Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Әлеуметтік-саяси көзқарастар



бет16/175
Дата24.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#187769
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Әлеуметтік-саяси көзқарастар.
Кон-фу-цзы өзінің әлеуметтік көзқарастарында әрбір топтың тарихи қалыптасуында өз орны болуы керек және олардың арасындағы қарым-қатынастары - әдет-ғұрыптың негізінде ретке келіп отыруы керектігін көрсетті. “Ел басы (әрқашанда болуы керек) ел басы орнында, қызметші - қызметші орнында, әке - әке орнында, ұл - ұлдың орнында² – дейді ұлы ойшыл.
Сонау көне заманда Кон-фу-цзы заң мен моральдың арасын айқын ашып, өзінің таңдауын моральдық нормаларға, адамдарды заңдардың талабын орындауға мәжбүр еткеннен гөрі адамның сана-сезіміне ықпал жасап керекті талаптың әділеттілігіне көзін жеткізу арқылы қоғамды басқарған ұтымды деген пікір айтты. “Егер адамдарды заңдардың негізінде жазалап, шектеп ұстасақ, онда қылмысты жасамауы мүмкін, бірақ олардың жүрегінде жаман қылықтарға деген жиіркеніш қалыптаспайды. Егер адамдарды моральдық талаптарға сай тәрбиелесек, онда олар өздерінің жаман қылықтары мен пиғылдарынан ұялып, шынайы дұрыс жолға түседі².
Мемлекеттік істерді қалай жүргізуге болады?- деген оқушыларының сұрағына Кон-фу-Цзы былайша жауап береді: “Азық-түлік молынан болуы керек, қару-жарақ та жеткілікті болуы керек және қарапайым адамдардың үкімет басындағыларға сенімі болуы керек².
Егер мемлекет басына күн туса, онда қайсысын құрбан етуге болады, -деген келесі сұраққа, ол былайша жауап береді: “қару-жарақты құрбан етуге болады. Ал, тағы да құрбан етуге керек болса? Онда азық-түліктен бас тарту керек. Сонау көне заманнан осы уақытқа шейін адамдар аштықтан өледі. Бірақ халықтың жүрегінде үкіметке деген сенім азайса, онда ол мемлекет тұрақты болуы мүмкін емес²,- деген ғажап терең пікір айтты. Бұл пікірді біздің қазіргі заманымызға таратып, реформаларға баға берсек, Қытай реформаларының алға басуы халық пен үкімет басындағы адамдардың арасындағы берік сенімдіктің болуы. Халық саяси-экономикалық шешімдерді жұмыла іске асырады, ал басшылар өз халқына таза пиғылмен қызмет етеді.
Таным мәселелері.
Кон-фу-Цзыдың айтуына қарағанда, өздерінің табиғатына қарағанда адамдар бір-біріне өте ұқсас, бірақ өмірден алған дағды мен тәлім-тәрбие адамдарды әр-түрлі қылады. Тек қана ең биік даналық пен ең шегіне жеткен ақымақтық тұрақты.
Кон-фу-цзы білімді әр-түрлі дәрежеге бөледі. Ең биік білім – ол туа біткен білім. Одан төмен білім - игерілген, келесі - қиындықтарды бастан кешіп алынған білім. Бірақ, оңбаған адам басынан өткізген қиындықтардың өзінен сабақ алмайды,- деп өкінеді Кон-фу-Цзы.
Кон-фу-Цзы білімнің адам өміріне деген құндылығын жете көрсетті. “Барлық көргенің мен естігеніңді жүрегіңде сақта. қажымай-талмай оқудан тойынба, басқаларға біліміңді жеткізе біл²,- деген нақыл сөздерді айтады. Кон-фу-зы ойынша, білім саласында ерекше моральдық тазалық керек “Білгеніңді айт. Білмесең - білмеймін де. Тек осындай білімге деген көзқарас даналықты көрсетеді². Ойшының айтуына қарағанда, оқу білудің өзі де өте қиын жұмыс, ол адамның дербес өзіндік оймен тоқуын талап етеді.
Кон-Фу-Цзыдың ілімін әрі қарай дамытқан Мен-Цзы болды.
“Егер тек қана оқып, оқығанды ой елегінен өткізуге ұмтылмасақ, онда ол еш нәтиже бермейді. Ал күнбе-күн ой толғауы білім мен надандықты айырмайды. Аққан су сияқты, оған Батыс пен Шығыс бәрібір²,- деген ойына қарсы шығып, Мен-Цзы “Аққан су Батыс пен Шығысты расында да айырмайды. Бірақ ол жоғарыға аға алмайды, тек қана төменге ағады. Сол сияқты адамдардың бәрі де жақсылыққа ұмтылады²,- деп жауап береді.
Мен-Цзы адамдардың табиғи берілген басқа адамдарға деген аяныш, көңілін жұбату сезімі, ұяттық және ызалану сезімі, силау және табыну сезімі, шындық және жалғандық сезімдері бар деген пікір айтады. Осы сезімдердің негізінде адамды сүю, әділеттілік, әдеттілік, тану-білу қабілеті қалыптасады. Ал жамандық адамның табиғатынан, ия болмаса Аспанның еркінен емес, өмірдегі тапшылықтан, аштық-жаңалаштықтан пайда болады,- деген пікір айтады.
Мен-Цзы айтқан мына нақыл сөзге көңіл аударайық. “Мен өмірді бағалаймын, бірақ одан да қымбат- әділеттілік. Егер мен осы екеуін бірдей ұстай алмайтын жағдайда болсам,- онда мен әділеттілікті таңдар едім².
Мен-Цзы Кон-фу-Цзыдың адамды сүю принципін әрі қарай дамытуға көп көңіл бөледі. Біздің бүгінгі күннің ақуалына сай келетін мына нақыл сөздерді ойымызға тоқиық. “Құрметті Ван! Біз неге тек қана пайда жөнінде сөйлесеміз. Мен тек адамды сүю және борыш жөнінде айтқым келеді. Егер Ван мемлекеттің пайдасы жөнінде айтса, онда құзыр иелері өзінің үйін қалай байыту керектігін ойлайды. Қалғандары өз пайдасын қалай табу керектігін ойлайды. Мұндай жағдайда жоғарыдағылар мен төмендегілердің арысында ұрыс-керіс басталып, мемлекетке қауып төнеді. Егер борыштан гөрі пайда табу басым болса, адамдар бірінікін-бірі тартады².
Сондықтан, үкімет басындағылар қандай болса, халық та сондай. “Басшылар жел сияқты, ал қарапайым халық- шөпке ұқсайды. Қайда жел үрлесе, сол жаққа шөп майысадыұ,-дейді Мен-Цзы. ққ б.ғ.д. заманда ресми мемлекет дініне айналып, Кон-фу-Цзы ілімінің негізгі құндылықтары осы уақытқа шейін Қытай мемлекетінің идеологиясының негізінде жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет