Жалпы ұйқы артериясы, arteria communis carotis оң жағында иық-бас сабауынан, сол жағында қолқа доғасынан шығады, кеңірдек пен өңештің жаны мен жоғары қарай жүреді. Оң жағы сол жағынан қысқалау, өйткені сол жақ ұйқы артериясы екі- кеуде және мойын бөлігінен, ал оң жақ ұйқы артериясы тек 1 мойын бөлігінен тұрады. Жалпы ұйқы артериясы қалқанша шеміршек немесе тіл асты сүйегі деңгейінде соңғы екі тармағына бөлінеді. Қан тоқтату үшін жүзік тәрізді шеміршектің төменгі деңгейінде жалпы ұйқы артериясын VI-шы мойын омыртқасына батырып қысады.
Сыртқы ұйқы артериясы.
Бас пен мойынның сыртқы бөліктерін қанмен жабдықтайды. Ол басталған жерінен жоғары көтеріліп, құлақ асты безін тесіп өтіп, төменгі жақ өсіндісінің мойнында ақырғы 3 тармаққа бөлінеді:
1. алдыңғы;
2. ортаңғы;
3. артқы.
Алдыңғы топ.
1. Жоғарғы қалқанша артериясы. Қалқанша безге келіп, басқа қалқанша артериясымен қосылады. Жолында жоғарғы көмей артериясымен бірігеді.
2. Тіл артериясы. Тіл асты сүйегінің үлкен мүйіздері деңгейінен шығып, пирагов үш бұрыш арқылы жоғары өтіп, тілге келеді. Оған кіргенге дейін 3 тармаққа бөлінеді:
1. тіл асты сүйегі;
2. таңдай бадамшасы;
3. тіл асты безі.
3. Бет артериясы. Тіл артериясынан жоғары, төменгі жақ бұрышы деңгейінен шығып, шайнау бұлшық етінің алдыңғы жиегі тұсында төменгі жақтың жиегінен иіліп, бетке өтеді. Оны шайнау бұлшық еті алдында төменгі жақ сүйекке қысуға болады. Жұтқыншаққа, жұмсақ таңдайға, таңдай бадамшасына, төменгі жақ асты безімен ауыз көк етімен сілекей бездеріне, жоғарғы, төменгі еріндерге тармақтар береді.
Артқы топ.
4. Шүйде артериясы. Желке аймағындағы тері астына келіп, төбеге дейін тармақталады, өз жолында бұлшық еттерге, құлақ қалқанына, артқы бас сүйек шұңқырындағы мидың қатты қабағына тармақтар береді.
5. Артқы құлақ артериясы. Жоғары және артқа жүріп, құлақ қалқаны артындағы теріге өтеді. Құлақ қалқанында, шүйде терісімен бұлшық еттерінде дабыл қуысына таралады.
Достарыңызбен бөлісу: |