Евразия Аграрлық Колледжі
Реферат
Тақырыбы:Қазақстанның соңғы 2 жылдағы еңбек нарығы.
Орындаған:Ибраймхан Әйгерім ЕА-209
Тексерген:Тұралық Маржан Жетпісқызы
2020 жылы əлем əр экономикаға, əр кəсіпорынға жəне əр адамның өміріне əсер еткен бұрын-соңды болмаған дағдарысқа тап болды. COVID-19 пандемиясы кенеттен басталды жəне оны болжау мүмкін емес, əлі күнге дейін экономикалық белсенділік, ең алдымен, елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болып тұр. .
Болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге мəжбүр болған еңбек нарығы да осындай "соққыға" дайын болмады. Көптеген кəсіпорындарда штатты қысқарту немесе қызметкерлерді мерзімсіз демалысқа жіберу, жұмыс уақытын қысқарту немесе қызметкерлерді қашықтықтағы жұмыс форматына ауыстыру қажеттілігі туындады.
2020 жылдан бастап дағдарыс кезеңінде азаматтарды жұмыспен жəне жалақымен қамтамасыз ету үшін Жұмыспен қамтудың жаңа екі жылдық жол картасы іске асырылуда. Осы бағдарламаның арқасында өткен жылы 6,7 мың əлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылым, ТКШ жəне бүкіл ел бойынша елді мекендерді абаттандыру жобаларын іске асыруға бағытталған 239 мың адамды жұмысқа орналастыруға қол жеткізілді.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға жəрдемдесу шараларымен 663 мың азамат қамтылды, оның ішінде 319 мың адам тұрақты жұмыс пен қамтылды. Ағымдағы жылы кемінде 700 мың адам оқыту, жұмыспен қамтуға жəрдемдесу жəне бизнеске тарту арқылы жұмысқа орналастыру жəне олардың табыс деңгейін арттыру бойынша қолдау алады. Қабылданған шаралардың арқасында жұмыссыздық 4,9% деңгейінде сақталды. .
Ағымдағы жылдың шілде айында жұмыспен қамтудың икемді нысандарының таралуымен Еңбек Кодексіне қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің құқықтарын жəне реттеуді жетілдіруге бағытталған түзетулер енгізілді. .Бүгінде Қазақстан коронакризис салдарынан қалпына келтіру жолында.
Қазіргі уақытта əлемде əлеуметтік, технологиялық, экономикалық, экологиялық жəне саяси сипаттағы жаһандық трендтердің ықпалында,оның ішінде əлемдік еңбек нарығының дамуына ықпал ететін өзгерістер болып жатыр. COVID-19 пандемиясынан туындаған бұрын-соңды болмаған дағдарыс болып жатқан өзгерістерді тездетті.Бұл өзгерістердің маңыздылығы олардың өздерінде емес, еңбек нарығының барлық қатысушылары – жұмыс берушілер, азаматтар, үкімет – үшін жұмыс орындарын құру, қауіпсіздік жəне жұмыс күшінің кəсіби құрылымы тұрғысынан туындайтын салдарларда жатыр.
Жастар арасындағы жұмыссыздық ықтималдығы 25 жəне одан жоғары жастағы ересектерге қарағанда 3 есе жоғары. Мысалы, соңғы бірнеше айдың ішінде COVID-19 дағдарысы əсіресе жас тұрғындарға қатты əсер етті, бұл олардың жұмыс орындарының 8,7% - ын жоғалтуға əкелді, бұл ересек еңбекке қабілетті адамдарға қарағанда 2 есе көп. Нəтижесінде əрбір алтыншы жас жұмысшы жұмысын тоқтатты. Қазақстанда жастардың өсуі есебінен алдағы 5 жылда еңбек нарығындағы қысым да күшейеді.
Қазақстанның жұмыс істейтін халқының жас құрылымына келетін болсақ, бүгінгі еңбек нарығының негізгі сегменті (85%) X (1965-1980 жж арасында дүниеге келгендер) жəне миллениалдар(1981-1997 жж аралығында дүниеге келгендер) ұрпағынан тұрады, бұл жұмысқа орналасудың тұрақтылығы жұмыс жайлылығынан əлдеқайда маңызды болып табылатын, жұмыспен қамтудың икемді кестесі мен еркін атмосфераны бағалайтын прагматик-карьеристер арасындағы тығыз интеграцияны көрсетеді.
БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының деректеріне сəйкес Қазақстанда еңбекақы төлеудегі гендерлік алшақтық 32%-ды құрайды.
Қазіргі дағдарыс жаңа құндылықтар мен еңбек қатынастарының нысандарын қалыптастыруға серпін берді. Жұмыспен қамтудың икемді нысандары мен сандық еңбек тұғырнамалары кеңінен жəне барлық жерде қолданыла бастады, соның арқасында бұрын еңбек саласында адамдар үйде немесе өздеріне ыңғайлы жерде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Қызметкер тапсырманы қалай, қайда жəне қай уақытта орындауға шешім қабылдағаннан гөрі, белгіленген мерзімде «нəтиже беру» маңызды. Нəтижесінде бұл еңбек нарығында барлығына тең құқық беретін алуан түрлі жəне инклюзивті жұмыс ортасының дамуына əкелуі тиіс. Алайда, жұмыспен қамтудың осындай жаңа нысандары үшін азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жəне олардың əлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету үшін тиісті құқықтық негіз дайындау қажет. .
Еңбек нарығындағы өзгерістерге алып келетін ағымдағы жаһандық үрдістер ұлттық ерекшеліктер болса да, Қазақстан үшін де өзекті екенін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатында ел қазіргі сын-қатерлерді ескеріп, болып жатқан өзгерістерден туындайтын жағымсыз салдардың алдын алу үшін мемлекеттік саясатты бейімдеу қажет. Жұмыс орындарын құруды ынталандыру, кəсіптік бағдарлау жүйесін дамыту жəне жұмыспен қамтуға жəрдемдесу есебінен автоматтандыру салдарынан ауыстырылатын жұмыс күшін жұмысқа орналастыру үшін мүмкіндіктер жасау қажет болады.
Жоғары біліктілікке деген жоғары сұраныс жəне дағдылардың тез ескіруі білім берудегі түбегейлі өзгерістерді талап етеді: «жұмсақ» дағдыларға бағдарлау, бүкіл мансап бойында жеке үздіксіз оқыту жəне қайта оқыту, білім берудегі практикалық компонентті дамыту.Технологиялық өзгерістер кірістерден гөрі өнімділіктің тез өсуіне əкеледі. Бұл кəсіптік даярлау бағдарламаларын дамыту жəне еңбек нарығының инклюзивтілігін арттыру арқылы, əсіресе халықтың осал топтарында табыстың төмендеуін/жоғалуын болдырмау үшін шешімдер əзірлеуді талап етеді. .
Еңбек нарығы мен оның институттарын дамыту бойынша дұрыс құрылған саясат экономиканың жедел өсуіне жəне қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізуге алып келеді.
Қазақстанда 2020 жылғы дағдарыс салдарынан экономика бойынша қызметкерлердің жұмыс істеген уақыты өткен жылмен салыстырғанда тұтастай алғанда 11,5% -ға қысқарды, ал толық жұмыс істейтін жұмыс орындарының санында (аптасына 40 сағат) көрсетілген жұмыс уақытының жоғалуы 939,2 мың бірлікті құрады. Көршілес елдерде жұмыс уақытының азаюы Ресей Федерациясы мен Өзбекстанда 8,5%-дан Қырғызстанда 11,7%-ға дейін өзгереді.
Ең көп қысқару орын алған кәсіпорындар тойхана жəне тамақтану қызметтеріне (-19,7%), көлік (-17,2%) жəне сауда саласына (-7,3%), сондай-ақ өзге де қызмет түрлерін ұсыну саласына (-8,4%) келді.Егер дүкендер,кафелер мен мейрамханалар онлайн форматқа көшіп, жеткізу арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік алса, онда туризм жəне онымен байланысты салалардың жұмысы жоққа шықты. Мысалы, туристік агенттіктер мен брондау операторларының жұмыспен қамтылуы 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 20%-ға қысқарды.
Осылайша, өткен жылы экономиканың қатты құлдырауына қарамастан, халықты жұмыспен қамту айтарлықтай тұрақты болып қалды. Бірақ бұл еңбек нарығы COVID-19 пандемиясынан зардап шеккен жоқ дегенді білдірмейді, ол тек экономикадағы болып жатқан өзгерістерге бейімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |