Егемен Қазақстан және философиялық ой-пiкiрдiң дамуы Қазақстанның егемен елге айналуы рухани салада зор серпiлiс пен шабыт тудырды - Отандық философия сахнасына жоғарыдағы аталған үлкен тұлғалармен қатар жаңа буын көтерiлiп, өзiнiң қомақты ұлесiн қосты. қазақ халқының мыңдаған жылдық тереңдiкке кететiн руханияты, дiлi, дұниесезiмi қайта тексерiлiп, зерттелiп, төл мәдениетiмiздi байытты. Бұл мәселерге арналған М.Орынбековтың бiрнеше нәтижелi еңбектерi жарық көрдi. Сонымен қатар, бұл салаға қомақты үлес қосқан С.Ақатайдың еңбектерiн атауға болады. “қазақтану» саласына бiртұтастық тұрғыдан қарап, тарихи, әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқтық, рухани сараптау жасаған Ж. Молдабековтың еңбектерiн атау қажет. Орта ғасырдағы Отандық философияға жаңаша қарап өз үлесiн қосқан Ж.Алтаев болды.
Қазақ мәдениетiнiң типтiк бiтiмдерiн зерттеп, оны ең соңғы мәдениеттанудағы көкжиектермен ұштастыра бiлген, мәдениет философиясының басқа да салаларын зерттеп жұрген Т.Ғабитовтың еңбектерi ерекше қызықты да нәтижелi деп есептеймiз.
Қазақ халқының тарихи қалыптасқан дiлi мен дұниесезiмiнiң ерекшелiктерiн нәзiк те терең көрсете бiлген Қ.Нұрланованың еңбектерiн атап өткен абзал. Отандық рухани мұраны зерттеулерге Т.Айтқазин, Т.Бұрбаев, К.Бегалинова өз ұлестерiн қосты.
Егемен Қазақстанға ғұлама Абайдың берерi әлi көп. Бұл арада “Абайтануұ саласын жаңа биiк дәрежеге көтерiп, басқа да философия салаларын зерттеуге өз қомақты ұлесiн қосып жүрген Ғ.Есiмнiң еңбектерi ерекше аталуға тиiс.
Қазақстан қоғамының тұбегейлi өзгеруi, өз руханиятымызға жаңа дәрежеде қайта оралу, сонымен қатар Дәуiрдiңқойған жаңа Талаптарына сәйкес Жауап беру, Дүниежүзiлiк көштен қалып қалмау т.с.с. халықтың болашақ тағдырына байланысты көп мәселер зиялылар қауымында, университеттер мiнбелерiнде қызу талданып, сарапталды, бiршама қомақты еңбектер жарық көрдi.
Бұл арада немiс классикалық философиясы көтерген өзектi мәселелерге өз үлесiн қосқан, сонымен қатар, Батыс Еуропа топырағында пайда болған ең соңғы ағымдарды талдап, оны өз руханиятымызбен салыстырып, мәдениет философия саласында компаративтi (салыстырмалы) зерттеулер жүргiзiп жүрген дарынды ғалым Б.Нұржановтiң еңбектерi өтпелi қоғамдағы болып жатқан өзгерiстердi тереңiрек түсiнуге мұмкiндiк беретiнi сөзсiз.
Соңғы жылдары ұлттық ғылым академиясының философия институтында қазiргi адамзаттың рухани-адамгершiлiк дағдарысы, соған байланысты Қазақстанның дамуындағы құндылықтар бағдарламасы, өтпелi дәуiрдегi адамның экзистенциалдық вакуумда қалып қоюы, әлеуметтiк нормалардан ауытқу (аномия) т.с.с. күрделi де өзектi мәселелер акад. Ә.Нысанбаевтың жетекшiлiгiмен зерттелiп, белгiлi нәтижелерге қолымыз жеттi. Оған өз үлесiн қосқандар С.Колчигин, А.Хамидов, К.Альжанов, И.Ергалиев, Г.Соловьева, А.Капышев, Р.Қадыржанов, З.Сарсенбаева т.б.ғалымдар болды. Жоғарыдағы аталған iзденiстермен Б.Құдайбергеновтың еңбектерi де өз ерекшелiктерiмен үндесiп жатады.
Өтпелi дәуiрде философиялық деңгейде қажеттi түрде мына сұрақтар пайда болып, өз шешiмiн табуын талап еттi - ол : Ақиқат кiмнiң қолында ? қазiргi адамзаттың негiзгi даму жолы Батыс, я болмаса, Шығыс цивилизациясында ма ? Дүниежүзiлiк көштен тағы да қалып қалмас үшiн Қазақстан қай жолмен дамуы керек ? - Бұлар, әрине, халық тағдырын, егемендi елдiң болашағын анықтайтын сұрақтар.
Тарихи жеке адамның ерiктiгi мен жасампаздық iс-әрекетiне негiзделген Батыс цивилизациясы жағалай ортаны өзгертiп адамның игiлiгiне жарату жолында соңғы ұш-төрт ғасырдың, әсiресе ХХ ғ шеңберiнде орасан-зор жетiстiктерге жеттi - оның ең биiк сатысы бұгiнгi таңдағы постиндустриалдық цивилизацияның шеңберiнде өмiр сұрiп жатқан бiршама Еуропа елдерi, АқШ пен Канада, Австралия т.с.с. Бұл елдер материалдық-техникалық жағынан қандай биiк сатыға көтерiлгенмен, рухани жағынан сондай тайыздыққа төмендедi - оның дәлелi орасан-зор қылмыстық, iшушiлiк, нашақорлық т.с.с. қазiргi уақытта бiзге жақсы таныс құбылыстар. Мәдениеттi нарық жолына қою - тобырдың нәпсi, дене интенцияларына (бағыт) байланысты дөрекi мәдениет формаларын тудырды. Биiк өнер тек қоғамның элитарлық аз тобының мүдделерiн қанағаттандырады. Адамның қоғам өмiрiндегi статусы (орны) - оның байлығымен анықталатын болды - Э.Фроммның айтуына қарағанда “иелену арқылы болу» - негiзгi адам өмiрiнiң мән-мағнасын анықтайтын принципке айналды. Сонымен, тән ләззәты бiрiншi орынға қойылып, материализм бағыты тек қана философияда ғана емес, бұкiл өмiрдi шырмап толығынан жеңдi. Бiз марксизмнiң өзi - Батыс дүниетанымының логикалық аяқталуы екенiн естен шығармауымыз керек.
Ендi Шығыс цивилизациясына келер болсақ, ол қауымдастыққа, қоғамдық мұдденiң жеке адамға қарағанда жоғары тұруына негiзделген. Бұл принциптi өзiнiң логикалық аяғына шейiн жеткiзiп бүкiл жеке меншiктi жойып, оны тотальды (бiртұтас) мемлекеттендiру арқылы жаңа қоғамды орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтiк тәжiрибе Кеңес елiнде сәтсiздiкке әкелгенiн таяудағы тарихтан жақсы бiлемiз. Бiршама Шығыс елдерiнде өндiргiш кұштер осы уақытқа шейiн төмен деңгейде, кедейшiлiк, күнбе-күнгi ең қажеттi нәрселердiң жетiспеушiлiгi - көп жылдарға созылған ауруға айналды.
Сонымен қатар, кейбiр Шығыс елдерi (Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтұстiк Корея т.с.с.) өз дiлi мен мәдениетiн сақтаудың негiзiнде ең соңғы озық технологияларды игере бiлiп, постиндустриалық цивилизация сатысына көтерiлдi. Осы жолмен тез қарқынмен дамып келе жатқан - жаңа ғана тiзесiнен көтерiлiп болашаққа ұмтылған алпауыт қытайды да атап кетуге болады.
Өз егемендiгiн алған қазақ елiнде реформалар басталғаннан кейiн көп ұзамай либералдық-демократиялық саяси бағыт басымдыққа ие болды. Алайда, бiздiң пәнiмiз саясаттану емес, философия болғандықтан, бұл салада қандай ойлар пайда болды,- деген сұраққа жауап берейiк.
“Шындық Батыста. Бүгiнгi таңдағы артта қалған елдер ертелi-кеш Батыс цивилизациясының соқпағына түсiп дамиды. Олардың ұлттық мәдениетi, дiлi ертең-ақ қоғамдық сананың шетiнде қалып “универсалдық» Батыс “mass media» толығынан өз басымдығына жетедi - бұл бүкiладамзат дамуының негiзгi жолы»,- деген пiкiрдi бiз Н.Амрекулов пен Н.Масановтың 90-шi жылдардың орта кезiнде шыққан еңбектерiнен оқимыз. Бұлар - ашық батысшылдар. Қазiргi қоғамдық санадағы олардың алатын орны мардымсыз.
Екiншi көлемдi топқа астыртын батысшыларды жатқызуға болады (Ж.Абдильдин, М.Тажин, Е.Ертiсбаев т.с.с., билiк басындағы бiршама қызметкерлер, әсiресе, батыс елдерiнен соңғы жылдары бiлiм алған, өз елiнде уақытында ұлттық мәдениеттен терең нәр алмаған жастар тобы). Олардың ойынша, Батыс цивилизациясындағы жеке адамның шығармашылық iс-әрекетiне негiзделген озық технологиялар, құқтық мемлекет үлгiлерiн т.с.с. жетiстiктерiн алып өмiрге дереу енгiзу керек, сонымен қатар, жеке адамдардың құқтарын сақтау негiзiнде олардың жасампаздық күш қуатын арттыру қажет; ұлттық руханияттың дамуын сол жолға бағындыру заңды нәрсе.
Кейбiр зиялылар (А.Машани т.б.) қоғамды апаттан құтқарудың негiзгi жолы исламдық бағытпен дамуда,- деген пiкiр айтады. Сонда ғана бiз өз болмысымызды сақтап қалуға мұмкiндiк аламыз. Алайда бұл бағытты қолдайтын топтар көп емес: ол, бiр жағынан, кеңес заманынан берi келе жатқан ағарған саясатқа, екiншi жағынан, қазақ халқының ислам дiнiнде тарихи терең тамырланбағанына байланысты болса керек.
Соңғы зиялылар тобы Отандық бағытты (А.қасымжанов, Т.Сарсенбаев, А.Касабек, Д.Кiшiбеков, т.б.) ұстайды. Олардың ойынша, қоғамның тұбегейлi өзгеру жолында ұлттық дiлiмiз бен дәстүрлi мәдениетiмiздi сақтай отырып, озған елдердiң жетiстiктерiн соларға бейiмдей қабылдап, өзгеруiмiз керек. Сонда ғана бiз өз-өзiмiздi сақтап қалып, трансұлттық корпорациялардың тудырған жаңа мәңгүрттерiне айналмаймыз - жеке тұлғаның ерiктiгi әрқашанда қоғамдық мүдденiң шеңберiнен шықпай, құзға кетiп бара жатқан “соқырдың ерiктiгiне» ұқсамауға тиiс. Бұл бағыттың жақтаушылары зиялылар арасында ең көп болғанымен, қазiргi саясатта олардың үндерi әлсiз естiледi.
Жалпы алғанда, либералдық-демократиялық саясаттың өзi нақтылы ащы шындықтың негiзiнде дүниеге келген болатын. Егемендiктi алу барысындағы қалыптасқан iшкi және сыртқы ахуалдың өзi бiзге басқа жолды таңдауға мұмкiндiк бермедi. Өкiнiшке орай, оны егжей-тегжей талдауға кiтаптың көлемi мүмкiндiк бермейдi.
Сонымен қатар, қоғамның тез арада байлар мен кедейлерге жiктенiп, олардың арасындағы алшақтықтың өсуi, “байлық пен бақытты болу жақсыұ деген идеологияның негiзiнде руханияттың жүдеуi, қоғамның бiршама бөлiгiнiң, әсiресе, буыны қатаймаған, өмiрден алған тәжiрибесi тайыз жастардың батыстық тойымсыздық пиғылына өтуi, осыған байланысты “әлеуметтiк аномияныңұ (ауытқу) шектен тыс өсуi, жекешендiрiлу жолында жасалған келеңсiз жәйттер т.с.с. әлеуметтiк наразылықты күшейтiп, билiк басындағылар жұргiзiлiп жатқан саясатқа түзетулер еңгiзуге мәжбүр болды.. Қазiргi таңда жүргiзiлiп жатқан саясаттың әлеуметтiк-демократиялық бағытқа қарай жылжып бара жатқанын байқауға болады. Оның толық жеңiсi - халық болашағын анықтайтын бағыт болмақ.