Дәріс Конфликт жайлы көзқарастарға тарихи шолу


Дәріс 4. Конфликт динамикасы және механизмдері



бет9/28
Дата26.10.2023
өлшемі375,5 Kb.
#188300
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
Лекция 15-16ж.«Психологиялық-педагогикалық конфликтология негіздері» (1)
Ашық сабақ, Матрица мүдделі тарап

Дәріс 4. Конфликт динамикасы және механизмдері.

Жоспар:


  1. Конфликттік жағдаят.

  2. Әлеуметтік қысым.

  3. Конфликт қатысушыларының психологиясы.

  4. Конфликттің дамуы.

Дәріс мазмұны:


1. Конфликттік жағдаят.
Конфликтік жағдаят дегенде әлеуметтік субъектілер арасындағы шынайы тайталасқа объективті түрде негіз болатын жағдайлардың тоғысуын түсінуге болады. Еңбек ұжымдарындағы түрлі конфликтік жағдаяттарды талқылай келе, Ф.М. Бородкин мен Н.М. Коряк /1/ ұйымдардағы конфликтерге негіз болатын кейбір себептерді былайша топтастырды:

  1. Ұйымның құрылымдық бөлімшелері арасындағы технологиялық байланыстың айқын еместігі;

  2. Түрліше бұйрықтар беретін бастықтардың көп болуы.

  3. Бір бастықтың қол астындағы адамдарының көп болуы басқарудағы ретсіздікке түрткі болады.

  4. Жауапкершілікті бір-біріне арту жалпы жауапсыздық жағдайына себеп болады.

  5. Бірқатар қызметкерлердің жеке және іскерлік қасиеттерінің төмен болуы.

Мұндай жағдайлар себебінен ұжымда конфликтік жағдаят оңай туындауы мүмкін. Бұл тізімге мекемеде басқару жүйесін қайта ұйымдастыру, штатты қысқарту, еңбек ақысын төлеудегі қиындықтар және т.б. туралы жоғарыдағы органдарға нұсқау беру секілді шиеленістерді тудыратын факторларды қосуға да болады.

2. Әлеуметтік қысым.


Әлеуметтік қысым қоғамдық таным және мінез-құлық жағдайын, шындықты бағалау және қабылдаудың ерекше жағдайын білдіреді. Әдетте бұл жағдай конфликтке тән. Әлеуметтік шиеленіс масштабы, негізінен, конфликт масштабымен салыстыруға келеді. Қоғамдағы тұлғааралық, топаралық, ұлтаралық шиеленіс туралы немесе жаһандық шиеленіс туралы сөз қозғауға болады. Орыс тілі сөздігінде шиеленіс ұғымы қандай да бір қарым-қатынас жағдайының тынышсыз әрі қолайсыздыққа ұшырататын қауіп-қатерімен түсіндіріледі. Құқық, әлеуметтану, психология, әлеуметтік философия бойынша еңбектерді талдау келе, біз әлеуметтік шиеленістің қысқа әрі нақты түсініктемесін беруге тырыстық.
Әлеуметтік қысым табиғи немесе әлеуметтік орта қысымынан туындаған және барынша ұзақ уақыт бойы созылатын топтың немесе қоғамның эмоционалды жағдайын толығымен білдіреді. Адамдардың қарапайым жағдайы табиғаттың бақылауға көнбейтін әсерлерінен күрт өзгереді: климаттың өзгеруі, ресурстардың жойылуы, жер сілкінісі, т.б.
Әлеуметтік қысым кез келген қоғамдық құбылыс секілді нақты бір орын, уақыт және жағдайлар үйлесімінде әрекет ететін жалпы алғышарт пен локалды себептерге ие.
Қысымның жалпы алғышарттарына наразылықтың жинақталуына, психологиялық шаршау мен ашуланшақ мінездің артуына, жеке топтар мен индивидтердің агрессияшылдығының өсуіне алып келетін қажеттіліктер, мүдделер, тұрғындардың барлық жиынын немесе белгілі бір бөлігін әлеуметтік тұрғыдан күту және оларды қамтамасыз ету шаралары арасындағы келіспеушілік жағдаятының тұрақты әрі ұзақ уақыт бойы шешілмеуі жатады.
Басқа сөзбен айтар болсақ, мәселе конфликтік жағдаяттың тұрғындар санасында бейнеленуі туралы болмақ.
Әлеуметтік қысым кемінде екі түрлі жағдайда туындайды:

  1. Көптеген адамдар басында өздерінің әлеуметтік, экономикалық, саяси, ұлттық, мәдени немесе қандай да бір өмірлік маңызы бар қажеттіліктер, мүдделер мен құқықтарын қанағаттандыру үдерісінің қауіпті екенін немесе тіпті мүмкін еместігін күңгірт түсінген жағдайда;

  2. Салыстырмалы тұрғыда бастапқыда қоғамдағы орын алған жағдай негізінде өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және өз мүдделерін жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ адамдардың шағын бір тобы қоғамда қанағаттанбау, қорқыныш, торығушылық және т.б. көңіл күйді тарата отырып, анық (алдамшы) кедергілерге немесе өз құқықтарына шынайы (ойластыра отырып) шек қоюға қарсы күреске түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет