Дәріс. 1: Әлеуметтік педагогика – білім саласы дәріс жоспары


Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толмаған жасөспірімнің (КТЖ) тұрмысын зерттеуге жүргізген алғашқы әлеуметтік педагогикалық



бет34/44
Дата08.02.2022
өлшемі96,54 Kb.
#118671
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы ӘП
Дәрістер жиынтығы ӘП, 1590813259367 (2), pdf 20230505 143044 0000
Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толмаған жасөспірімнің (КТЖ) тұрмысын зерттеуге жүргізген алғашқы әлеуметтік педагогикалық
АКТІ
1. Зерттелген күні:___________________________________ ік педагог, зерттеу жүргізушілер:
3. Кәмелетке толмаған жасөспірім аты-жөні: _________________
4. Кәмелетке толмаған жасөспірім жасы (туылған күні, туған жері): ______________________________________________________
5. Мекен-жайы, телефоны егер болса көрсетілген мекен-жайда уақытша тұрып жатса, қайдан, қашан келгенін көрсетуі және тұрғылықты жерге тұрғандығы жазады: ____________________________________________________________
6. Ата-анасы туралы мәлімет (қашан қайтыс болды, сотталған, ата-ана құқығынан айырылған, қайда және қайда тұрады, жұмыс істейді және т.б): ____________________________________________________________
7. Туыстары туралы мәлімет (аға-әпкелері, өзге туыстары, олардың аты-жөні, мекен-жайы, білімдері): ____________________________________________________________
8. КТЖ-ң білімі: бала-бақшаға, мектепке, кәсіптік мектептерге, техникумға, колледжге,
Аса қажет жағдайда әлеуметтік педагог отбасын диагностикалау әдісін пайдаланады. Отбасын диагностикалау – бұл әлеуметтік педагог жұмысындағы үнемі үдерісте болатын элементі. Қазіргі отбасылар құрылымы мен мінез-құлқы жағынан, әлеуметтік даму барысында үнемі өзгеріс үстінде. Сол себепті бұл жерде әлеуметтік-педагогикалық мониторинг әдісі қолданылады. Бұл – ғылыми дәлелденген әдіс. Басты принциптері: дәлдігі, толықтығы, ақпараттың жүйелілігі.
Әлеуметтік педагогтың әртүрлі санаттағы отбасылармен жүргізетін жұмысының әдістемесі.
Типология, нормативті және нормативті емес дағдарыстарды шешу және оның реттеушісі ретінде:
- отбасы құрылымы жүйесі өзара қарым-қатынастардың жаңа моделін табуға мүмкіндік береді. Ол икемді, жеткілікті, отбасы мүшелерін өз сезімдері мен қалауларын көрсете алу үшін тиімді болып табылады және барлық проблемаларды өзара талқылайды;
- негізгі күш келісімге бағытталған отбасы және
- басшы мен көшбасшыға бейбіт түрде бағыну кез келген кикілжіңнің алдын алады, ішкі әлемдегі ауызбіршілікті сақтап қалады;
- өзара қарым-қатынас дағдарысқа алып келетін тоқтаусыз кикілжің мен конфликтке бағытталған отбасы.
Құрылымдық жағдайы бойынша отбасының типологиясы:
- жетілген құрылымды;
- жетілмеген құрылымды – кикілжіңді отбасылар.
Отбасы мүшелеріне десоциалды спецификалық әсер етуді ескеретін отбасының типологиясы:
1. нақты десоциалды отбасылар:
- криминалды-аморальды отбасылар;
- асоциалды-аморальды отбасылар. Бұндай отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс:
- ПДН-мен жұмыс;
- Әлеуметтік патронаж;
- Балаларды әлеуметтік-құқықтық қорғауға алу.
2. жанама десоциалды отбасылар – кикілжіңді, педагогикалық дамымаған отбасылар:
- кикілжіңді;
- тыныш.
Тәрбиелік қателіктері бар типтегі отбасының типологиясы:
- прогрессивті-жанға жайлы мінез-құлықты тәрбие;
- айналымды қорғанышты ұстанымдағы тәрбие;
- жариялылы стильдегі тәрбие;
- педантивті-күдікті тәрбие;
- қатал авторитарлы тәрбие;
- үйреншікті тәрбие;
- оқшауланған-немқұрайлы тәрбие;
- “отбасы кумирі” типіндегі тәрбие;
- Болашағы жоқ тәрбие.
Көпбалалы отбасылар: үш немесе одан да көп баласы бар және оның түрлері:
- балаларын жақсы көретін және оларды шын ниетімен қалаған отбасылар;
- көп балалы болатынын күтпеген отбасылар;
- екі толық емес отбасының қосылуынан пайда болған отбасылар;
- көпбалалылықтың нәтижесінен жағдайы нашар отбасыға айналған отбасылар.
Әлеуметтік патронаж бен бақылаудың әдістемесі:
Әлеуметтік патронаж – отбасы 24 сағат тәулік бойы әлеуметтік педагогтың бақылауында болады. Әлеуметтік патронаждың мерзімі 4 айдан 9 айға дейін.
Әлеуметтік педагогтың патронажды отбасымен жүргізетін жұмысының кезеңдері:
- Танысу. Отбасымен келісімге отыру.
- Отбасына үйренісу. Дағдарыстан шығу жолдарын құрастыру және бейімделуді қолдау.
- Отбасы жайлы мағлұмат жинау.
- Отбасы жайлы ақпарат.
- Отбасын әлеуметтік оқшауланудан шығару. Жұмыстағы жоспар мен шарт және отбасын анализдеу.
- Отбасынан шығу.
Отбасын бақылаудың формалары:
- Ресми;
- Ресми емес.
Отбасын бақылаудың объектісі – ресми кеңестерді, нормативті акттерді орындау.
Отбасына кеңес берудің әлеуметтік-педагогикалық әдістемесі:
Отбасына кеңес беру –үлкендер мен бала арасындағы кикілжіңдер мен әлеуметтік проблема туған жағдайда әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру болып табылады.
Әлеуметтік педагогтің ата-аналармен жүргізетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Ол отбасындағы жағдайлар туралы толық
мәлімет ала отырып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналарымен ынтықмақтасады, оларға кәсіби-педагогикалық көмек көрсетеді.
Педагог пен ата-ананың үнемі ынтымақтаса отырып, әр кезеңде атқаратын міндеттерінің бірі - ата-ананың педагогикалық белсенділік бағытын қалыптастыру болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс жабық үйрету сипатына ие болады. Әлеуметтік педагог отбасы тәрбиесінің үлгілі, оның тәжірибесіне сүйенеді; оны жан-жақты зерттеп, жинақтап, таратады; оңды ой-пікірлерді күшейтіп, оң-терісін реттеп тәрбие процесінде пайдаланады.
1. Тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара сенімділік қарым-қатынастары оңды бағытталған, бірігіп ықпал етудің шешуші және алғашқы шарты болып табылады. Ата-аналардың тәрбиеге көзқарасын жандандырып, табысқа жетуге қажеттілік және өз күшіне сенімділік тудыру үшін дұрыс байланыс орнатудың маңызы зор.
2. Әлеуметтік педагогтың неғұрлым маңызды міндеттірінің бірі - ата-аналарды педагогикалық білім мен дағдыға, оның теориялық және практикалық ықылымдарын меңгеруіне, әсіресе тәрбиені ұйымдастыру шеберлігіне жетілдіру болып табылады. Жұмыла педагогикалық әрекет етудің мұндай нәтижесі ата-аналардың өз баласына ғана емес, сонымен қатар біртұтас сынып оқушыларын тәрбиелеу белсенділігіне әкеледі. Әлеуметтік педагог пен ата-ана әріптестер ретінде бірін-бірі толықтырады.
Әлеуметтік педагогтің отбасымен өзара бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы:
- өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасы мен туысқандарын зерттеу.
- өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге қажетті ата-аналардың адамгершілік әлеуметтік мүмкіндіктер принципіне қарай отбасыларын топтарға бөлу;
- халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;
- өзара тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді зерттеу;
- баланың отбасын зерттеу, оның өмір сүру қағидаларын, көпқұрылымдығын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын, тәрбие мүмкіндіктерін, оқушының ата-аналарымен қарым-қатынасын терең түсіну; әлеуметтік педагогтың отбасына ештене жақындуына мүмкіндік тудырады.
Сонымен



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет