Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет21/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

 
Зейін 
Затты қабылдағанда, елестеткенде, ойлағанда, тыңдағанда, сананың соларға 
бағытталуын 
зейін
дейді. 
Зейін деп айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық 
әрекетімізді тұрақтата алу.


Зейін дегеніміз қабылдау, зердеде тұту, қиялдау, ойлау, сөйлеу сияқты процестер 
емес, сол процестерге сананың бағытталуы. Кісі ештеңе байланыссыз, бостан-босқа зейін 
қоймайды, қабылданатын нәрсесіне ғана зейін аударады, соған ілтипаты түседі. 
Зейіннің физиологиялық негіздері 
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процетерінің өзара
индукция заңына байланысты түсінуге болады. И.П.Павлов, егер ми қабығының бір 
алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу 
процесі пайа болатындығын айтқан. (теріс индукция заңы). 
Зейіннің физиоогиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің 
доминанта теориясы бойынша да түсіндеруге болады. Көпеген тітіркендіргіштердің 
ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек 
қоздырады, осындай алапты доминанта деп атайды. Доминанта-латынның доминанс деген 
сөзі, қазақша үстемдік ету дегенді білдіреді.
Зейіннің түрлері: 
ырықты, ырықсыз, үйреншікті.
Зейіннің қасиеттері 
Зейін атқаратын қызыметіне қарай бірнеше қасиеттерден құралады.Олар: зейіннің 
көлемі, бөлінуі, шоғарлануы, тұрақтылығы, ауысуы. Енді осылардың мағынасына 
тоқталайық. 
1.
 
Зейіннің көлемі-
адамның бір көргенде- ақ қабылдаған нәрселердің саны.Зейін 
көлемін анықтау үшін уақыттың 1\10 секунд ішінде 10-12 нәрседен тұратын сандар, 
әріптер не түрлі кескіндер жиынтығы көрсетіледі. Осы уақыт ішінде көріп қабылдау әбден 
жеткілікті, бірақ көргеннен барлық кескіндерді саналы түрде бейнелеуге уақыт 
аздау.Ересек адамдарда зейін көлемі өзара байланыссыз 4-5 нәрседен тұрады, ал балада 
одан аздау болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет