Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет39/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

1. Құрсақ сабауы XII-ші кеуде омыртқасының тұсында іш қолқасынан шығады, өте қысқа,бірақ жуан артерия. Одан үш тармақ басталады:
1. Сол жақ асқазан артериясы;
2. Жалпы бауыр артериясы;
3. Көкбауыр артериясы.
I. Сол асқазан артериясы – асқазанның кіші иінін қанмен қоректендіріп, оң асқазан артериясымен қосылады.
2. Жалпы бауыр артериясы – бірнеше тармақтар шығады:
Меншікті бауыр артериясы – қақпа венасымен бірге бауыр қақпасы арқылы оның ішіне кіріп, оң және сол үлес артерияларына, кейін сегменттердің, үлесшелердің және үлесшеаралық артерияларға тармақталып, бауырды қанмен қоректендіреді.
Өтқуық артериясы – өт қапшығын;
Оң асқазан артериясы – асқазанның үлкен иінін қанмен қоректендіріп, сол асқазан артериясымен анастомоз жасайды.
Асқазан - он екі елі ішек артериясы – асқазанды, он екі елі ішекті, ұйқы безінің басын қанмен қоректендіреді;
Оң асқазан - шарбы артериясы.
Артқы жоғарғы ұйқы безі – он елі ішек артериясы – ұйқы безін, он екі елі ішекті қанмен қоректендіреді;
Алдыңғы жоғарғы ұйқы без – он екі елі ішек артериясы – ұйқы безін, он екі елі ішекті қанмен қоректендіреді;
Он екі елі ішек үсті артериясы, a. supraduadenalis;
Оң бауыр артериясы, a. hepatica dextra;
Сол бауыр артериясы, a. hepatica sinistra;
3. Көкбауыр артериясы – ұйқы безінің денесін жағалап өтіп, тармақтарға бөлінеді. Көкбауырдың қақпасы арқылы паренхимасына кіріп, оны қанмен қоректендіреді. Көкбауыр артериясынан асқазанды, шарбыны, ұйқы безін қоректендіретін қысқа қан тамырлары шығады. Көкбауыр артериясының тармақтары:

  • Сол асқазан – шарбы артериясы.

  • Қысқа асқазан артериялары.

  • Көкбауырлық тармақтар.

  • Ұйқы безінің артқы артериясы.

II. Жоғарғы шажырқай артериясы – іш қолқасынан XII-ші кеуде, I-ші бел омыртқасының тұсында құрсақ сабауынан төмен басталып, төменге және оңға қарай бағытталады. Жоғарғы шажырқай артериясы ұйқы безінің денесі мен 12 елі ішектің төменгі бөлігінің арасынан өтіп, жіңішке ішектің шажырқай майының арасына кіріп, оң жақтағы мықын шұңқырына жетеді. Өзінің өткен жолында төмендегі тармақтарды шығарады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет