Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы



бет145/175
Дата24.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#187769
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Жүйе, элемент, құрылым
Жоғарыдағы талданған категориялар сияқты - жүйелік те болмыстағы заттар мен құбылыстарға тән қасиет. Ол Дүниедегі ретке келгендікті, белгілі бір заңдылықты, хаосқа қарсы тұрған үрдістерді сипаттайды.
Жүйе дегеніміз белгілі бір тәртіпке келген өзара байланыстағы элементтер жиынтығы. Элементтер деп нақтылы тұрғыдан алып қарағанда әрі қарай бөлінбейтін жүйенің негізінде жатқан оның бөлшектерін айтамыз. Басқа жағдайда, байланыстарда сол элементтердің өзі жүйеге айналуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, бүкіл Дүниені - жүйенің жүйесі ретінде қарауға болады.
Әрбір элемент белгілі бір жүйенің қалыптасуына қатысады. Егер ол болмаса, онда жүйе де қалыптаса алмайды. Элементтердің өзара байланысы мен іс-әрекеті жүйенің жаңа - өз элементтерінің қосындыларына тең емес - қасиеттерін тудырады. Мысалы, суды құрайтын су тегі мен от тегі – бөлек-бөлек алсақ - жаңғыш. Ал судың элементтері ретінде біріккен кезде, керісінше, отты сөндіретін қасиетке ие болады.
Қайсыбір жүйе - өзіне тән құрылымнан тұрады. Құрылым (структура) деп жүйенің элементтерінің арасындағы тұрақты байланыстары мен қарым-қатынасының жиынтығы айтылады. Ал тұрақты байланыстар – заңдылықтың негізінде жатқан жоқ па? Олай болса, құрылымды - элементтердің заңдылықты байланыстары десек те болғаны.
Дүниедегі сан-қилы жүйелерді ең жалпы түрде екіге бөлуге болады. Оның бірі – бейорганикалық, яғни, өлі табиғаттағы кездесетін жүйелер. Оған мысал ретінде күн жүйесін, неше-түрлі химиялық қосындыларды, техникалық жүйелерді келтірсек те болғаны. Олардың ерекшелігі – жүйе оны құрайтын құрамдас бөлшектеріне тәуелді. Мысалы, күн жүйесін құрайтын планеталардың біреуі болмағанда жердің орбитасы басқа болып оның бетінде, мүмкін, өмір пайда болмаған да болар еді !
Екінші – органикалық жүйелерді алсақ, олар өзінің өте күрделілігімен, сонымен қатар, бүртұтастықтың өзінің құрамдас бөлшектеріне қарағанда басымдылығының арқасында өмір сүреді. Олар өз-өзін толықтырып, өзіндік даму дәрежесіне дейін көтеріледі. Оған мысал ретінде қайсыбір тіршілікті алуға болады. Бейорганикалық жүйелердің бөлшектері (элементтері), салыстырмалы түрде қарағанда, дербес болып, өз-өздігімен өмір сүре алатын болса, органикалық жүйелердің элементтері жүйеге толығынан тәуелді, одан сырт қалса - өмір сүре алмайды. Мысалы, адамның бауыры мен бүйрегі біртұтас организм жүйесінен тыс өмір сүре алмайды, өз өмірін тоқтатады. Тек қана организм жүйесінің шеңберінде ғана басқа организмнің құрамдас бөліктерімен қарым-қатынасқа түсіп қана өмір сүреді.
Органикалық жүйелердің екінші керемет қасиеті – олардың ішкі даму бағдарламасының болуы. Оның терең мән-мағнасын бүгінгі таңда тез қарқынмен дамып келе жатқан генетика ғылымы зерттейді. Қоғам өмірінде ол саналы түрде жасалған мақсат-мұратқа айналады. Мысал ретінде “Қазақстан – 2030” бағдарламасын келтіруге болады.
Бүгінгі таңда ашылған ең күрделі жүйе, әрине, - қоғам. Қоғам өмірінде миллиондаған адамдар өмір сүреді. Олардың бәрі де саналы пәнделер, өз өмірін жоспарлап, өз алдына неше-түрлі мақсаттар қойып, оны іске асыру жолында басқа адамдармен топтасып, көзге көрінетін сан-алуан қарым қатынастарға түседі. Ал, көзге көрінбейтін саны жоқ қатынастарды тіпті есептеу мүмкін емес! Мысалы, дүкенге барып бір нан сатып алсаңыз – ол тек қана сізбен сатушының қарым-қатынасын көрсетіп қана қоймайды. Сол элементарлы байланыс сізді саны жоқ астыртын миллиондаған адамдармен қосады. Ол нанды ұннан жасайды, ал оны өндіру үшін бидай қажет, ол үшін егін егу керек, оған тракторлар мен септіргіштер керек, ал оларды жасау үшін темір рудасын өндіріп, оны металлургия комбинатында балқыту керек …т.с.с.!!!
Қоғамның күрделі жүйе екендігін реформа барысында, әсіресе, саясаткерлер естерінен шығармау керек. “Ең алдымен экономика саласындағы реформаларды жасап алайық, қалғаны бірте-бірте өз орнына келер”,- деген жалаң да тұрпайы ұрандар, құдайға шүкір, бүгінгі таңда келмеске кетті. Экономика қоғамның іргетасын құрайтындығы - хақ. Сонымен қатар, бүгінгі таңда “адам факторы” негізгі қоғам байлығына айналып жатқаны да еш күмән туғызбайды.
Қоғамды Дүниедегі ең күрделі жүйе ретінде қарағанда, оның өзі де ішкі оған бағынышты субжүйелерден тұратынын айқындаймыз. Бүгінгі кең тараған пікір – оны 4 субжүйеге бөлу:
1.экономикалық жүйе;
2.әлеуметтік жүйе;
3.саяси-құқтық жүйе;
4. рухани-адамгершілік жүйе;
Олардың әрбіреуінің өзіндік элементтері, құрылым заңдықтары бар. Бірақ, оларды талдауды “әлеуметтік философияға” арналған тарауымызда қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет