге тырысады. Яғни, бір 
мәдениеттің ерекшелігі екінші бір мәдениет арқылы танылады. Бір мән екінші 
бір ӛзге, бӛгде мәдениетпен кездесіп, жанасу арқылы ӛз мәнін ашады. 
Нәтижесінде олардың арасында мәдениеттердің біржақтылығын, оқшаулығын, 
томаға тұйықтығын игеретін диалог, яғни сұхбаттастық пайда болады. Мәдени 
диалогтың немесе мәдениеттер арасындағы сұхбаттастықтың туындауы осыдан 
бастау алады. Біз бӛтен мәдениетке жаңа сауалдар қоямыз, олар қалай 
қабылдасада, біз ӛзіміздің қойған сауалдарымызға ӛзімізше жауап іздейміз. 
Бӛтен мәдениет біздің осы ырқымызға кӛніп, ӛз құшағын айқара ашып, жаңа 
мәндік тұрғысынан бізге жауап береді. Осындай диалогтық кездесуде екі 
мәдениет бір-бірімен ӛзара араласып, қабаттасып кетпей, әр қайсысы ӛз бірлігі 
мен ашық тұтастығын сақтай отырып, бір-бірін ӛзара байыта түседі. Осының 


негізінде ғана адамзаттық мәдениет, халықтық философия жетіліп, кемелдене 
береді.
«Мәдениет философиясы»
атты оқу құралы оқырман студенттің аталмыш 
бӛлімді меңгеру мақсатын тіл, этнос, табиғат, құндылық, ӛркениет, адам және 
тағыда басқа басты ұғымдармен мәдениетті байланыстыра отырып, тараулар 
мен тараушалар арқылы бӛлімдерге бӛліп, оны нақты ғылыми ақпараттар 
арқылы барынша жеңілдету. Аталған тараушалар ішінде сирек кездесетін 
мәдени антропология, инвектива, экологиялық мәдениет, тұлға мәдениеті, 
тұрмыстық мәдениет философиясы және т.б. сынды ұғымдарға түсінік беріліп, 
сараланған. Ой жүйріктігі мен талданған тақырыптарды пысықтау мақсатында 
30 сұрақтан құралған 3 нұсқалық тест тапсырмалары жадыда қалған 
ақпараттарды бекітуде маңызға ие. Соңғы нұсқаны «қызық тест» деп атасада 
болады, онда студенттер қызығушылығын арттыру, ғылыми терминдер мен 
мағыналы сұрақтардан жалықтырып алмау мақсатында қарапайым ӛмірден 
алынған бірақ мәдени-философиялық бояуы бар сұрақтар қатары толықтырады.
Оқу құралы философия, мәдениеттану мамандығының студенттеріне, 
жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық мамандықтардың оқытушылары мен 
студенттеріне және мәдениет философиясына қызығушылық танытатын барша 
оқырман қауымға арналған. 
Оқу құралының 
«мәдениет философиясы - культурфилософия» 
деп 
аталатын бірінші тарауында мәдениет философиясы мен мәдениет ұғымының 
пәндік аймақтары зерттеу нысанына алынса, 
«мәдениет және адам»
атты 
екінші тарау аталмыш ӛте үлкен ұғымдар арасынан туындаған бірқатар келелі 
мәселелерге тоқталады, үшінші тарау 
«мәдениет және этнос»
тақырыбына 
арналып ондағы құндылық, тіл, бұқаралық мәдениет сынды проблемалар аясы 
сараланады, соңғы 
«мәдениет және ӛркениет»
атты тӛртінші тарау жаһандану, 
экология аумағын қамти келе отандық мәдениет дамуына тоқталады. Берілген 
тараулар мен тараушалар белгісімен жасақталған жаңаша, әрі тың ауқымды 
ғылыми материалдар студенттер назарына ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет