Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


Төменгі ұйқы без – он екі елі ішек артериялары



бет40/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

Төменгі ұйқы без – он екі елі ішек артериялары – ұйқы безі мен 12- елі ішекті қанмен қоректендіреді.
Аш ішек, мықын ішек артериялары, a. jejunalis a. ilеі;
Ортаңғы жиектік артерия, a. colica mediа-жоғарылаған тоқ ішектің жоғарғы бөлігін, көлденең тоқ ішекті қоректендіреді.
Оң жиектік артерия –тоқ ішекті қанмен қоректендіреді.
Жоғарғы шажырқай артериясы ұйқы безін, он екі елі ішекті, жіңішке ішекті, ащы ішекті, тоқ ішектің соқыр ішек пен құрт тәрізді өсіндісін, жоғарылаған, көлденең тоқ ішектерді қанмен қоректендіреді.
Төменгі шажырқай артериясы –іш қолқасынан II бел омыртқасының тұсында, жоғарғы шажырқай артериясының төменгі жағынан басталады.Оның тармақтары:
Сол жиектік артерия – көлденең тоқ ішектің сол бөлігін, төменге бағытталған тоқ ішекті қанмен қоректендіреді.
Жоғарғы тік ішек артериясы – тік ішектің жоғарғы және орта бөліктерін қанмен қамтамасыз етеді. Жоғарғы тік ішек артериясы кіші астаудағы ішкі мықын артериясының тармақтарымен қосылғанда анастомоздар пайда болады.
Тік ішек-сигма тәрізді ішек артериясы, a. rectosigmoidea.
Іш қолқасының жұп тармақтары:
1. Ортаңғы бүйрек үсті безі артериясы –қолқадан басталып, бүйрек үсті безіне келеді.
2. Бүйрек артериясы – ірі жұп артерия, II-ші бел омыртқаның тұсында, жоғарғы шажырқай артериясынан 1-2 см-дей төменіректе іш қолқасынан шығып,сәйкес бүйректің қақпасына келеді.
3. Оң, сол несеп ағар тармақтары – несеп ағарға келеді.
4. Атабез артериясы (әйелдерде анабез артериясы) – бүйрек артериясынан төмендеу жатқан жіңішке ұзын сабау, атабезді қоректендіреді. Кейін атабез ұмаға түскенде сонымне бірге олда ұзарады. Әйелдерде анабез артериясы кіші жамбас астауына, одан әрі анабезге келеді.
Іш қолқасының қабырғалық тармақтары:
1. Төменгі көкет артериясы – көкеттің белдік бөлімін қоректендіреді, бүйрек үсті безіне тармақтар береді.
2. Бел артериялары – әр жағында 4-ден болады, бел омыртқаларды, жұлынды, бел мен іш аймағындағы бұлшық еттерді және теріні қоректендіреді.
3. Орталық сегізкөз артериясы.
4. Жалпы мықын артериясы.
ДӘРІС №28


ТАҚЫРЫБЫ: Аяқтың артерия қантамырлары.Сан,тақым,алдыңғы асық жілік,арттқы асық жілік артерия қантамырлары,оларды тұспалдау және бұтақтары.Табан артерияларының доғасы.Үлкен қанайналым шеңберінің вена қантамырлары жоғарғы және төменгі қуыс вена қантамырлары.Жеке мүшелердің қантамырлары құрылыс ерекшеліктері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет