Дәріс№1 Тақырыбы: Биологиялық мембраналардың құрылымы мен функциялары. Биологиялық мембраналар арқылы заттарды тасымалдау. Мақсаты


Дәріс№3 Тақырыбы:Ток және электрмагниттік өрістер әсерінен тіндердегі физикалық процестер



бет5/15
Дата06.06.2020
өлшемі91,89 Kb.
#72525
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
МЕД БИОФИЗИКА

Дәріс№3

Тақырыбы:Ток және электрмагниттік өрістер әсерінен тіндердегі физикалық процестер.

Адам ағзасына электромагниттік өрістер (ЭМӨ) әсер етеді. Тірі ұлпалар ЭМӨ биологиялық эффектісінің әсерін сезеді. ЭМӨ тек еркін (бос) және байланысқан электрлік зарядтары болатын физикалық орталармен ғана өзара әсерлеседі. Зарядтың екі түрі де бар болатын орталарда ЭМӨ өткізгіштік токты да, өрістің жоғары жиілігінде айтарлықтай болатын ығысу тогын да тудырады.



ЭМӨ-ң магнитті және электрлік құраушыларының ағзамен өзара әсерлесуі биологиялық жүйенің сипаттамаларының өзгеруіне және биологиялық эффектінің күшеюіне әкеліп соғады. Осыны резонансты құбылыстар кезінде ескеру қажет. Радиобиологияда барлық ЭМӨ екі диапазонға бөлінеді: төменгі жиілікті (  Гц-ке дейінгі) және жоғары жиілікті(  Гц-тен жоғары).

Төменгі жиілікті ЭМӨ-ге қатысты адам ағзасының өткізгіштік қасиеттері болады. Сыртқы өрістің әсерінен ұлпаларда өткізгіштік ток пайда болады. Еркін зарядтардың негізгі өкілі иондар болып табылады. Төменгі жиілікті ЭМ толқындардың ұзындығы адам денесінің өлшемдерінен көп есе үлкен болады, соның салдарынан барлық ағза осындай толқындардың ықпалына душар болады. Бірақ осы ықпалдың түрлі ұлпаларға әсері бірдей болмайды, өйткені түрлі ұлпалардың электрлік қасиеттері мен өткізгіштік токқа сезімталдығында айырмашылықтары болады. Индуцияланған өткізгіштік тоққа аса сезімтал жүйке жүйесі болып табылады. Осы ток жасушааралық сұйықтық арқылы ағады, себебі жасушааралық сұйықтықтың кедергісі жасушалы мембраналардың кедергісінен кіші болады. Нейрондардың плазмолеммасы арқылы мыңдық үлесіндей шамадағы өткізгіштік ток өтеді. Бұл нейрондарды қоздыруға жеткіліксіз. Бірақ өте күшті төменгі жиілікті ЭМӨ-мен қоршаған ортада адамдар мен жануарлар кездеспейді. Осы өрістің жиілігін 200 Гц-ке дейін жоғарылатып, жүйкелер мен бұлшықеттерді қоздыруға болады, бірақ токтың кенет артуы электрлік жарақаттың биофизикалық механизмі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет