Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет6/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet

«Дәстүршілдер»
атына ие болған Ж.де Местр, Мен де Биран сынды 
философтар тұтас қоғам ӛмірімен оның мәдени тұрақтылығы үшін ӛткен 
ӛмірдің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының маңыздылығын баса айтты. 
Мәдениет философиясына адамзат қалыптасуындағы түсіністік пен бағалау 
тарихын енгізген Сен-Симон қосқан үлесі қомақты болды. Ол мәдениетті 
қозғаушы күш адам ақылы екенін дәлелдеді. Сен-Симон тӛменгі формадан 
жоғарғы үш кезеңге ӛтетін тарихтағы қоғам мен мәдениет дамуын бӛліп алып, 
әрбір кезеңнің адам ақылын жетілдіру дәрежелігімен қатар, оның 
шығармашылықты ӛндіргіш күшінде ескерді. Әлеуметтік-мәдени жалпылықты 
зерттеушілер арасындағы алғашқылардың бірі Сен-Симон еңбекті маңызды 
адам әрекеті ретінде мән берді. Оның есептеуінше, барлық адам жұмыс істеуі 
қажет. Сен-Симон тарихи кезеңді ойлаудың 
діни жүйесі, метафизикалық
және 
дұрыс ілімінің ғылыми жүйесі
деп үшке бӛлді. 
ХІХ ғ. Француз позитивизміндегі 
мәдениет философиясын
зерттеуде 
О.Конт, И.Тен, және Э.Дюркгейм есімдерін ерекше атау қажет. Позитивизм мен 


әлеуметтану негізін қалаушы француз философы О.Конт ӛзінің аса танымал 
«Позитивті философия курсы»
атты еңбегінде философиялық жүйе құруды 
мақсат етті. Ол ӛзі ӛмір сүріп отырған уақытын тарихи кезеңнің бастамасы деп 
танып, Сен-Симон мен басқа да дәстүршілдер артынан ағартушылармен 
айтысуды жалғастырды. Конт бойынша қоғам ӛмірі жекелеген ерікті 
индивидтердің басқаруымен анықталмайды, ол дін, дәстүр сынды ұжымдық 
сипатқа ие ӛзінің ішкі заңдарымен басқарылуы тиіс. Ол дінді адамдарды 
біріктіруші және ұжымдық сана формаларын реттеуші ретінде оған үлкен мән 
берді, оның бұл әрекетіне қарап, басқалар оны жаңа христиандық жасауға 
тырысқан Сен-Симон сынды дәстүршілдер қатарына қосты. Сол кезде, яғни 
ХІХ ғ. бірінші жартысында француз философиясына үстемдік етіп тұрған 
П.П.Руайе-Коллар мен В.Кузен сынды спиритуалистер жалпы Конттың идеялар 
кешенін тартысқа түсірді. Конт оларды Францияны қайта жасауға тырысқан 
феодалдық тәртіппен байланысты жаңа буржуаздық ӛркениет иелеріне балады. 
Мұндай жағдай оның идеяларының Англияға қарағанда Францияда 
пайдаланылып, дами алмауына тікелей ықпал етті. Конт қоғам мен оның 
мәдениетінің дамуын 
теологиялық, метафизикалық
және 
позитивтік 
деп атап, 
адам ақылының дамуын тарихи кезеңдер дамуымен салыстырды. Осы идеяның 
жалғасы ретінде И.Тэн мәдени феномендер ерекшеліктерін интерпретациялады 
және жеке санаға қарағанда ұжымдық сана формасын жоғары қойды. Тэннің 
культурфилософиялық
теориясын кейде психологиялық историография, кейде 
натурализм, кейде тіпті әлеумметтану ӛнері, кейде географиялық позитивизм 
деп те атайды. Оның жұмыстары ӛзінің кӛзі тірі кезінде де және одан кейінде 
ӛте кӛп талас-тартысты туғызды. Мәдениеттің тарихи және детерминділік 
принципі марксшілдер қатарынан қызығушылық танытқызды. Г.В. Плеханов 
болса «оның ӛндірістік күші мен оның ӛндірістік қатынасының» мәдениет пен 
адам жағдайына тигізетін ықпалын шеттеткені үшін Тэнді қатаң сынға алды. 
Бірақ Брюнетьер мен Симондс сынды Тэннің ізбасарлары ӛз ұстаздарының 
«әдеби формалардың эволюциясы табиғи әлем түрлері эволюциясымен толық 
ұқсастықта» деген ғылыми жағдайын аяғына дейін жеткізді. 
«Жаңа 
сыншылдар»
атымен таныс Уэллек пен Уорен француз әдебиеттануындағы 
«тенизмді»
ХХ ғ. қорытындылаудың жаңа тәсілдерінен алшақтатып, оны 
ескірген деп таныды.
ХІХ ғ. екінші жартысында Франциядағы 
мәдениет философиясы
қоғам 
туралы ғылымдар қатарында дамыды. Жаратылыстанулық ғылымдар 
тәсілдеріне бағытталған уақытта әлеуметтік жүйелердің кӛпшілігі мәдениеттің 
философиялық проблемаларынан алысқа кете алған жоқ. Дәл осы негізде 
арнайы эмпирикалық зерттеулер жүргізілді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына 
дейін еңбектері француз әлеуметтануының базасына айналған ірі 
әлеуметтанушы, 
мәдениет 
философы, 
позитивист 
Эмил 
Дюркгейм 
жаратылыстану ғылымдарына бағытталған позитивизмнің негізін қалаушының 
ӛсиетін сақтай отырып, мәдениет философы ретінде кӛптеген сұрақтарға жаңа, 
әрі ерекше жауаптар берді. Ол Конттың қоғам мен мәдениетті ӛздерінің 
арнайыланған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет