Эпилепсияның түріне қарай дәрілердің жіктелуі :
1. Үлкен және психомоторлы ұстамаларда қолданатын дәрілер:
фенобарбитал, бензонал, гексамидин, дифенин, карбамазепин (финлепсин,
тегретол), хлоракон.
2.Кіші ұстамаларда қолданатын дәрілер: этосуксимид (суксилеп), триметин (триметадион) .
3. Әртүрлі ұстамаларда қолданатын дәрілер: натрий вальпроаты (конвулекс, депакин, ацедипрол), кальций вальпроаты (конвульсофин), клоназепам (антелепсин).
Фармакологиялық әсері: - тырысуға қарсы, тыныштандыратын, ұйықтататын. транквилизаторлық әсерлері бар.
Қолдануы : эпилепсияның үлкен, кіші ұстамаларында, үштармақты жүйкенің невралгиясында, сіреспе, тырысу жағдайларында.
Жанама әсері: әлсіздік, ұйқының келуі, бас ауруы, психиканың тежелуі, тератогенді әсер, қан жүйесінің бұзылуы, нефро- және гепатотоксикалық әсер, аллергиялық реакциялар және диспепсия байқалады. Бауыр мен бүйректің қызметі бұзылғанда, қан жүйесінің бұзылуында, жүрек жеткіліксіздігінде, жүктілік пен лактацияда қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |