1) Кіші жіліншік нерві - шонданай - үңгір бұлшықетін, буылтық - кеуекті бұлшық етті, санның ішкі терісін нервтендіреді. Соңғы тармақтар еннің артқы жағы немесе үлкен жыныс ернінің терісін нервтендіреді.
2) Дорсалды жыныс мүшесі нерві аттас артериямен қосарланып, көлденең терең жіліншік және несеп шығаратын өзек қысқаша тармақтар беріп, жыныс мүшесі( немесе клитор) басының терісіне таралады.
Ұзын тармақтар: 1. Санның артқы терілік нерві - жамбас астауынан шонданай нервімен бірге шығып, сосын төмен қарай үлкен бөксе бұлшық еті астымен санның артқы бетіне келеді. Медиалды жағынан санның ішкі терісіне тармақтар береді. Санда артқы бұлшық еттердің бетінде орналасып, төмен қарай тақым шұңқырына түсіп, сан мен сирақтың артқы жағының терісіне көп тармақ береді. 2. Шонданай нерві, n.isciadicus - бүкіл дене нервтерінің ең ірісі, барлық түбіршіктерінің талшықтары бар сегізкөз өрімінің тікелей жалғасы, ол үлкен шонданай тесігі арқылы жамбас астауы қуысынан шығып, үлкен бөксе бұлшық етімен жабылады, осы бұлшықеттің төменгі жиегінен шығып, санның артқы бетіне сирақ бүккіштері астымен төмен түседі, тақым шұңқырында екі тармаққа бөлінеді:
1. Асықты жілік нерві - жуандау медиалды.
2. Жалпы кіші жіліншік нерві - жіңішке латералды.
Шонданай нерв тармақтары: 1) бұлшық еттік тармақтар - санның артқы бұлшық еттеріне, тізе буынына барады.
2) n.tibialis, асықты жілік нерві, тақым шұңқыры ортасында аттас тамырлармен бірге тік төмен түсіп, медиалды толарсаққа жетеді, оның артында соңғы тармақтарына бөлінеді. Тақым шұңқырында одан бұлшық ет тармақтары және тізе буынына бірнеше тармақ шығады және ол ұзын тері тармағын береді. Ол венамен бірге төмен түсіп, сирақтың медиалды бетінің терісін нервтендіреді.
ДӘРІС №36
ТАҚЫРЫБЫ: Бас ми жүйкелері (I-VI жұп бас ми жүйкелері) құрылысы.
Бас ми жүйкелері nn.craniales (encephalici) 12 жұп : І - иіс сезу нерві, , ІІ – көру нерві, ІІІ – көз қозғалтқыш нерв, IV- шығыршық нерв, V – үшкіл нерв, VI – әкететін нерв, VII – бет нерві, VIII – кіреберіс- ұлу нерві. ІХ – тіл-жұтқыншақ нерві, Х – кезбе нерв, ХІ – қосымша нерв, ХІІ- тіласты нерві. Бас ми жүйкелері шеткерідегі жүйке жүйесіне жатады. Бұл жүйкелер нейрондардың өсінділерінен түзіледі.
Бас ми нервтерінің жұлын нервтерінен ерекшеліктері бар, бұл негізінен ми мен бастың жұлын мен тұлғаға қарағанда басқаша дамуына байланысты : жұлын нервтерінің алдыңғы және артқы түбіршіктері бір-бірімен қосылып кетеді, ал бас ми нервтері бас аймағында ешқашан бірге қосылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |