Дәріс тақырыбы: Қазақстанның клиамттық жағдайы

бет5/8
Дата22.09.2022
өлшемі3,9 Mb.
#150312
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазақстанның климаттық жағдайы
Дарвин ілімі практ, лекция эволюция, 15лаб

Тау беткейлері төңірегіндегі ауа қабатының радиациялық салқындауынан және беткеймен төмен қарай ойысқан ауаның жылынуынан таулы аудандарда температураның ауытқу амплитудасы кеміп, температура инверсиясы (жалпы биіктікке байланысты ауа температурасының көтерілуі) қалыптасады. Инверсия қыс маусымында неғұрлым күштірек қалыптасады. Тау жоталарына жақындаған сайын тік бағыттағы ауа ағыны күшейіп, жауын-шашын шұғыл артады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. жазықта 100 – 200 мм болса, тау бөктерінде 500 – 600 мм-ге дейін артады. Жазық өңірлерде жылдық жауын-шашынның максимумы жаз айларында, ал тау бөктерінде жылына 2 рет (наурыз – сәуір және қараша – желтоқсан) байқалады. Су айдындары бриздік айналымды тудырады, ол құрлықта ондаған километрге ғана таралады.

Орта ендік бойындағы су айдындарының солт.-шығыс жағалауында жазда жылы ылғалды ауа ағыны үстемдік етсе, оңт.-батыс жағында атмосф. суық серпіліс пайда болады. Бұл құбылысты Арал т. мен Каспийдің солт.-шығыс бөлігінен жиі-жиі байқауға болады. Су айдындарының оңт.-батыс бөлігіне қарағанда солт.-шығысында жауын-шашын 2 – 3 есе көбірек түседі. Аумақты Каспий айдыны климаттың қалыптасуына қыста ғана ықпал жасайды. Керісінше, Арал т. атмосфера айналымына жаз айларында ғана қатысады. Көлемі шағын Балқаш көлінің де атмосфера айналымына және бұлттылыққа тигізетін әсері мол. Қазақстан жеріндегі соғатын желдің орташа жылд. 4 – 4,5 м/с, Каспий т-нің жағалауында 6 м/с-тан астам, ал Жетісу қақпасында соғатын Ебі желінің жылд. 70 м/с-қа жетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет