Малды генотипі бойынша бағалау және іріктеу



бет1/2
Дата14.11.2019
өлшемі4,07 Mb.
#51804
  1   2
Байланысты:
Зертханалық жұмыс 8

Зертханалық жұмыс 8
Малды генотипі бойынша бағалау және іріктеу

Жоспар: 1Шығу тегі бойынша бағалау және іріктеу (шежіре



бойынша); 2. Ұрпақ сапасы бойынша бағалау және іріктеу.


Генотип – ол ағзаның сыртқы орта жағдайларына тұқым қуалаушылық факторларының жиынтығына сәйкес ерекше жауап межесі. Генотипті барлық гендер өзара байланыс жасайтын жүйе ретінде карастыруға болады. Генотиптің коршаған ортамен қарым-қатынасы белгілердің фенотиптік айқындалуына әсер етеді. Қоршаған орта жағдайлары әрқашан қатты ауытқитындықтан, ағзаның даму жағдайларына байланысты сол бір генотип әр түрлі фенотиптерге жүзеге асуы мүмкін.

Малдың дамуына азықтандыру жағдайлары қалай әсер ететіні жайлы тәжірибиелерден жақсы белгілі. Біздің мәліметіміз бойынша, бір күнде туған дегерес құйрықты тұқымды қойлардың бала қошқарларының 2 тобын (5 бастан) 4 айлық жасынан бастап, әр түрлі азықтандырады. Олардың біреуін жоғары деңгейде азықтандырды (жайлаулық азыққа қосымша жыл барысында 300 г құнарлы азық, ал қыста оған қоса 2,0 кг шөп берілді), 1,5 жасындағы орташа есеппен олардың салмағы 71 кг, ал жайлаудағы басқа топ сол жаста тек 50 кг болады.

Қойлар бір тұқымға жатса да, яғни олардың генотипі ұқсас болса да, олардың фенотиптік айырмашылықтары көрініп тұрады. Бұл айырмашылықтар – қоршаған ортаның түрлі жағдайларына (азықтандыру) ұқсас генотиптердің "жауап межесінің" түрлі нәтижесі. Бұдан, асыл тұқымды мал үшін өсірудің қолайлы жағдайларын (азықтандыру, ұстау және күту жағдайлары) жасау керек деген қорытындыға келеміз, осыны ескерген жағдайда ғана, олардың потенциалды генетикалық мүмкіндіктері байқалады. Ағзаның генотипінің табиғаты екі жақты болып келеді. Бір жағынан, ол кез келген белгілердің дамуына әсер ететін жеке бірліктерден, яғни гендерден құралады. Екінші жағынан, гендер байланысы нәтижесінде, ағзаның даму барысында генотип өзін дамудың барлық үдерістерін реттейтін жеке, тұтас жүйе ретінде көрсетеді.

Малды генотип бойынша іріктеудің мәні шығу тегі (олардың ата-тектерінің фенотипі мен генотипі), шеткі туыстары (осы туыстардың фенотипі мен генотипі) және ұрпақтардың сапасы (төлдерінің фенотипі) бойынша бағалауына негізделеді.

Шеткі туыстары бойынша (ағалары, апалары, жартылай аға, жартылай апалары) бағалауды мал әкесінің ұрпақ сапасын бағалау кезінде жүргізеді. Қорытындысында бұл бағалау малдың шығу тегін нақтылауына әкеп соғады. Демек, зоотехнияда малдың генотипін анықтау үшін, оның туыстарының фенотипі бойынша екі негізгі әдіс алынған:

1. Шығу тегі бойынша бағалау және іріктеу (шежіре

бойынша);

2. Ұрпақ сапасы бойынша бағалау және іріктеу.



Шығу тегі бойынша (шежіре бойынша) бағалау мен сұрыптау Шежіре деп – малдың жүйеленген ататегінің тізімін айтады. Ол белгілі бір ретпен көрсетілген асыл тұқымды малдың ататегі жөніндегі мағлұмат бар құжат. Сондай-ақ бұл тізімде малдың аты мен жеке нөмірінен басқа, олардың өніміне байланысты мәлімет болуы тиіс. Шежіре бойынша бағалауда белгісіз көлеміне ұрпақтың көрсеткіштері алынады. Оны әкесінің, анасының, шеткі туыстары мен алыс ататектерінің мәліметтеріне негіздеп бағалайды. Бұдан, малдың мүмкін болатын асыл тұқымды құндылықтары жөнінде алғашқы ақпарат ретінде, оның ататектерінің өнімділігі болып табылады. Малдың болашақтағы асыл тұқымды қасиеттері жануарларды жұптастыру кезінде, әсіресе тапсырыс берген шағылыстырулар кезінде жоспарланады.

Генеалогия. Ата-ана мен олардың төлдері, ататектері мен олардың ұрпақтары арасындағы туыстық жөніндегі жүйеленген, нақтыланған мәлімет ретінде генеалогия мал шаруашылығында бұрыннан қолданылды. Мәселен, Араб жылқысы үшін шежірені 1500 жылдан бұрын, ахал-теке жылқысы үшін одан да ерте жүргізіледі. Оларды жазбай, ауызша көп санды ұрпақтар үшін жүргізді. Арабтар да осылай жасаған: анадан қызға, қыздан немереге, шөбереге және т.с.с, ахал-текеде әкесінен ұлға, ұлдан немереге және т.с.с. Таза қанды араб тұқымын шығару үшін, атақты ата-тектеріне, бәйгедегі үлкен сыйлықтарға, тотализатор ұтысына үлкен көңіл аударылып, жеңімпазға деген баға ағылшындарды толық шежірені жасауға итермеледі. Ал ең маңыздысы, осы тұқым бойынша арнайы асыл тұқымды кітап шығарылып, 1793 жылдан бастап Англияда, 1836 жылдан бастап Ресейде жүйелі түрде генеалогиялық мәліметтер басылып шығарыла бастады. Асыл тұқымды шаруашылықтар тауарлыдан біртіндеп бөлінді. Олардың ең басты ерекшелігі шежірені мұқият жүргізуі болып саналады.

Малдың шығу тегі нақтыланған соң, шежіре талдауына кіріседі. Бұл кезде ататегі (олардың өнімі) жөніндегі мәлімет сапасы мен санының үлкен мәні болады. Шежіре бойынша бағалаудың қиындығы ататегі жөніндегі мәлімет көлемі бірдей болмауында және сұрыпталатын белгілердің көбі жыныспен шектелген.

Асыл тұқымды малдың шежіресінде ататегінің саны көп болады. Егер малдың құжаттарында ататегі төрт генерацияда жазылатын болса, онда шежіреде 30 мал жөнінде мәлімет бар. Бұдан мәліметтің шексіз комбинация мүмкіндіктері пайда болады, шежіреде ата-тегінің орны, оның жынысы, өнімділігі жөніндегі мәліметтеріне байланысы шежіренің бірнеше түрі анықталған.



Шежіре түрлері 1. Кәдімгі шежіре. Басқа шежіре түрлерімен салыстырғанда, бұл түр ежелгі болып саналады, қазір мал шаруашылығында кең тараған және қолдануға өте ыңғайлы болғандықтан, оны классикалық деп атауға негіз бар. Оның ататегі қатарларын бағандалған тор ретінде жасаған немістің ғалымы А. Шапоруж болды. Осындай шежіренің үлгісі ретінде дегерес құйрықты тұқымды қойдың № 30157 (34-кесте) КССРО ХШЖК 1997 жылғы қатысушысының шежіресін алуға болады. Шежіренің тор қатарларын аналық (сол) және аталық (оң) жақ деп бөледі. Бірінші қатарда әкесі мен шешесі туралы мәліметі, екінші қатарда төрт ататегі жөнінде (әкесі мен шешесі бойынша аталары мен әжелері); үшіншіде сегіз ататегі жөнінде (төрт арғы атасы мен төрт арғы әжесі); төртіншіде он алты ататегі туралы (сегіз арғы атасы мен арғы әжесі) жазылады. Шежіреде әр ататегінін орнын қысқаша әріптермен белгілейді: Ш - шешесі, Ә - әкесі. ШӘ - шешесінің әкесі, ӘӘ - әкесінің әкесі, ШШ - шешесінің шешесі және т.с.с.

Дүние жүзінде барлық асыл тұқымды малдар түрлерінің шежіресін жасаған кезде бір ереже қолданылады: әкелерді оң жақта, шешелерді сол жакта, төменде ұлдарын немесе қыздарын орналастырады.



2. Тізбекті шежіре. Ол малдардың шығу тегін анасы жағынан тура сызық бойынша талдама жасауға, табында отбасын анықтауға, аналықтарға аталықтарды таңдауға өте қолайлы. Осындай жүйе бойынша жазылған өндіруші № 30157 дегерес тұқымды қойдың шежіресі 1-суретте берілген. Осы форма бойынша шежірені құруға аз уақыт кетеді және қолайлы, бірақ осындай күйде көп орын алады және басылым жұмыстарына кедергі келтіреді бөгейді және қиындатады.

1-сурет. Дегерес құйрықты тұқымының №30157 қой шежіресі


3. Бөлшек түріндегі шежіре. Алымда пробанданың әкесінің, әкесінің анасының, анасының анасының, әкесінің мәліметтерін жазады, ал бөлігінде оның анасы, анасының анасының анасының мәліметтерін және т.с. көрсетеді. Жазу пішіні мынадай болады:

Пробанд = Ә - ӘШ - ӘШШ - ШШШ

Ш - ШШ - ШШШ - ШШШШ



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет