Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат
Қазақ халқының қалыптасуы тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның жаңа экономикалық саясат кезіндегі әлеуметтік -экономикалық дамуындағы өзгерістер туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, тарихи оқиғаларды оқып үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Өз елінің тарихын танып, оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Танымдық ойын, топпен жарыс, сұрақ-жауап. Көрнекілік құралдар : интерактифті тақта, тақырыпқа байланысты слайдтар, таратпалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
Оқушыларды топқа бөлу. ( Түрлі-түсті жетондар ақылы топтарға бөлу)
Таныстыру: Топ басшысын тағайындау. Топ басшысы өз тобын таныстырады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қазақстан азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында. Әскери коммунизм саясатының жүзеге асырылуы.
Шығармашылық тапсырманы оқыту. (Қазақстан азамат соғысы жылдарында (эссе)
«Кім жылдам?» ( Екі топқа жылдам сұрақтар қойылады)
1-топтың сұрағы.
Азамат соғысы деп қандай соғысты айтамыз? (Мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы).
1918 жылы маусымда атаман А.Дутов басып алған қала: (Орынбор)
Азамат соғысы жылдарында ақгвардияшылармен бір топта болған: (Алашорда)
Азамат соғысы жылдарындағы Торғай уезінің әскери комиссары: (А.Иманов)
Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуда үлкен рөл атқарған: қорғаныс: (Черкасск қорғанысы)
Колчак әскерін талқандау міндеті жүктелген Шығыс майданының Оңтүстік тобының қолбасшысы: (М.В.Фрунзе)
1919 жылы Шығыс Қазақстанды азат еткен Шығыс майданның 5- армиясының қолбасшысы: (Тухачевский)
Азамат соғысы жылдарында атаман Анненковтың бұйрығымен «Монғол» кемесінде тірідей өртелген Өскемен уездік Кеңесінің тұңғыш төрағасы: Яков Ушанов
Орал майданы қашан жойылды? (1920 жылы 5 қаңтар)
1919 жылы қаңтар айында Қызыл Армия қай қалаларды азат етті? (Орынбор мен Орал)
2-топтың сұрағы.
1. Азамат соғысы болған жылдар: (1918 -1920 жылдар)
2. 1918- 1920 жылдары азамат соғысында большевиктерге қарсы шыққан топ: («Ақтар)
3. Кеңестердің Түркістан мен Қазақстанда құрған әскери бөлімдерінің атауы: («Мұсылман бөлімдері»)
4. Азамат соғысы басталған кезде ақгвардияшыларға көмек ретінде Иран мен Каспий өңіріне енген әскер: (Ағылшын әскерлері)
5. 1920 жылдары Дала өлкесінің төтенше комиссары: (Ә. Жангелдин)
6. Қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі: (Б.Қаратаев)
7. 1918 жылы маусымда Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстыратын теміржолды кесіп тастаған әскери қолбасшы: (А.Дутов)
8. Азамат соғысы жылдарында Ой болысында партизан жұмысын ұйымдастырушы кім? (Кәкімжан Саркин)
9. Жетісу майданы қашан жойылды? (1920 жылы наурызда)
10. Азамат соғысының кескілескен қырғынында қаза тапқан адамдар саны:( 8 млн адам)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың мақсаты таныстырылады.
Жаңа экономиалық саясатқа (ЖЭС) көшу және оның барысы.
1921-1922 жылдардағы ашаршылық.
Жер-су реформасы.
Кіріспе сұрақ. ( 9-сыныптан өткенді еске түсіру).
1. Жаңа экономиалық саясат дегенді қалай түсінесіңдер? (ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет).
Жер-су реформасы дегенді қалай түсінесідер? (Отаршылдық жылдары тартып алған жерледі қайтару).
Жер-су рефорамасы қашан жүргізілді? (1921 жылы).
Топпен жұмыс жүргізу.( Оқушыларға оқулықтағы мәтінмен танысып постер қорғау тапсырылады. Топ ішінде оқығандарымен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады. Жаңа ой, пікір, түсінік береді).
І-топ. Жаңа экономиалық саясатқа (ЖЭС) көшу және оның барысы.
ІІ-топ. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық.
«Орнын тап!» (Тиісті сөздерді орнына қою керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай, екі топ жауаптарын ауыстырып тексереді) .
Республикадағы қоғамдық саяси өмір.
1. 1925 жылы ақпанда ...........................................................................................
өлкелік ............................... деп өзгертілді.
2. .................. жылы ...................... Орынборда Қазақстан .......................................
І................................................................ болып өтті.
3. Қазақстан мен Түркістандағы дарынды комсомол ұйымдастырушысы болған -
.........................................................................................................................................
4. 1923 жылы 22 қарашада ......................Орталық Атқару туралы комитеті ............
.................................... тілінде туралы Декрет шығарды.
5. Орталықтағы .................................................. табынғандай, Қазақстанда жергілікті көсем .................................................. бас ұру, төрешілдік құбылыстары орын алды.
( Дұрыс жауаптар).
Қырғыз облыстық партия ұйымы; партия
1921, шілдеде, Қазақстан комсомолының, съезі;
Ғани Мұратбаев;
Қазақстан, қазақ , іс-жүргізуді енгізу
Сталинге, Голощекинге;
ІҮ. Сабақты бекіту.
«Мәтін сұрақ»
1921 жылы 14 маусымда енгiзiлген ... декрет бойынша көшпелi және жартылай көш пелi қазақ шаруалары ет салығынан босатылды. Еңбек және қорғаныс Кеңесiнiң қаулысына сәйкес, Қазақ АКСР-iне ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдарын сатып алу үшiн несие бөлiндi. Кеңес үкiметi Қазақстанға егiн шықпау салдарынан зардап шеккен шаруа лардың мал сатып алуы үшiн аз да болса қаражат бөлдi.
А. «Мал салығы туралы»
В. «Жер салығы туралы»
С. «Азық салығы туралы»
Д. «Нақты ет салығы туралы»
Мәтінді оқып дұрыс жауапты анықтаңыз?
1921 жылы Жетiсуда жер реформасы жүргiзiлдi. ........ еңбекшiлерiне олардан 1916 жылғы көтерiлiстi басу кезiнде тартып алынған жерi қай тарылды. Сонымен бiрге бұрынғы офицерлер жерi мен еркiн қоныстану учаскелерiнен Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшiн көлемi 1 млн десятинадан астам жер қоры құрылды. Көбiнесе шеттен келушiлердiң бәрi отаршы-кулактар қатарына жатқызылып, мұның өзi олар мен байырғы халық арасында ұлт араздығын туғызды.
А. Қазақ, башқұрт
В. Қазақ, қырғыз
С. Қырғызғ ұйғыр
Д. Қазақ, қырғыз және ұйғыр
Билiк иелерi 1921 жылғы наурызда азық салғыртын қандай салықпен алмастыруды көздеді? азық салығымен.
«Сәйкестендіру» (Дұрыс жауаптарын тауып сұрақтың толық нұсқасын айтып беру, әр дұрыс жауап 1 ұпай)
«Қосшы одағы» А. 40,5 млн млн бас мал
1924 жыл 1 қаңтар В. 1/3
1924-1928 жж С. тракторлар
1924-1925 жж Д. 1921 жыл
Аштық Е. Ақшалай салық
(Дұрыс жауаптар).
Қосшы одағы 1921 жылы құрылды. 1-Д
1924 жылы 1 қаңтардан бастап ақшалай салық енгізілді.2-Е
1924-1928 жылдары мал саны 40, 5 млн-ға жетті. 3-А
1924-1925 жылдары республикаға тракторлар әкеліне бастады. 4-С
Республика халқының 1/3 бөлігін аштық жариялады. 5-В
5.Мәтіндегі артық сөздерді алып тастаңыз?
Тоталитарлық жүйе логикасы ел тарихында бұрын соңды болып көрмеген трагедияға — әлеуметтік-экономикалық генотиптің, шаруа табының жойылуына,
халықты геноцидке ұшыратуға, сауатсыздықты жоюға әкеліп соқтырды. Қоғам ұзақ жылдарға артта қалды, өзіне тән әмбебаптығынан, бүкіладамзаттық өркениетке қосылу мүмкіндігінен айырылды.
А. әлеуметтік-экономикалық генотиптің
В. шаруа табының жойылуына,
С. халықты геноцидке ұшыратуға
Д. Сауатсыздықты жоюға.
«Венн» диаграммасын толтыру. (Екі топ әскери коммунизм саясаты мен жалпы экономикалық саясаттың ерекшеліктерін Венн диограммасына салып көрсету.
«Әскери коммунизм» ЖЭС
саясаты
Ү. Бағалау. Топ басшылары. Бағалау парағына ұпайларын есептеп, оқушыларды бағалайды.
Қорытындылау. Рефлекция өз ойларын «Білім ағашына» стикерлер арқылы жазып көрсету.
ҮІ. Үйге тапсырма: ЖЭС-тің қиыншылықтары мен табыстары туралы талдау жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |