Бiрiншiсi - әдiлеттiлiк, өйткенi, мемлекеттi дұрыс басқару ұшiн қара қылды қақ жаратын әдiл заңдар болуы қажет. Баласағұнның айтуынша : “Кiсiге үш дүние пайдалы
Iзгi iс немесе мiнезi түзулiк.
Екiншiсi - ұят, үшiншiсi - әдiлдiк.
Бұл ұшеуi арқылы адам шын бақыт табады.
Iсi iзгi болса, бұкiл халық сұйедi.
Iсi әдiл болса, төрге шығады.
Екiншiсi - бақ-дәулет. “Барлық iзгi нәрсеге байқап көр»,- дейдi ұлы бабамыз.
Үшiншiсi - ақыл-парасат. “Бiлiк бердi - адам бүгiн жетiлдi.
Ақыл бердi - талай түйiн шешiлдi.
Төртiншiсi - қанағат-ынсап :
“Дүние сүйiктi болғаны үшiн бүкiл айыбы
Саған игiлiк болып көрiнедi, ей, елден асқан қымбаттым!
Кiмде-кiм дүниеге көңiл байласа,
Тiршiлiгi оған ауыр тауқымет әкеледi».
Ойшыл осы төрт құндылық - әдiлет, дәулет, қанағат, ақыл- бiр - бiрiмен ұндескен жағдайда ғана ел бақытқа жетедi деп қорытады.
“Құтты бiлiктегi» “бiлiк» сөзiнiң екi мағынасы бар. Оның бiрi “бiлiм» болатын болса, екiншiсi “билiк ету», “елдi басқару». Соңғы мағынада ойшыл: “Бек халықты тек бiлiкпен сендiрер.
Барлығын да ақылына жеңдiрер.
Дана келсе елдi ұзақ билегiң
Заңды ұстап, бұрсын елге бүйрегiң»,- дейдi.
Өзiнiң дұниеге деген көзқарасында Ж.Баласағұн рухты бiрiншi орынға қояды. Адам-ақыл-парасаты бар ерекше пәнде, ақыл адаммен қоса жаратылады. Сондықтан, дұниеде адам зерттеп бiлмейтiн нәрсе жоқ. Адамның ақыл-парасаты құдiреттi :
“Ақыл - шырақ, қара тұндi ашатын,
Бiлiм - жарық, нұрын саған шашатын.
Кiсi ұланы қара жерге қол салды,
Көтердi бәрiн, бiлiмiн ол қолдандыұ»
Өзiнiң шығармасында Ж.Баласағұн имандылық, әдептiлiк, жалпы тәлiм-тәрбие жөнiнде де тамаша өсиеттер қалдырды. Оның ойынша, адамдардың қарым-қатынасында үш жаман нәрсе бар. Олар: жауыздық iстеп, мәмлеге келмей қасарысып тұрып алу, яғни, қазiргi тiлмен айтқанда компромиске, келiсiмге келмеу; екiншiсi, жалған сөзбен шұғылдану. Тiл, бiр жағынан адамды бiлiкке жеткiзсе, екiншi жағынан, адамды өмiрден әкетуi мұмкiн; үшiншiсi - сараңдық : “Дүние жинайды, жемейдi, артында қалады»,- деп қорытады ойшыл. Жалпы алғанда, ойшыл аскеттiк өмiр салтын жақтайды. Оны бiз мына сөздерден байқауымызға болады:
“Баянсыз Дүние қылығын ұқтырады.
Мiнез-құлқы қыз сияқты,
Сұйiндiредi - бiрақ қолын бермейдi.
Сүюшiнi сүймейдi, киiк сияқты қашады.
қашқанға жабысады, аяғын құшады...»
Жоғарыдағы көрсетiлген ұлы бабамыздың ойлары бұгiнгi өзгерiстегi Қазақстан қоғамына өзiнiң өзектiлiгiмен пайдалы. Оны әрбiр азамат бiлуi қажет.
Орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бiрiне Махмуд Қашқаридi(ХIғ) жатқызуға болады. Негiзгi еңбегi - Диуани лұғат ат-түрiк (Түркi сөздерiнiң жинағы). Бұл қазiргi түркi халықтарының бәрiне ортақ мұра. Бұл еңбектен бiз сол кездегi түркi тайпаларының тiлдерi мен жалпы мәдениетiнiң деңгейiн ғана емес, сонымен қатар, олардың қоғамдық-экономикалық, әлеуметтiк жағдайын, көне тарихы мен әдет-ғұрыптары жөнiнде сан-алуан мәлiметтер аламыз. “Диуанида» 200-ден астам өлең, 300-ге тарта мақалдар, толып жатқан қанатты сөздер, 29 тайпаның аты аталады, ондағы көптеген жырлар өте ертеде өмiрге келгенiн аңғару қиын емес. Тiл ғалымдарының айтуына қарағанда, “Диуанидағы» 875 сөз бен 60-қа жуық мақал-мәтелдер қазақ тiлiнде қазiргi өмiрде сол қалпында қолданылады екен. Кейбiреулерiн келтiрейiк:
“Жанжал шықса, ағайын ақылдасар,
Жау келсе, ел тебiренер».
“Бақыт белгiсi - бiлiм мен ақыл», “әдептiң басы – тiл».
“Күздiң келетiнi - жаздан ақ белгiлi», “ұлық болсаң - кiшiк бол», “Батыр майданда, ғалым - әңгiмеде сыналар», “Кеңестi iс- келiсе бередi, кеңессiз iс кер кетедi» т.с.с.
М.қашқари түркi халықтарын бiрлiкке, өз халқын сүйуге, халықтың бостандығы үшiн жан аямауға шақырады, батырларды мадақтайды. “Каһарланып атылдым,
Арыстандай ақырдым.
Батырын жерге батырдым,
Ендi менi кiм ұстар.
Есiнен дұшпан ауысты.
Басар жолын тауысты.
Ажалменен қауышты,
Сөзге аузы келместен».
Қорыта келе, М.Қашқаридiң шығармалары көне түрiк тайпаларының дүниесезiмi мен дүниетанымымен таныстыратын бiрде-бiр құнды құжат екенiн айтып кетудi жөн көрдiк.
ХII - ғасырда өмiр сүрген ұлы ойшылдардың қатарына А. Иугнекидi ( Әдiб-Ахмед Махмуд Жүйнеки ) жатқызуға болады. Ол жөнiнде “...ақындардың ақыны, даналардың көш басы, гауһардан сөз теретiн, одан ешкiм озбады»,- деген өлең сөздер қалған. Негiзгi еңбегi “Ақиқат сыйы».Бұл дастанда көтерiлген негiзгi мәселе - ол адам өмiрiнiң мәнi. Осы орайда ойшыл моральдық мәселелерге көп көңiл бөледi. Адам - саналы түрде iс-әрекет жасай алатын пәнде, ал оның санасын, рухын дамытатын - бiлiм. Ойшыл ол жөнiнде:
“Бiлiмдар “iстi бiлiп, бекiн!»,- дейдi,
Ақылмен iс iстеген өкiнбейдi.
Бiлмеген талай жұмыс iстеп жүрiп,
Амал жоқ, түбiнде сол опық жейдi»
А.Жүйнекидiң ойынша, “бiлiмсiздiк - тiрi өлiк». Оны ол мынандай шумақпен қорытады:
“Сүйекте жiлiк болар, ерде - бiлiк,
Ақыл ғой ердiң көркi, етте - жiлiк.
Жiлiксiз ет секiлдi бiлiмсiздiк -
Қол созбас сүйексiзге бұл тiршiлiк».
Ғұлама ақын адамның бақытты болуы - бiлiмге, ал бақытсыздық - қараңғылыққа, надандыққа байланысты деп ұғынды.
“ Кедейдiң кертiп жейтiн малы - бiлiм,
Бiлiмнiң жоқ-жiтiкке берерi мол».
Ойшылдың көтерген бұл ойлары бұгiнгi таңдағы Қазақстан халқына өзiнiң өзектiгiмен көрiнедi - бүгiнгi жұмыссыз жүрген көп азаматтардың бiлiмi мен мамандығының төмендiгi - соның негiзгi себебiнiң бiрi емес пе? Тек қана Дүниеде жинақталған жаңа технологияларды терең игерiп, оларды шығармашылық деңгейде пайдалану арқылы ғана бiз Дүниежүзiлiк қауымның терезесi тең мүшесiне айналамыз. Ал ол үшiн халықты ағарту, ғылымдағы жетiстiктердi оқу-бiлу қажет. Алайда бiз бұл жолда “технократизм», “сциентизм» шырмауында қалып қойып, өзiмiздiң мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан дұнисезiмiмiзден айырылып қалмаймыз ба,- деген ащы ой ерiксiзден көкiрегiмiзге ұялайды. А. Жұйнекидiң даналығы - ол бiлiмдi қажеттi түрде моральдық санамен бiрге ұштастырып қарайды. Ол бiзге “дәрежең өскен сайын ұстамдырақ бол, тәкәппарлықтан құтыл, кiшiпейiлдiк ұста. Ұлықсынба, абайла, ол - бiр құдай!,- деген тамаша өсиеттердi қалдырды. А. Жүйнекидiң бiршама моральдық қағидалары Библия, я болмаса Құран сияқты дiни құжаттарда берiлген терең ойлармен үндесiп жатады. Мысалы, “қанды қанмен жусаң тазармайды», өйткенi алғашқы қанның iзi кеткенмен жаңа қанның iзi қалады. “Бiреу зәбiр жасаса қарымына рахат көрсет, кешiр, зәбiрлiк жасама»,- дейдi ұлы ойшыл.
“Бал бар жерде ара да бар. Ең алдымен араның зәрiн байқап көр»,- деген бабамыздың сөзiнен бiз Дүниенiң қайшылығын байқаймыз. Ойшылдың пiкiрiнше, “небiр асқан өнерде бiрер мiн болады», сондықтан “бiр айыпқа бола бас кесушi Дүниеде тiрi адамсыз қалады». А.Жүйнеки бiлiмдi соншалықты зор бағалағанмен, сол бiлiмдi тудыратын, насихаттайтын адамдардың еңбегiнiң ақысы қайсыбiр болмасын қоғамда төмен болатындығын қынжыла айтады. Оны бiз мынау ойдан көремiз: “Өнер арқылы дәулеттiң келуi мүмкiн емес. қиындық атаулының ең қиыны осы. Дүние арамдарды көтерiп, адалды шалады»,- деп қынжылады ұлы ойшыл.
Дүниенi танып-бiлудегi сөз құдiретiне ежелгi түрiктер өте үлкен мән берген. Оны бiз А.Жүйнекидiң шығармашылық жолынан да табамыз. Ол әсiресе оның мәнiн адамдардың қарым-қатынасына тигiзетiн әсерiнен байқайды:
“...Есептi сөз - ер сөзiнiң асылы,
Мылжың тiлдi “жау» деп ұғын тартыста»,- дейдi ойшыл.
Ол адамды мағналы сөйлеуге, сыр сақтай бiлуге шақырады:
“Ақылды ма көп сөйлеген күбiне,
Талай бастың тiл жеттi ғой түбiне.
Оқ жарасы жазылады, бiрақ та
Тiл жарасы жазылмайды: түбi не ,- деп тебiренедi ұлы ойшыл.
Шын сөз - бал секiлдi, жанға жайлы, дертке шипа болып келедi деп, ұлы ойшыл адамды әдiлдiкке, шындыққа, ұстамдыққа шақырады.
Орта ғасырдағы аскеттiк өмiр салтына сәйкес, ойшыл адамдардың қарым-қатынасындағы жомарттық пен сараңдық мәселесiне де тоқтап, оларға талдау жасайды.
“Жомарт ер бiлiм жолын жете бiлер,
Мал берiп, атақ алып өте бiлер.
Жарылқап кем-кетiктi бiлiмменен,
Жақсы атпен дұниеден кете бiлер»,- деп тебiренедi ұлы ойшыл.
А.Жүйнекидiң ойынша, “сараң - малдың құлы», ол емдегенмен жазылмайтын ауру, оның түбi - менмендiк, өр көкіректiк тәкәппарлық, ол нағыз адамның табиғатына сай келмейтiн, мұлдем жат нәрселер. Қорыта келе, ойшыл адам өмiрге жамандық емес, жақсылық, игiлiктi iстер жасау ұшiн келедi деген тұйiн жасайды:
“...Iспен тәуiр жұрттың көңiлiн анықтап,
Өз бойыңды парықсыздан аулақ сап.
Әуелi iстер жұмыс иiнiн ойлап ал,
“Керек пе, әлде жоқ па екен»,- деп анықтап»,- деген ғибрат сөздердi айтады.
Ұлы тұлғалардың ойларының ерекшелiгi - олар әрқашанда өзiнiң өзектiлiгiмен көрiнедi. Осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда көрсетiлген ұлы бабамыздың ойлары бұгiнгi заманда өрлеу үстiндегi халқымызға ауадай қажет.