«Анимус» ( рух)- индивидуалды бейсаналы бөлімнің құрамы. Индивид үшін
жағымсыз, санадан тыс деңгейге ығыстырған адамның адамға проекцияланады.
1.Саналы бөлім.
2. Индивидуалды саналы бөлім.
3. Ұжымдық бейсаналы бөлім.
Фрейд шәкірттерінің бірі- К.Юнг ұстазымен келісімге келе алмай бөлек бағытпен
кеткен болатын. Оның себебі: Фрейдтің пансексуализм идеясында. Екеуінің арасындағы
күрес материалдық емес, идеалистік позициаларда жүргізілген. Юнг өз жүйесін «
аналитикалық психология» деп атаған.
Юнг бойынша адам психикасына 3 деңгей кіреді: сана,
жеке бейсаналық және
ұжымдық бейсаналық. Адамның тұлға құрылымында анықтаушы роль атқаратын
ұжымдық бейсаналық бұрын бүкіл адамзат есте қалдырған іздерден түзіледі. Ұжымдық
бейсаналық жалпы сипатта. Ол тұлғаға әсер әтіп; туылғанынан бастап өзін өзі қалай
ұстауын белгілейді. Ұжымдық бейсаналық та өз кезегінде түрлі деңгейлерден
тұрады,ұлттық, нәсілдік әне жалпы адамзаттық тағылыммен анықталады. Ең терең деңгей
адамның жануар болған ата-тегінің тәжірибесінен қаланған. Сонымен, Юнгтың
анықтамасы бойынша ұжымдық бейсаналық- біздің көне
ата-тегіміздің ақыл- парасаты,
олардың өмір мен әлемді, құдай мен адамды тану жолдары.
Юнг бойынша ұжымдық бейсаналықтан басқа жеке бейсаналықта бар, бірақ ол
санадан бөлектенбеген. Бұрын ақыл сарапынан өткен, түсінікті болғанымен кейін
ұмытылған немесе естен шығарылған күйзелістер жеке бас ақыл –ессіздігін құрайды.
Белгілі жағдайда олар түсінікті болуы мүмкін.
Жеке бейсаналық құрылымдық
бірліктері- сезімдер, ойлар және естеліктер
констелляциясы. Юнг бұларды кешендер деп атаған ( мысалы, үлкен билікті иемденуге
ұмтылу- билік кешені болады).
Юнг мұнымен қоса «мен» ұғымын енгізген. Ол адамнаң біртұтастыққа және ауыз
бірлікке ұмтылуын білдіреді. Оның арқасында саналы мен бейсаналықтың арасында тепе-
теңдік орнайды. «мен» әртүрлі болып көрініс беруі мүмкін. Ол көрініске тәуелді
адамдардың белгілі типтерге ажыратуға болады.
Өз заманында Фрейдпен келіспей бөлек жолмен кеткен шәкіртінің бірі-А.Адлер, жеке
бас психологиясының негізін қалаушы.Ол Фрейдтің биологиялық теориясына қарсы
шыққан. Адлер адамның бойындағы табиғи инстинкттерді емес,
қоғамдық сезімді
бағалап, оны «қоғамдық сезім» деп айтады. Ол сезім туа біткенімен оны әлеуметтік
дамыту керек. Фрейдтің адамды туғаннан агрессивті, оның дамуы биологиялық
қажеттіліктермен детерминденеді дегенімен Адлер тіпті келіспейді.
Сонымен қатар, Адлер Фрейд айтып кеткен тұлғаны 3 инстанцияға бөлу идеясына да
қарсы шығады. Адлердің түсінігі бойынша тұлға құрылымы біртұтас, ал тұлға
дамуындағы детерминанттылығ -адамның басымдылыққа ұмтылуы. Алайда адамның бәрі
оған ұмтылмайды. Дене мүшелері дамуында ақаулар болуы
себебінен немесе кейде
кішкентай кезінде қолайсыз әлеуметтік жағдайда сәтсіздігіне адам өзінің кемтарлығын
сезіне бастайды. Осы тәрісдес сезімдерді жою мақсатымен сн алуан компенсация
түрлеріне жүгінеді.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1.Адам санасы нені білдіреді?
2. Сана және бейнелелылық қайдан пайда болды?
3. Бейсаналық мәселесімен қандай ғалымдар айналысты?
4. «Анимус», «Персона» дегеніміз не
Достарыңызбен бөлісу: