б) Пирозолон туындылары: антипирин, анальгин. Analginum – анальгин(Б): 0,5 таб.; 50% 1-2 мл еріт. амп. шығарылып, б/е, к/т енгізіледі. Анальгиннің ауырсынуды түсіретін, қабынуға қарсы және ыстықты түсіретін қасиеттері айқын байқалады.
Жанама әсері:қан жүйесінің тежелуі (лейкопения, гранулоцитопения, агранулоцитоз), жүрек-қан тамыр жүйесінің бұзылуы(стенокардия, жүрек жеткіліксіздігі), аллергиялық реакциялар, ісіну, пиразолон туындыларының өнімдерінің ыдырауынан несеп қанық сары немесе қызыл түске боялуы байқалады, 5 күннен артық қолдануға болмайды.
Құрамында анальгині бар препараттар: «Баралгин», «Максиган», «Спазган», «Спазмалгон», «Триган», «Ревалгин».Бұл препаратардың анальгетикалық және спазмолитикалық әсері бар. Бауыр, бүйрек және ішек ауруларында, панкреатитте қолданылады.Анальгетикалық, спазмолитикалық және қан тамырды кеңейтетін әсері бар «Андипал» таб.(құрамы: анальгин + дибазол + папаверин + фенобарбитал) тағайындалады.
в) Пара-аминофенол туындылары: парацетамол»панадол, ацетоаминофен, эффералган, тайленол, каопол, цефеконД –анальгетикалық және ыстықты түсіретін әсері бар , ал қабынуға қарсы әсері мүлдем жоқ.
Жанама әсері: нефро- және гепатотоксикалық әсер, қан жүйесінің бұзылуы, аллергиялық реакциялар байқалады(көп мөлшерде). балаларда Рейе синдромы: улы энцефалопатия, бауыр, ми және бүйрек дистрофиясы байқалып, өлімге алып келуі мүмкін.