Дәрістер жинағы Ақтөбе, 2017



бет32/45
Дата06.02.2023
өлшемі174,29 Kb.
#167664
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
open-file
сор и соч 4кл Алихан Аскарович, Скачать готовую базу данных access Сотрудники, 1452744584383
Жіктеу (классификация) - объектілерді нақты бір белгілері бойынша бөлуден тұратын ойлау операциясы.
З
Заттық іс-әрекет - затты пайдаланудың көпшілік ойлап тапқан жолдарын тану процесіндегі, баланың нәресте шағындағы басты іс-әрекеттері.
Зейінді шоғырландыру (концентрация) - бір іске ерекше терең назар аудару дәрежесі.
И
Идентификация (ұқсастыру) - баланың жеке басын және оның мінез-құлық стереотиптерін қалыптастыратын механизм.
Инновация - әлеуметтік тәжірибеде (әлеуметтік - педагогикалық тұрғыдан) маңызды өзгерістер туғызатын жаңалықтардың әр түрін шығарып және оларды іс жүзінде қолдану.
Инсульт - миға қан құйылу.
Инстинкт (түйсік) - белгілі бір стимулға лайықты іс-әрекетпен жауап беру мүмкіндігі, туа біткен мінез-құлық түрі.
Интеграциялық жинақтау - зерттелуші баланың дамуындағы өзгерістерді қосып талқылау немесе тұжырымдау.
Интеллект (ой-өріс) - адамның білім мен тәжірибені игеру және пайдалануға дайындығын анықтайтын жалпы танымдық қабілеті.
Интерактивтік - (ағылш. тілінде іпіегасііуе) - өзара әрекеттесуші.
Интериоризация - сыртқы іс-әрекеттердің ішкі іс-әрекеттерге өту процесі. К
Катамнез (гректің kata - кейін, mnesis – еске түсіру деген сөзінен алынған) – ауруға қойылған диагноздан, қорытындыдан, медициналық-педагогикалық ісшаралардан кейінгі арнаулы білім беру мекемесін аяқтаған соң аурудың жағдайы мен организмдегі ауру динамикасы туралы мәліметтердің жиынтығы. Мектеп бітірген түлекке бақылау үш жыл бойы жүргізіледі.
Коррекция (латын тілінен аударғанда сorrеctio түзету) дамудағы психофизикалық кемшіліктерді түзетуге бағытталады. Коррекциялау терминін қолданған кезде, жеке кемшіліктерді (көру, есту) түзету деп қабылдағандай, аномальды баланың жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына біртұтас әсер ету арқылы оларды оқыту мен тәрбиелеу кезінде жетістіктерге жетуді мақсат етіледі.
Компенсация (латын тілінен аударғанда Compensatio организмдегі бұзылған немесе кемшіліктері бар функцияларды теңестіру, алмастыру дегенді білдіреді. Бұл туа пайда болған немесе жүре пайда болған аномалиялардың әсерінен организмнің қалыптасуын анықтайтын күрделі процесс. Компенсациялау процесі жоғары нерв әрекетінің резервтік мүмкіндіктеріне сүйенеді. Аномальды балаларда компенсациялану процесі кезінде шартты байланыстар арқылы жаңа динамикалық жүйелер,бұзылған немесе әлсіреген функциялардың қызметі жүзеге асады.
Кәсіби беталыс - балалармен жұмыстағы психологиялық нұсқаулардың, кәсіби бағытталған себептер мен қабілеттердің, кәсіби мүдде мен жеке қасиеттердің, сондай-ақ кәсіби сана-сезімнің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет