Дәрістер жинағы Ақтөбе, 2017



бет35/45
Дата06.02.2023
өлшемі174,29 Kb.
#167664
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
open-file
сор и соч 4кл Алихан Аскарович, Скачать готовую базу данных access Сотрудники, 1452744584383
Кері тізбек - ересек адам балалармен тапсырманың соңғы кезеңімен жұмыс істегенде, бүкіл тапсырманы толығымен кері қарай қайталауы. Бұл тәсіл әсіресе өзіне-өзі көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруда өте пайдалы.
Қиын-қыстау кезең (критический период) - мидың кейбір бөлімдерінің айналаның өзгерістері мен әсеріне көбірек шалдығу уақыты.
Колданбалы зерттеу - шынайы дүниедегі проблемалар мен ахуалдарды жоспарлы және жүйелі түрде оқып-білу. Оның мақсаты- қоғамдық ғылымдарда қабылданған зерттеу әдістерінің бірнеше түрлерін қолдана отырып, бұл проблемаларды түсіну және шешу жолдарын ұсыну.
Қорғану рефлексі - нәрестелерден байқауға болатын туғаннан біткен механизмдер. Мысалы: жарық қатты түскенде, көзінің қарашығының тарылуы немесе көз алдында қимылдаған заттан қорғанып көзін жұмуы.
Қорыту - жалпы белгілерді, заттардың орнықты қасиеттері және анық құбылыстарды ерекшелеу мен бекітуден тұратын ойлау түрі; жеке адамға бақылаудың жеке және екінші дәрежедегі жағдайларынан тәуелсіз, заттардың қасиеттері мен байланыстарын бейнелеуге мүмкіндік береді.
Құндылық - жеке адам үшін болмыстың бір белгілі көрінісінің мағынасы. Құндылық бағдары - әлеуметтік тәжірибені, эстетикалық, этикалық және субъект үшін маңызы зор жеке құндылықтармен бағдарлар болып табылатын басқа да айналадағы болмыстың маңызына қарай бағалай білудің негіздерін игеру процесі.
Құпиялылық - жариялауға болмайтын, өзара сенімділікте жүргізілетін әңгіме.
Құрақ (коллаж) - көркемөнер туындысы, әртүрлі материалдарда құрап орындалған картина.
Қызмет - субъектінің айналадағы шындықпен белсенді түрде қарым-қатынасы мен оның барысында субъектіні және оған бағытталған объектінің психикалық қызметінде өзгерістер болуы.
Л
Лабильдік - өзгерістерге бейім, тұрақты емес.
Лейкоэнцефалит-мидың ақ дақтарының қабынуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет