Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 Дәріс 1



бет11/28
Дата22.09.2023
өлшемі133,49 Kb.
#181991
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
Лекция тезистері

Оқытудың интерактивтік әдістері. Интерактивтік деген термин соңғы кезде жиі қолданылып жүр. Бұл оқушылардың белсенділігінің артуына ықпал ететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы деп қарай алмаймыз. Кеңірек айтсақ, сабақ барысында оқушылардың өз арасындағы және оқытушы мен оқушылар арасындағы кез келген мәселенің шешу жолын және бұл шешімнің қаншалықты дәрежеде тиімді екенін талқылау түрінде жүргізілетін жоғары деңгейде өтілетін өзара әрекеттестікпен өтетін оқытуды интерактивтік деп атай аламыз. Мұндайда қойылған проблеманың жауабынан гөрі, оны шешу процесіндегі әрекеттің маңызды екенін түсіну керек. Интерактивтік әдістің мақсаты тек ақпарат беру ғана емес, оқушылардың өздігінен жауап іздеу дағдыларын қалыптастыру. Интерактивтік әдіс өзара әрекеттестіктің алуан түрлері мен міндеттерін қамтиды. Бірақ, қандай әдістер мен тәсілдер қолданылса да, оқушының өмір тәжірибесі мен бұрын меңгерген ұғымдары негізгі білім көзі болып табылады. Ол әрекет мына төмендегі қарым-қатынаста байқалады:
1. Оқытушы мен оқушының арасындағы қарым-қатынас (оқытушының сұрақтарына жауап бергенде);
2. Сабаққа қатысып отырған өзге адамдармен арадағы қарым-қатынас;
3. Басқа оқушылармен (жұптасқан жұмыс барысында);
4. Шағын топтармен арадағы қарым-қатынас (3-5 оқушы арасында);
5. Үлкен топтармен арадағы (рөлдік ойындар, дебат, тақырыптық талқылаулар т. б. );
6. Оқушылар және жұртшылық топтармен (әлеуметтік сауалнама жүргізгенде);
7. Техника түрлерімен (компьютер, кинофильм).
Мұндай әрекеттестік негізінде оқушылар оқу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік алады, өз шешімдерінің дұрыстығына көз жеткізеді, тіпті болмағанда оның басқа жобалардан гөрі артықшылығын байқауға логиқалық түрде түсінеді.
Жұптасып және шағын топтарда жұмыс істеу барысында әрекеттесу арқылы оқушы қысылмай өз ойын айтуға дағдыланады. Сонымен қатар пікірдің әр түрлі болатындығына да көзі жетеді. Осы арқылы оқушының ақыл-ой белсенділігінің дәрежесі де көтеріледі.
Дүниетану бағдарламасы бірнеше дидактикалық принциптерді жүзеге асырады:
І. Кіріктіру принципі - ғылыми жаратылыстанулық білім мен адам әрекетінің түрлері және қоғам туралы ұғымдар кіріктіріліп біртұтастылықта беріледі. Адам, табиғат, қоғам бөлек қаралмай, адамның іс-әрекеті үнемі табиғи ортада, қоғамда (отбасында, мектепте, қоғамда, табиғатта) бір-бірімен байланысты қаралады. Заттар, нысандар, құбылыстар туралы мағлұматтар беру кезінде адам әрекеті солармен бірлікте, байланыста қаралады.
2. Жас ерекшелігін ескеру принципі қамтамасыз етіліп, бастауыш сынып оқушыларының ұғымына жеңіл, психологиялық ерекшеліктеріне лайықты, өмір тәжірибесі мен білім деңгейлеріне сай материалдар қамтылады.
3. Мәдениеттендіру принципі ескеріліп, оқушылардың жалпы мәдениетін көтеруге лайықты, жеке бас гигиенасын сақтауға, жергілікті мәдени орталықтармен таныстыруға, жалпы халықтық, ұлттық мәдениетті түсінуге лайыкты әдебиет, сәулет, өнер, ғылым адамдары туралы мәліметтер қамтылады.
4. Экологиялық принцип қамтамасыз етіліп, әр сынып сайын оқушының өзін-өзі бағалауы, өз әрекетін басқаның пайдалы әрекет өлшемдерімен салыстыруы, табиғатқа адамдарга, бүкіл қоршаған ортаға жағымды, мәдени, адами қатынастар жасауға икемділіктерін дамытуға бағытталған материалдар беріледі.
5. Өлкетану принципін жүзеге асыру үшін әр тарау және әр сыныпта оқылатын тақырыптар жергілікті материалдармен тығыз байланысты оқытуға мүмкіндік беретіндей құрылымда берілген.
6. Білімнің ғылымилық принципін жүзеге асыру мақсатымен жоғарғы сыныптарда оқытылатын «География», «Тарих», «Қоғамтану» пәндерінің негізін калайтын ғылым жүйесі қамтылған.
Бағдарламалық талаптар негізінен басты мынандай мақсаттарды жүзеге асыруды қарастырады: білімдік, тәрбиелік, дамытушылық пәнаралық.
Әр пәннің бағдарламасына сол пәннің ғылыми мазмұнымен қатар ғылыми негізді меңгеру барысындағы оқушылардың оқу әрекеттері және жекебас дамуының, тәрбие беру нормалары да (қарым-қатынас, этиқалық. эстетиқалық, адамгершілік) енеді. М. А. Данилов мектептегі пән бағдарламалары қамтитын жалпы мәселелеріне тоқтала келіп, «Программа фиксирующая содержание учебного предмета, определяет методы преподавания, характер дидактических пособий, сроки обучения и другие моменты учебного процесса» - деп көрсетеді.
Педагогика ғылымы ретінде «Дүниетану» пәнін оқыту әдістемесі келесі дидактикалық ұстанымдарға негізделеді:
1) Тарихи және логикалық бірлік ұстанымы курстың мазмұны мен оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихын, пәннің даму кезеңдері мен қазіргі жағдайын, бастауыш сыныпта жаратылыстану және қоғамтануды оқыту процесінің заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл қағида дереккөздерді, мұрағат материалдарын, бағдарламалар мен оқулықтарды қарастырып отырған мәселе бойынша салыстырмалы тарихи талдау арқылы әдістемелік мұралармен және заманауи зерттеулермен танысуға мүмкіндік береді. Ғылыми жетістіктерді талдау барысында құндылықтар іріктеліп, себеп-салдарлық байланыстар анықталып, білімді қалыптастырудың логикалық тізбектері құрылады;
б) Ғылыми және қолжетімділік ұстанымы, бұл курс мазмұнын студенттерге түсінікті болуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, «Дүниетану» пәнін оқыту кіші жастағы оқушыларды объективті фактілермен, заңдармен және ғылыми теориялармен танысуды қамтамасыз етеді, алайда бейімделген материал олардың жас ерекшелігіне сәйкес келетіндей түсінікті тілде берілуі керек.
Бұл ұстанымды жүзеге асыру үшін оқу материалдарын мұқият іріктеу қажет. Осылайша бір жағынан, студенттерде әлем туралы ғылыми түсініктердің берік жүйесі қалыптасады және екінші жағынан, болашақ мұғалімдерге кіші жастағы оқушыларға материалды түсінікті етіп жеткізу үшін қажетті әдістемелік білім мен дағды қалыптасады.
в) жүйелілік ұстанымы, курстың психологиялық-педагогикалық, жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық құрамдас бөліктеріне қатысты білім мен дағдылар өзара байланысты күрделі жүйе ретінде қарастырылады;
г) интеграция ұстанымы, біріншіден, ғылыми таным әдістерінің ортақтығына, екіншіден, ғылымның әртүрлі салаларынан ақпараттарды біріктіретін курс мазмұнының ерекшелігіне, сондай-ақ қалыптасатын құзіреттіліктердің кешенді сипатына байланысты. «Дүниетану» курсының әрбір мазмұндық компонентін оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби қызметке дайындау мәселесі қамтылады;
д) сабақтастық ұстанымы, білім алушының алдыңғы алған білімін оқыту процесінде ескеру, сондай-ақ білім берудің жоғары деңгейінің талаптары мен даму перспективалары ескеріледі.

1

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет