Дәріс 1. Пәнге кіріспе
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1. Психология пәні туралы түсінік. Психологияның даму тарихы.
2. Ғылыми-теориялық негіздері. Психологияның салалары
мен тармақтары және басқа
ғылымдармен байланысы.
3. Қазіргі психологияның міндеттері.
4. Психологияның зерттеу әдістері
Психология –
психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын
зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстарды үлкен үш түрге жікеуге болады:
1.
Психикалық
процестер;
2.
Психикалық қасиеттер;
3.
Психикалық қалып (сана).
Осы психикалық құбылыстар
бір-бірімен тығыз байланысып, адамның өмірінде,
оның іс-әрекетінде диалектикалық бірлікте жүріп жатады.
Психология-ерте заманнан бері дамып келе жатқан пән.
Психология мәселелерін
жүйелі түрде шешіп, грек елінің атақты философы Аристотель бірінші рет “Жан туралы”
ғылыми еңбегінде жазған (б.э.д. 384-322ж). Психология грек сөзі: (псюхэ-жан, логос-ілім).
Дәлме-дәл мағынасы жан тралы ілім деген мағынаны білдіреді.
Ғылым мұндай жалған елестердің қате екендігін дәлелдеді. Психикалық
құбылыстардың материялық
процестерден туатынын, оның барлық салалары да нерв
системасына байланысты екенін ғылым іспен көрсетті.
Дүниеге көзқарастың негізгі мәселесі –
ойдың болмысқа, рухтың табиғатқа қатысы
жөніндегі мәселе. Осы негізгі мәселені - ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселені –
шешуіне қарай философтар екіге бөлінеді. Материяны алғашқы (бірінші)
деп таныған
философтар материалистер деп аталады.
Ал оған қарама-қарсы көзқарас, бірінші өмір сүрген
материя
емес,
сана
деп
түсіндіреді, олар рух табиғаттан бұрын жаралды және материяға тәуелсіз өмір сүреді деп
керсінше топшылады.
Сананы алғашқы
деп танитын философтар
идеалистер
деп аталады. Дүниеге
идеалистік тұрғыдан қарау, қалай болған күнде де дінді қолдады.
Материалистік ілім психикалық процестер мен ерекшеліктерді органикалық
дүниенің белгілі бір даму сатысында пайда болған қасиеті деп санап, оларды бейнелеудің
жоғары формасы ретінде түсіндіреді. Психиканы
айналадағы объективтік