Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Мал азығы және малдарды азықтандыруға қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар



бет42/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

1.Мал азығы және малдарды азықтандыруға қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар.

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру кезінде рационы организмнің сұранысын толықтай қанағаттындыруы керек, әсіресе энергиясы ғана емес, әртүрлі көректі заттары, белоктар, қант, май, минералды заттар, микроэлемментер және витаминдер сан мөлшерінен ғана емес сапа жағынан да жеткілікті болуға тиіс.

Организмдегі ас қорту процессі барлық денедегі алмасу процесстерінің алғашқы звеносы болып саналады. Өйткені азықтандырудың режимі, рациондағы қатынасы және азықтандыру техникасы барлық денедегі зат алмасу процесстерінің басталу сатысына әсер етеді. Малды қалыпты құнарлы және барлық көректі заттары тепе- теңдікте сақталған (баланс), жеткілікті рацион мен азықтандырмаған жағдайда, оларда азықтан болған күйзеліс (стресс) туады. Егер организмге кейбір өте қажетті көректі заттар жетпесе жартылай ашығу туады. Ал толық ашығу организмге белгілі бір уақыт ішінде ешқандай көрек сырттан түспейді де, дене өзінің тканьдардағы кейбір заттарды пайдалана бастайды. Мұндай жағдайда организм алдымен денедегі зат қорларын-глюкоген, әрі қарай мүшелердің майы жұмсала бастайды да, ең соңында организмнің энергиялық сұранысын толтыру үшін өз белогін пайдаланады. Сонымен ашыққан мал әуелі денедегі қант қорларын, одан соң май, ал ең соңында белоктарды жұмсайды. Ең әуелі бұлшық еттердің белоктары пайдаланып ал асқазан, өкпе, жүрек қантамырларының және нерв жүйелерінің белоктары жұмсалмайды. Жартылай ашыққанда организмге азық құрамы жағынан толықтай түскені мен мөлшері жағынан оның сұранысын қамтаммасыз етпейді. Жартылай ашыққан жас малдар, буаз және жоғарғы өнімді (сүтті) сиырлар өте төзімсіз келеді. Жас малдарда өсуі тежеліп, бұрынғы қалыпты дамыған мүшелердің толуы төмендейді. Жеткіліксіз азықтандыру малдың шағылысқа келуін төмендетіп, аналық малдардың қысыр қалуына апарып соғады.

Малдарды толық, құнарлы азықтар мен, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне (жасы, түрі, өнімі т.б.) сәйкестіріп көректендіру денсаулығын сақтап, төзімділігін арттырып, өнімділігін жоғарлатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет