Пайдалы жұмыс (А) ескерілмесе, процесс нәтижесінде тек ұлғаю жұмысы жасалды деп ұйғарылса, термодинамиканың бірінші заңының аналитикалық өрнегі төменгі түрге ие болады:
Q = ∆U + p∆V (6) Q = dU + pdV (6*)
Жүйеге берілген жылу (Q) ішкі энергияның (∆U) өзгерісіне және ұлғаю жұмысын (А) жасауға жұмсалады.
Бұл тұжырымдама термодинамиканың бірінші заңының тағы бір анықтамасы болып табылады.
Химияда және химиялық технологияда процестер изобаралық (р = соnst) және изохоралық (V = соnst) жағдайларда өтеді.
Термодинамиканың бірінші заңының салдары. Гесс заңы
Термодинамиканың бірінші заңын р = соnst жағдайыда өтетін химиялық реакцияларға және физика-химиялық процестерге қолдану.