Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы



бет131/175
Дата24.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#187769
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

а)материалдық болмыс
Бүгінгі таңдағы ғылыми деректерге сүйенсек, материалдық Дүние осыдан 20 млрд. жыл бұрын болған “Ұлы Жарылыстың” нәтижесінде пайда болды. Оған дейін материя өзінің сингулярлық, яғни бірнүктелік орасан-зор қысымдық жағдайында болған (нүкте көлемі – атомдай – 10 - минус 8 дәрежедегі см., болса, қысымдығы 10 – 94 дәрежедегі г./см!!!). Мұндай жағдайда өмір сүрген материяның ішінде қандай үрдістердің болғаны жөнінде ешкім ешқандай болжам айта алмайды.
“Ұлы Жарылыстың” нәтижесінде негізінен материяның құрылымының үш деңгейі пайда болды:
1. Макроәлем, ондағы заттардың көлемі адамзат тәжірибесімен салыстырмалы; кеңістік - мм., см., км., ал уақыт – сек., мин., сағ., жыл ұзақтығымен беріледі;
Микроәлем – көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектерден тұрады. Олардың көлемі 10 минус 8 –ші ден 10 минус 16 дережедегі см. болса, өмір сүру ұзақтығы – 10 минус 24 дәрежедегі сек. дейін.
Мегаәлем – орасан-зор Ғарыштағы объектілер. Олардың бір-бірінен қашықтығы сәуле жылымен есептелсе, өмір сүру уақыты миллиардтаған жылдарға созылады.
Әрбір әлемнің шеңберінде өз өмір сүру заңдылықтары бар. Сонымен қатар, олар бір-бірімен өте тығыз байланыста екенін айтып кеткен жөн.
Бүгінгі таңда ашылған материяның екі түрін келтіруге болады. Оның бірі – табиғаттың заты болса, екіншісі – физикалық өрістер. Олардың бір-бірінен айырмашылығы :
зат бөлшектерден – атомдардан тұрады, ал өріс – бөлінбейді;
заттың бөлшектерінің тұрақты салмағы (массасы) бар, өрісте – жоқ;
заттың өткізбейтін, я болмаса аз өткізетін қасиеті бар, өріс - өткізгіштігімен танылады;
Өрістің тарауы сәуленің жылдамдығына тең болса, заттың жылдамдығы бінеше дәрежеде одан төмен.
Егер бізді жағалай қоршаған макроәлемді мыңдаған жылдар бойы адамзат зерттеп келсе, микроәлем мен мегаәлем соңғы ғасырларда ғана танылуда. Бүгінгі таңда микроәлемнің құрамында 300-ге жуық элементарлық бөлшектер ашылып, олардың қасиеттері зерттелуде.
Соңғы жылдары мегаәлемді зерттеуде де қомақты нәтижелер бар. Олардың бірі - Ғарыштың үне бойы кеңейуідегі үрдісі болса, екіншісі – реликтік ( relіc,- лат.,- қалдық) радиотолқындардың таралуы болды. Осы екі жаңалықтың негізінде “Ұлы Жарылыс” теориясы жасалған болатын – оны бүгінгі таңдағы ғалымдардың көпшілігі мойындады.
Ғарышты зерттеудегі келесі жаңалық - “қара нүктелер”, ғалымдардың пайымдауынша, олар сөнгеннен кейін коллапсқа (collapse,- ағылш. сөзі, - құлдырау) ұшыраған алып жұлдыздар. Біздің галактикадағы “Магеллан тұмандығындағы” жақында ашылған “үлкен жарылыс” – жаңа жұлдыздардың Дүниеге келуінің айғағы. Сонымен, бір жағынан жұлдыздар уақыты келгенде сөніп коллапсқа ұшырап “қара тесікке” айналып жатса, екінші жағынан жарылыстың негізінде жаңа жұлдыздар Дүниеге келіп жатыр.
Қорыта келе, материалдық Дүние үне бойы өзгерісте, қозғалыс пен даму үрдісінде екенін қазіргі жаратылыстану ғылымдары көрсетіп отыр. Біздің білетініміз - өкінішке орай, өте аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет