Дәріс №1. Білім беруді ақпараттандыру. Электрондық оқыту ұғымы Жоспары


Дәріс №5. Мектептің ұйымдастырушылық-басқару қызметін ақпараттандыру Жоспары



бет5/20
Дата18.12.2021
өлшемі1,1 Mb.
#103168
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
umkdfile(46539)
6-сын БЖБ Қазақстан тарихы
Дәріс №5. Мектептің ұйымдастырушылық-басқару қызметін ақпараттандыру
Жоспары:

1. Білім берудегі ақпараттық жүйелер.

2. Білім мен икемдіктерді бағалау жүйелері олардың теориялық негіздері мен практикада іске асырылуы.
Лекцияның мақсаты: білім беру көлемін асыру үшін оны автоматтандырудың негізін үйрету.
1. Педагогиканың әдістемелік тарихы оқу пәні ретінде қазіргі кезде өте бір қиын жағдайда тұр. Өйткені егер біз педагогикалық әдістемелік тарихты талдап шығатын болсақ, ол жағдайда бұл әдістердің өз заманының әлеуметтік, психологиялық және эканомикалық сұранысына сай болғанын көреміз [1].

Мысалы, ежелгі грекиядағы тәрбие әдісі бұл Спартандық және Афиналық тәрбие жүйесі болып табылады. Олардың әрқайсысында ерекше тәрбие жүйелерінің әдістері қалыптасқан болатын. Оның ерекшелігі мынадай жағдайларға байланысты болды: бір жағынан, құлиеленуші құрылыстың жалпы заңдылықтарымен, екінші жағынан, сол елдің даму ерекшеліктерімен байланысты. Спартандық және Афиналық тәрбие жүйелерінің айырмашылығы бұл мемлекеттердің эканомикалық - саяси дамуының және мәдениетінің кейбір ерешеліктерімен байланысты. Бұл екеуі де құлиеленуші мемлекеттер болғандықтан қоғамдық тәрбие жүйесі тек құлиеленушілердің балаларын оқыту мен тәрбиелеу істеріне мән берді [2].

Спартандық білім беру әдісі спартиат ( аристократ – құлиеленушілер) балаларын әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды құлиеленуші етіп тәрбиелеу болды. Өйткені ол дәуірде қоғамды басқару үшін дене күші жетілген, өте шыныққан адамдар керек болған.

Мемлекет балалар туғаннан бастап отбасы тәрбиесін бақылап отырды. Ақсақалдар жаңа туған балаларды тексеріп, тек дендері сауларын ғана әкесіне қайтарып берген, ал аурулары мен әлсіздерін өлтіріп отырған. Сол кезеңде бұл тәрбие әдісі ең алдыңғы қатарлы инновациялық әдіс болып саналған. Бұл тәрбие әдісі Спартандық тәрбие жүйесінің ерекшелектерін білдіреді .

Афиналық тәрбие әдісі. Афинаның жағрафиялық жағынан ыңғайлы орналасуының арқасында ежелгі Шығыс елдерімен сауда – саттық ісі ерте дамыды. Егін шаруашылығынан басқа онда қолөнер кәсібі жан-жақты дами бастады. Афина тәрбие ісі мен білім беру әдісінің мақсаты әскери жауынгер даярлау ғана емес, одан гөрі білімді, қабілетті, жан-жақты үйлесімді жастарды тәрбиелеу болды . Мұның себебі сол кезде Афина үшін дене күші жақсы дамыған адамдармен бірге интеллектуальдық деңгейі жоғары болған адамдар қажет болды. Өйткені бұл адамдар сол кезде қоғамның жан – жақты дамуын қамтамасыз ететін еді. Жаттығулардан тыс полестра мектебінде оқушылармен саяси және адамгершілік тақрыбында әңгімелер сұрақ – жауап түрінде өткізілді. Бұл әдістің тиімділігі соншалық, бұл әдіс бүгінге дейін қолданылады [3]. Сол кезең үшін бұл білім беру әдісі ең мықты инновациялық әдіс болып есептелді . Осы мысалдардың өзі тәрбие әдісінің бізді қоршап тұрған әлеуметтік-эканомикалық жағдайға тікелей байланысын көрсетеді.

Ал қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы жаһанданудың жеделдеуі білім беру әдістемесін жаңа инновациялық тәсілдер арқылы жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл талап қазіргі кезде ақпараттар көлемінің өте көптігімен және бұл ақпараттарды жедел қабылдау қажеттігінен туындап отыр.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты жоғарыда айтылған талапқа жауап беретін жаңа инновациялық әдістемені білім беру процесіне енгізу болып табылады.

Көлемді ақпараттарды жедел игеруді жүзеге асыру үшін білім беру әдістемелерін инновациялауды қажет етеді.

Бұл инновациялық әдістің негізгі ерекшелігі неде болу керек?

Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет жүйесі арқылы студенттердің алып жатқан ақпараттары қайшылықты мазмұнға ие болып, білім беру процесіне өзіндік кері әсерін тигізіп отыр. Бірақ та, білім беру процесінде бұл жағдайды талдау ерекше мәселе болып саналады.

Ал жоғарыда қойылған мәселені шешу үшін төменде жаңа инновациялық білім беру әдістерін ұсынып отырмыз. Бұл әдістерді біз «СШДЖ» (сызықтық, шеңбер, дөңгелек, жұлдызша ) әдістері деп атадық.

Бұл әдісті сабақ процесінде тиімді пайдалану үшін топтағы студенттерді интеллектуальдық деңгейіне қарай шартты түрде үш топшаға бөліп алуымыз керек: «жоғары» ,«орта» және «төмен» . Топ студенттерін осындай үш топшаға бөліп алған соң, төмендегідей төрт білім беру әдісінен: оқытудың «сызықтық» әдісі; оқытудың «шеңбер» әдісі; оқытудың « дөңгелек» әдісі; оқытудың «жұлдызша» әдісі пайдалану арқылы сабақтың сапасын арттыра отырып оң нәтижелерге қол жеткізе аламыз.

2. Бұл әдісті интеллектуальдық деңгейі және білім алуға ынтасы төмен топтарда пайдалану тиімді. Бұл әдістің ерекшелігі оқытушы сабақ тақырыбы бойынша 1- студентке сұрақ береді, студенттің жауабын өзі толықтырып 2-студентке екінші сұрақты береді, студенттің жауабын өзі толықтырып 3-студентке үшінші сұрақты береді, студенттің жауабын өзі толықтырып сабақтың соңына дейін тақырып сұрақтарына сәйкес тиісті жауаптар толық берілуіне қол жеткізіледі.

Мысалы, 1- студентке: дүниетаным немесе дүниеге көзқарас дегеніміз не? – деген сұрақ қоямыз. Студент: айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән - мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы – деп жауап берді делік. Оқытушы тарапынан, бұл жауапты: дүниетаным – бұл адамның дүниеге қарым - қатынасын анықтайтын және оның іс- әрекетінің бағыт- бағдарлаушысы мен реттеушісі болатын көзқарастардың, базалардың, қалыптар мен ұстанымдардың жиынтығы – деп толықтыруы арқылы сұрақ мазмұнын нақтылай аламыз және т.б.



Оқытушының сұрақтары

Бірінші сұраққа 1 - студенттің жауабы

Екінші сұраққа 2 - студенттің жауабы

Үшінші сұраққа 3 - студенттің жауабы
Оқытушы әр студенттің

жауабын толықтыру арқылы

тақырыптың мазмұнын игертуге

қол жеткізеді.


Сурет 1. «Сызықтық» әдісінің нобайы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет