Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушыларды модельдеу кезеңдерімен таныстыру



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі237,66 Kb.
#25865
түріСабақ
  1   2
Сабақтың аты: Модельдеу кезеңдері. (1-сабақ)
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Оқушыларды модельдеу кезеңдерімен таныстыру.

  2. Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік. Оқушыларды мұқият тыңдап, тапсырмаларды тиянақты орындауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгіме.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеу.


  1. Үй жұмысын тексеру.

    • Модель дегеніміз не?

    • Модельдің қандай түрлері бар?

    • Мысалдар келтір?




  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Модельдеу – адамның өз іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлап, дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік береді.

Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін құру.

Модельдеудің негізгі кезеңдері суретте көрсетілген:


1-сурет. Модельдеу кезеңдері



Бірінші кезең — модельдеу мақсаттарын анықтау. Олардың негізгілері:

  • нақтылы объект қалай ұйымдастырылған, оның кұрылымы, негізгі қасиеттері, қоршаған әлеммен өзара әрекеттері қандай екенін түсіну;

  • объектіні (немесе процесті) басқаруды үйрену және берілген мақсаттар мен критерийлер жағдайында басқарудың ең тиімді тәсілдерін анықтау;

  • объектіге әсер етудің тікелей және жанама салдарларды болжай білу.

Екінші кезең — бастапкы процесті (объектіні нобайлау). Бұл кезеңде информацияның нақтылы объектіден бөлінуі жүреді, маңызды информация есепке алынып, маңызды еместері алынып тасталады, объектінің әрекеті немесе процесс барысы оларға тәуелді шамалардың (кірістік шамалар), сондай-ақ модельдеу нәтижесінде алынуы дұрыс болатын шамалардың (шығыстық шамалар) тізімі құрастырылады. Бір есеп үшін маңызды информация, басқасы үшін маңызсыз болып шығуы мүмкін. Маңызды информацияның жоғалуы дұрыс емес (қате) шешімге әкеледі немесе тиісті шешім алуға мүмкіндік бермейді. Маңызсыз информацияны есепке алу жөнсіз қиындықтар туғызады, шешімге әкелетін жолда кедергілер жасайды. Кірістік параметрлерді олардың өзгеруінің шығыстық параметрлерге әсері маңыздылығының дәрежесі бойынша болу (ранжирлеу) өте маңызды.

Үшінші кезең — сипаттаманы іздеу. Бұл кезеңде модельденіп отырған объект туралы информация бөлініп орналастырылады (құрылымданады) да, компьютерде өңдеуге дайындалады. Модельдің абстрактілі сипаттамалық тұжырымдамасынан нақтылы мәні бар тұжырымдамаға өту қажет. Модель жасалғаннан кейін оны зерттеу әдісі тандалады.

Төртінші кезең — алгоритм құру және компьютер үшін программа жазу. Бұл шығармашылық және қиын формальданатын процесс. Қазіргі кезде программалаушының құрылымдық және объектілік-бағдарланған тәсілдері кең тарады. Программалау тілін таңдау әдетте программалаушыны тәжірибесімен, кейбір стандартты көмекші программалардың және ашық кітапханалардың болуымен анықталады. Кейбір жағдайларда есептеулерді дайын программалық өнімдерді, мысалы, электрондық кестелерді немесе арнайы математи­калық кестелерді пайдаланып жүргізу қолайлы.

Программаны құрастырғаннан кейін оның көмегімен елеулі қателерді жою мақсатында қарапайым тестілік есеп (жауабы алдын ала белгілі болғаны жақсы) шешеміз.

Егер процестің компьютерде алынған кейбір сипаттамалары эксперименттіктер мен дәлдіктің берілген дәрежесінде бірдей болса, модель нақтылы процеске пара-пар. Модель нақтылы процеске сәйкес болмаған жағдайда, алдыңғы кезеңдердің біріне қайтып келеміз. Қайтудың мүмкін нүктелері схемада көрсетілген: не нобайлау процесінде қандай да бір маңызды факторлар алынып тасталған немесе маңызсыз факторлар тым көп алынған, сондықтан модельді анықтау қажет; не зерттеу әдісі сәтсіздеу болғандықтан, күрделірегін және дәлірегін қолдану керек. Қандай да бір өзгерістерді енгізгеннен кейін қайтадан технологиялық тізбектің бөлігі бойы өтеміз және мұны жарамды нәтиже алғанша жасай береміз.

Егер нәтижелер эксперименттік деректерге немесе біздің интуициялық түсініктерімізге сәйкес болса, программа бойынша есептеулер жүргіземіз. Нәтижелер жинақталады да, тиісті түрде өнделеді.



  1. Қорытындылау.

    • Модельдеу дегеніміз не?

    • Модельдеу неше кезеңнен тұрады?

    • Қысқаша түсіндір.




  1. Үй жұмысы.

Жазған конспектіні оқу.


  1. Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Сабақтың аты: Модельдеу кезеңдері. (2-сабақ)
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Оқушыларды компьютерлік модель құрастыруға үйрету.

  2. Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік. Оқушыларды мұқият тыңдап, тапсырмаларды тиянақты орындауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: практикум сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: карточка.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеу.


  1. Негізгі кезең.

1-мысал. Мұхит лайнеріне тербеліс туғызатын екі негізгі сыртқы күш әсер етеді. Екі тербелістің қосылуын модельдеу керек.
І кезең. Мақсат – мұхит лайнеріне әсер ететін тербеліс процестерін зерттеу.

ІІ кезең. Зерттеу үшін тербелістерді сипаттайтын теңдеулер қажет болады.

ІІІ кезең. Тербелісті сипаттайтын теңдеу F=A*cos(ωT + φ).

Белгілеулер енгіземіз: бірінші тербелісті сипаттау үшін F=F1; A=A1; φ=W1, екінші тербеліс үшін F=F2; A=A2; ω=W2; φ=FІ. Онда суретте көрсетілген (1-сурет) тербеліс процестерінің теңдеулері мына түрде болады:

F1(T)=A1*cos(W1*T);

F2(T)=A2*cos(W2*T)+FІ;

мұнда А1, А2 – бірінші және екінші тербелістердің амплитудалары,

W1, W2 – жиілік ,



FІ – фазалардың ығысуы.

1-сурет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет