Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


параграф. Хирургиялық бейіндегі бөлімшелерді сүтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет7/33
Дата13.09.2022
өлшемі215,52 Kb.
#149407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
1 ghjrydbfgafds

параграф. Хирургиялық бейіндегі бөлімшелерді сүтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


    1. Операциялық блокта (бөлімшеде) мынадай аймақтар көзделеді:

      1. "стерильді" (операция жасайтын және ассистент болатын хирургтер, операциялық мейіргер);

      2. "таза" (анестезиологтар, кіші және техникалық персонал, науқасты, таза киім-кешекті, дәрі-дәрмектерді жеткізу);

      3. "лас" (медициналық қалдықтарды, пайдаланылған киім-кешекті, таңып-байлау материалын шығару).

Шағын операциялық үй-жайда мына аймақтар көзделеді:

  1. санөткізгіш арқылы "стерильді" (операция жасайтын және ассистент болатын хирургтер, анестезиологтар, операциялық мейіргер, таза стерильді киім-кешек);

  2. "таза" (кіші және техникалық персонал, науқасты, дәрі-дәрмектерді жеткізу).

Операция аяқталғаннан кейін медициналық қалдықтарды, пайдаланылған киім-кешекті шлюз арқылы жоюға жол беріледі.

    1. Хирургиялық бөлімшелерде кемінде 2 таңып-байлау бөлмесіне жол беріледі. Ірің бөлінетін пациенттерді таңып-байлау септикалық таңып-байлау бөлмесінде, ол болмаған кезде ірің бөлінбейтін пациенттерді таңып-байлағаннан кейін асептикалық таңып-байлау бөлмесінде жүргізіледі.
  1. параграф. Дерматология-косметология, пластикалық және эстетикалық хирургия объектілерін күтіп-ұстауға қойылатын


санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

    1. Жергілікті анестезияны, сондай-ақ ботулиндік уыт негізіндегі препараттарды пайдалана отырып функционалдық әжімдерді, жергілікті гипергидрозды түзету бойынша манипуляцияларды пайдаланатын дерматология-косметология объектілерінде емшара немесе манипуляциялық кабинеттер көзделеді.

    2. Пластикалық эстетикалық хирургия объектілерінде ботулиндік уыт негізіндегі препараттарды пайдалана отырып хирургиялық рәсімдер функционалдық әжімдерді, жергілікті гипергидрозды түзетуді қоспағанда, операциялық немесе шағын операциялық үй-жайларда жүргізіледі.

    3. Дерматология-косметология бойынша медициналық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын емшара және манипуляциялық үй-жайлардың, пластикалық және эстетикалық хирургия бойынша қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын операциялық және шағын операциялық үй-жайлардың ішкі әрлеуі, инженерлік қамтамасыз етілуі және жабдығы осы Санитариялық қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

    4. Ботулиндік уыт негізіндегі препараттарды пайдалана отырып функционалдық әжімдерді, жергілікті гипергидрозды түзетуге пайдаланылатын емшара және манипуляциялық кабинеттер пайдаланылатын препараттарды сақтау үшін қосымша тоңазыту жабдығымен қамтамасыз етіледі.

    5. Ботулиндік уыт негізіндегі препараттарды сақтау оның өндірушісі белгілеген температура жағдайлары мен өзге де шектеулер ескеріле отырып, бөгде адамдардың кіруін болдырмайтын жағдайларда, тоңазытқыштың жеке сөресінде, жеке таңбаланған ыдыста (зауыт қаптамасында) жүргізіледі.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет