Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1 Дәріс 1


Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау



бет25/28
Дата22.09.2023
өлшемі133,49 Kb.
#181991
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Лекция тезистері

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген. Бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әдістері, тапсырмалары анықталады, оны мектептер өз бетінше құрастырады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:

  • жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;

  • әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;

  • тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.

Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді.
Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына да назар аударып отырған дұрыс.
Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет