«Зияткер ұлт -2020» ұлттық жобасының негізгі бағыттары:
•
- білім беру жүйесін жаңашылдық тұрғыда дамыту;
- білім беру жүйесін, жалпы қоғамды ақпараттандыру;
- тұлғаның, болашақ ұрпақтың ұлттық мәдени құндылықтарын қалыптастыруға негізділген рухани - адамгершілік тәрбие.
•
Интеллект - ақыл, ақыл-парасат, ес, түсінік, таным – ойлау қызметінің жоғарғы типі.
•
Зияткерлік – адамның табиғат берген ой, сана, тану, ақыл, парасат секілді қасиет-қабілеттерін оқу, білім алу, тәжірибе жинақтау арқылы жетілдіруі, оны өзін және қоғамды дамыту үшін және жаңа жағдайларға сай бейімдеп қолдана алу қабілеті.
Қабілеттілік
дарындылық
талант
феномен,
дарынды балалар,
қағидалар,
заңдылықтар,
Жүйе
педагогикалық ұжым.
Зияткер тұлға – өмірдің кез келген ағымында пікірлесе алатын, жаңашылшығармашылық тұрғыда өзіндік білім алуға дайын, интеллектуалды қабілеті дамыған тұлға.
•
•
Зияткер әлеуетті тұлға – адамгершілік және ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа және арнайы мамандандырылған білім көздерін жоғары дәрежеде игеру арқылы пайда болған білім, білік, құзыреттерді өзінің, ұлты мен Отанының мүддесіне жарата алатын дара тұлға.
Зияткер ұлт – интеллектуалды
тұрғыдан адамгершілік, мәдени қасиеттерді меңгерген өзінің ғылыми, мәдени, білімі мен білігін еркін тарату әлеуетіне ие бәсекеге қабілетті ұлт. Интеллектуалды ұлтты қалыптастыруда біздің міндетіміз интеллектуалды тұлғаны, болашақ маманның зияткерлік әлеуетін қалыптастыру.
•
Зияткерлік әлеует – зияткерлік іс-әрекеттің барлық түрлерін, оның субъектілерін, ғылымды, білімді, жаңашылдықты біріктіретін интегративті ұғым, ең алдымен, қоғамның зияткерлік ресурсы болып табылатын үздіксіз білім беру жүйесінде (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім, арнайы білім, жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім) қалыптасады.
•
Зияткер ұлттың негізгі индикаторлары тұлғаның жалпы тұрмыс жағдайы, білім алуға және ғылыммен айнылысуға қолжетерлігі (әрбір тұлға алған білімін ертеңгі кәсібіне жаратуы тиіс), жұмыспен қамтылуы, денсаулығы, еңбек табысы, медицинамен қамтамасыз етілуі, т.б.
•
•
|