2010 жыл 29 қаңтар жаңа онжылдық – жаңа экономикалық Өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері



бет1/17
Дата21.07.2020
өлшемі158 Kb.
#63506
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы.

2010 жыл 29 қаңтар
ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ.

Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік.

Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды.

Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік.

Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті.

Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды.

Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.

Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды.

Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды.

Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық.

Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз осындай жарқын болады деп сенемін.

Менің басты мақсатым – еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Бүгінгі Жолдауым осыған арналған. “Қазақстан-2030” Стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы онжылдыққа бағдарлама жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат – осы Стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау.



Каталог: files -> pos
pos -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
pos -> Требования к реферату для сдачи кандидатского минимума по дисциплине «История и философия науки» Обязательной составляющей кандидатского экзамена по «Истории и философии науки»
pos -> Оңтүстік Қазақстан облысы Южно-Казахстанская область South Kazakhstan region
pos -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көрікті орындары Сабақтың максаты
pos -> «Қазақ әдебиеті» сабағы 8-сынып «Қазақ әдебиеті 8-сынып»электронды оқулығы
pos -> Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә. Тәжібаев «Толағай» Сабақтың мақсаты
pos -> Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!
pos -> Қадірлі қазақстандықтар!
pos -> Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
pos -> Қазақ тілі сабағы, 5 сынып Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Рублевка орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет