Дәріс Термодинамиканың бірінші заңы және оның салдары


Термодинамиканың бірінші заңы



бет3/4
Дата12.11.2022
өлшемі458 Kb.
#157848
1   2   3   4
Байланысты:
№ 3 Pres.1ЗАКОН Т-КИkh2 №2
8-апта, Ұлттық мәдени кодтты сақтау, Айтмуканов 1лаба

Термодинамиканың бірінші заңы

  • Пайдалы жұмыс (А) ескерілмесе, процесс нәтижесінде тек ұлғаю жұмысы жасалды деп ұйғарылса, термодинамиканың бірінші заңының аналитикалық өрнегі төменгі түрге ие болады:
  • Q = ∆U + p∆V (6) Q = dU + pdV (6*)
  • Жүйеге берілген жылу (Q) ішкі энергияның (∆U) өзгерісіне және ұлғаю жұмысын (А) жасауға жұмсалады.
  • Бұл тұжырымдама термодинамиканың бірінші заңының тағы бір анықтамасы болып табылады.
  • Химияда және химиялық технологияда процестер изобаралық (р = соnst) және изохоралық (V = соnst) жағдайларда өтеді.

Термодинамиканың бірінші заңының салдары. Гесс заңы

  • Термодинамиканың бірінші заңын р = соnst жағдайыда өтетін химиялық реакцияларға және физика-химиялық процестерге қолдану.
  • 1. р = соnst (изобаралық процесс)
  • QP = ΔU + р(V2 - V1 )
  • QP = U2 - U1 + рV2 - рV1
  • QP = (U2 + рV2 ) - (U1 + рV1)
  • H = U + pV (7), Н – энтальпия
  • QP = H2 - H1
  • QP =ΔН (8) немесе Q = dН (8*)
  • (индекс “P” процестің өту жағдайын көрсетеді)
  • QP немесе ΔН – изобаралық жағдайда өтетін процестердің жылу эффектісі
  • Тұрақты қысым кезінде жүйеге берілген жылу оның энтальпиясын өзгертуге жұмсалады.
  • Тұрақты қысым кезінде жылу күй функциясы қасиетіне ие.

Термодинамиканың бірінші заңының салдары. Гесс заңы

  • Н – энтальпия - химиялық термодинамиканың тағы бір функциясы:
  • күй функциясы, шексіз аз өзгерісі – толық дифференциал,
  • процестің жолына тәуелсіз, тек жүйенің алғашқы және соңғы күйімен анықталады,
  • экстенсивті шама, аддитивтілік қасиетке ие, термодинамикалық анықтамалықтарда заттың бір моліне қатысты беріледі,
  • абсолютті мәнін анықтау мүмкін емес, термодинамикада жүйе бір күйден екінші күйге ауысқанда оның тек өзгерісін есептеу жеткілікті.
  • Процесс нәтижесінде жүйенің энтальпиясы жоғарыласа ∆Н оң, ал төмендесе теріс мәнге ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет