Табиғат және оның ажырамас бөлiгi - адам - Шалкиiздiң шығармашылығының өзектi тақырыбы. Қазiргi тiлмен айтсақ, жырау философиялық антропологизм бағытын ұстаған ойшыл. Адам - табиғаттың төл туындысы, сондықтан ол оның қасиеттерiн табиғатпен салыстырып қарайды.
“Алма мойын сам үйрек,
Ана Едiлден көксiген
Көлдi тастап қырға ұшса,
Бiр тарланға жолығар !...». Сондықтан, ер-жiгiттер әрбiреуi әр жаққа тартпай бiрiккенде ғана елдi жаудан аман сақтап қала алады:
Атаның ұлы ерлерге,
Малыңды бер де басың қос.
Басыңды қос та бек сыйлас,
Күндердiң күнi болғанда,
Басың жауда қалар ма!»,-деп қорытады жырау.
Шалкиiздiң ойынша, адамдар өз табиғаты бойынша жамандар мен жақсыларға бөлiнедi:
“Ағайынның iшiнде бiр жақсысы бар болса,
Қоңқалаған көп жаман, сол жақсыны көре алмас...»
“Құсты жисаң бүркiт жи, қыстауыңды түлкi етер.
Бiр жақсымен дос болсаң, азбас, тозбас мүлк етер.
Бiр жаманмен дос болсаң, күндердiң күнi болғанда,
Жұмыла ғаламға кұлкi етер»,- дейдi ақын.
Бұл дұние өтпелi, “...мынау жалған дұние, кiмдерден кейiн қалмағанұ дейдi жырау. Сондықтан, адам бұл дұниедегi қызықты тегiс көрiп, өмiрдi думандатып өткiзу керек. Бiрақ, оның да өлшемi бар:
“...жүйрiкпiн деп мақтанба,
О-дағы бiр құба арланға жолығар,
Ерiккенде қызыл тiлiн тимаған,
О-дағы бiр пәлеге жолығар.
Салмақтама немеңдi,... Тәңiрi тесер төбеңдi»,- деп жырау адамды өлшемдiкке, ұстамдыққа, әдет-ғұрыпты бұзбауға шақырады.
Тарих сахнасына келген ХУII ғ әлi басы бiрiкпеген қазақ халқына жаңа қиындықтар әкелдi. Бiр жағынан кұннен-кұнгi кұшейiп келе жатқан Ресей мемлекетiнiң суық лебi бұрынғыдан да гөрi айқын сезiле басталса, екiншi жағынан осы ғасырдың бiрiншi жартысында Шығыста жатқан жоңғарлардың ру-тайпалары бастарын бiрiктiрiп, өз хандығын дүниеге келтiредi. Шығыста жатқан қытай мемлекетiне бата алмаған қалмақтар өз өрiсiн қазақ жерлерiн жаулап алу арқылы кеңейткiсi келдi. Осыдан қазақ халқының басына орасан-зор қауып туады. 1723 ж. ойраттар қазақ жерiне бас салып, бытырап жатқан қазақ руларын орасан зор күйзелiске ұшыратады - халықтың үштен-бiрi қырылып, қыруар мал жау қолына түседi. Халықтың санасында бұл апат “Ақтабан-шұбырынды, Алқакөл-сұлама»,- деген атпен тарихқа кiрдi.
Әрбiреуi өз жағына бұратын қазақ билерiнiң есi ендi ғана жыйналып, жоңғарларға төтеп беру үшiн бiрiге бастады. Мұндай қауып-қатер туған жағдайда халық өз iшiнен ұлы саясаткер-билердi - Төле, Қазыбек, Әйтеке т.с.с. - тудырды. Халық арасынан Отан үшiн өз жанын беруге даяр Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнiбек, Қарасай т.с.с. мыңдаған батырлар шығып, халықтың басын бiрiктiрдi. Шешушi кезең де келiп қалды. 1730 ж. Балхаш көлiнiң төңiрегiндегi шайқаста қазақтар жоңғарларға ойсырата соққы берiп, күйретiп өз жерiн жаулардан босатты. Халық бұл шайқасқа Аңырақай жеңiсi деген ат қойды.
Әлсiреген қазақ халқы екi жаққа бiрдей тойтарыс бере алмады. Сондықтан, осы кезден бастап, Ресей қазақ жерлерiн өзiне қоса бастады.
Мiне, жоғарыдағы көрсетiлген ауыр қайғы-зардапқа толы тарих кезеңдерi халықтың өзiндiк сана-сезiмiн жаңа деңгейге көтердi. Сол уақыттағы өмiр сүрген жыраулардың, ойшыл-билердiң де шығармаларындағы халық тарихы, тағдыры жөнiндегi ойлары пiсiп-жетiлiп, жаңа сапалық деңгейде көрiне басталды.
Осы кездегi жыраулардың iшiнен Ақтамбердi, Үмбетей, Қожаберген, Бұқар, Шал ақынды ерекше атауға болатын сияқты. Сол кездегi халықтың ауыр жағдайы, арманы мен мұңы бұл жыраулардың шығармаларында кеңiнен орын алды. Өкiнiшке орай, оқулықтың көлемi жыраулардың бәрiне де тоқтауға мұмкiншiлiк бермейдi.
Бұл Дүниеде ұзақ өмiр сүрiп ХУII ғ екiншi, ХУIII ғ бiрiншi жартысын қамтыған жыр алыбы Бұқар жырау болды. Жырау өмiрiнiң жас кезiнде Тәуке ханның жанында болса, өмiрiнiң соңында - Абылай ханның ақылшысы, кеңесшiсi. Сол кездегi сұрапыл заманды жырау былайша суреттейдi:
“Ай заман-ай, заман-ай,
Түстi мынау тұман-ай,
Iстiң бәрi кұмән-ай...
Арғымағын жоғалтып,
Тай жүгiрткен заман-ай»,- деген жолдардан сол кездегi халық тағдырындағы қайғылы да күнгiрт ахуалды көзге елестетуге болады.
Осы, ақынның сөзiмен айтсақ: “Асан атты iспеттi
Ен жайлауынан көшкен жұрт.
Зар илеп, баспай өксiктi,
Ауыр кұндi кешкен жұрт»,- неге соншалықты қамықты, оның себебi неде болды, - деген сұрақ қойсақ, оған жырау былайша жауап бередi:
“Ақтың жолын кұзетпей,
Жамандықты тұтқан жұрт.
Сабыр етпей сандалып,
Сайда көшiп, жортқан жұрт.
Өз ағасын сыйламай,
Өзгенiң соңынан ерген жұрт.
Ханына тiзгiн бермеген,
Орысқа ырғын болған жұрт.
Ханның ойын бiлмеген,
Жауына таланып қалған жұрт...