Жұлын нертерінің артқы тармақтары омыртқалардың көлденң өсінділері арасымен шығып, артқа қарай кетеді. Олар желке терісін, мойын мен арқаның артқы бетін, сондай-ақ терең арқа бұлшықеттерін нервтендіретін медиалды және латералды тармақтарға бөлінеді. I - ші мойын нервінің артқы тармағы - желкеасты нерві желкенің қысқа бұлшықеттерін нервтендіреді (қимылдатқыш). II - ші мойын нервінің артқы тармағы ауыз омыртқаның артқы доғасы мен II - ші омыртқаның арасынан шығып, бұлшықеттерді тесіп өтіп, теріасты тармаққа айналып, бастың шүйде аймағын нервтендіреді.
Кеуде нервтерінің артқы тармақтары аутохтонды бұлшықеттерге тармақ-тар береді. 3 жоғарғы бел және сегізкөз нервтерінің терілік тармақтары бөксе аумағындағы теріге барады.
Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары.
Дененің алдыңғы қабырғасының терісі мен бұлшықеттерін және қол-аяқтарды нервтендіреді. Жұлынның алдыңғы тармақтарының тек кеуде бөлігі ғана сегменттік қасиетін сақтайды, басқа бөлімдерінде алдыңғы жұлын тармағынан шығатын талшықтар айқасып, өрімдер түзеді. Нерв өрімдері, plexus, әртүрлі талшықтардың алмасуы арқылы түзіледі. Әр жұлын нервісінің алдыңғы тармағы бірнеше шеткі нервтерге өз талшықтарын береді. Жұлынның алдыңғы тармақтарының үлкен 3 өрімі бар : мойын, иық және бел - сегізкөз. Бөл - сегізкөз өрімі бел, сегізкөз және құйымшақ өрімдері болып бөлінеді.
Мойын өрімі, plexus cervicalis, 4 жоғарғы мойын нервтерінің (С1 -Сiv ) алдыңғы тармағынан түзіледі. Алдыңғы жағынан өрімді төс- бұғана - емізікті бұлшықет жауып тұрады. Өрімнен шығатын тармақтар 3 топқа бөлінеді: терілік, бұлшықеттік және аралас.
Терілік тармақтары : 1) Кіші шүйде нерві- шүйденің латералды бөлігінің терісіне барады.
2) Үлкен құлақ қалқаны нерві – құлақ қалқаны мен сыртқы есту тесігін нервтендіреді.
3) Көлденең мойын нерві – мойын терісін нервтендіреді.
4) Бұғана үсті нерві – үлкен кеуде және дельта тәрізді бұлшықеттердің үстіне келеді.
Мойын өрімінің бұлшықеттік тармақтары қозғалтқыш талшықтарға жатады. Ол мойынның тереңдегі бұлшықеттерін, бас ми нервінің XII жұбымен бірге тіласты сүйегінен төмен жатқан мойынның беткей бұлшықеттерін нерв - тендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |