Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Құрамында улы заттары бар өсімдіктер мен улану



бет50/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

5. Құрамында улы заттары бар өсімдіктер мен улану.

Кейбір өсімдіктер құрамында тұрақты немесе өсуінің бір сатысында пайда болатын химиялық улы заттар кездеседі. Ондай улы өсімдіктер өте кең тараған көптеген жерлерде, әсірісе орман іштерінде, сулы ойпаң шалғынды жерлерде, өзендер мен көлдердің жағалауындағы жайылымдарда, құрамында улы заты бар өсімдіктер көп болады. Малдардың улы өсімдіктер мен улануы, (фитотоксикоз) олардың жайылымда жүргенде де, қолда тұрып ондай өсімдіктерден дайындалған шөптерді, сүрлемді және дән қалдықтарын бергенде де кездеседі.

Малдар көбінесе улы өсімдіктерді жемейді, тек тақыр, өсімдігі аз жайылымдарда ашыққан кездерде жеп уланады. Жазғытұрым малдардың улануына көбінесе қауіп туғызатын сарғалдақ, шатыр тұқымдас өсімдіктер болса, ал жаздың құрғақ айларында сүттіген, табан жапырақты тұқымдастар болып саналады. Бұл өсімдіктерде ерекше химиялық уландыру қасиеті бар заттар (алколоид, гликозид, сапониндер, қышқылдар т.б.) болады.

Улы заттардың мөлшері өсімдіктердің өсу вегетациясы бойына өзгеріп отырады. Кейбіреуі гүлдену кезінде өте улы болса, кейбіреуі гүл ашудан бұрын немесе кейін уы артады. Сол сияқты ыстық, шөлді айларда өсімдіктердегі улы заттардың мөлшері салқын, дымқыл ауа райымен салыстырғанда аз болады. Тұзды, саздақ топырақты жерлерде қара топырақтыға қарағанда, улы өсімдіктер көп кездеседі. Қатты аяздан соң кейбір улы өсімдіктер қауіп төндірмейді. Өсімдіктегі улы заттардың түзілуі және жиналуы олардың өсуінің әртүрлі сатысында жүреді. Мысалы, ең улы бөліктері – жабайы сарымсақта – жас сабақтары, көк нарда – піспеген қауашықтары, арам шөп және қаңғыбастарда – дәндері, түйе ошағандарда алғашқы шыққан жапырақтары мен жемістері болып саналады.

Кейбір өсімдіктер (сарғалдық, сорго тұқымдас) тек көк кездерінде улы болып, кепкенде ол қасиетері жоғалады. Бірталай өсімдіктерде улы қасиеті жыл мезгілдерінде байланысты өзгерісте болады. Мысалы, қарақұйрық жидекті өсімдіктер көктем аяғы және жазда улы болса, күз бен қыс мезгілдерінде қойларға ешбір қауіпсіз болып саналады. Сасық мендуана жас кездерінде бойында улы заттар аз болып, жылдар өткен сайын улылығы жоғарлай береді.

Кейбір малдардың түрлері, басқа тұқымды малдарға қауіпті келетін өсімдіктерді ешбір уланусыз жей береді. Мысалы, ешкілер сүттігенді ешқандай қауіпсіз жей берсе, қойлар одан өліп қалады. Сол сияқты қояндарда сасық мендуана және жай мендуананы (белена) ешбір өзгеріссіз жей береді.

Малдардың өсімдіктер құрамындағы улы заттар мен улану кезіндегі ең басты сипаттайтын көрсеткіші болып, олардың аузынан сілекей ағу, іші кебу (тимпания), сіреспе, бағытсыз қозғалыстар, әлсіздік, шатқаяқ жүріс, тынысы тарылу т.б. болып саналады. Мұндай заттар мен улану, буаз малдардың іш тастауына ұшыратуы мүмкін.

Оларды әр органдарға тигізетін әсерлері бойынша бірнеше топтарға бөледі. Әсіресе басымырақ орталық нерв жүйелеріне (қара мендуана, жидек, қырық буын т.б.), ішек – қарын мүшелеріне (арам шөп, сүттіген т.б.), тыныс алу және асқорту жүйелеріне (сарбас арам шөп, қандала иісті т.б.), жүрекке (ландыш, тау гүлі, оймақ гүлді т.б.) әсер ететін өсімдіктер.

Мұндай өсімдіктер мен уланудан сақтандырудың жолдары, ойпанды, көгалды және басқа жайылымды жерлердегі улы өсімдіктерді жоғалту шараларын жасау болады. Бір және екі жылдық арам шөптерді жоюдың ең нәтижелі тәсілі болып, улы өсімдіктердің шығып бас салып келе жатқан кездерінде, гүлдерін жарып, дәні жиылғанша шауып тастау болып саналады. Алғашқы шабу көктемде, бірнеше малдардың жегенінен қалған арам шөптерді жойып, одан кейін олардың өсуіне байланысты жүргізіп отырады. Мұнымен қоса арам шөптерге қарсы гербицидтарды қолданады. Арам және улы шөптердің өсуін басып тастау және ортадан аластау үшін әртүрлі бағалы көп жылдық дәнді өсімдіктерді егіп отыру керек. Қысқы малды тұрғызып қолда ұстаған кезде улы шөптердің уландыру қаупі жоқ болса да, әр жанадан түскен шөп партияларының ботаникалық құрамдарын анықтап, зерттеулер жүргізу қажет. Шөптің құрамында улы өсімдіктердің мөлшері 1 %- дан жоғары болса, ондай шөпті малдарға беруге болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет