Дәрістер кешені kv atot 3305 Арнайы тағайындау өнімдерінің технологиясы


ДӘРІС БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫ ЖӘНЕ ГЕРОДИЕТАЛЫҚ ТАМАҚТАНУ



бет10/31
Дата15.11.2022
өлшемі122,08 Kb.
#158231
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
Лекциялар ТПСН (1)
112199, амыр жаю машиналары, ТОП (1), логика каз 03.02.22
5 ДӘРІС
БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫ ЖӘНЕ ГЕРОДИЕТАЛЫҚ ТАМАҚТАНУ


Дәріс мақсаты: балалар мен қарт адамдардың тамақтану ерекшеліктерін меңгеру
Жоспар:
Балалар тамақтануы
Геродиеталық тамақтану
Негізгі түсініктер: балалар, геродиетика
Әдебиеттер тізімі:
  1. Кацерикова Н.В. Технология продуктов функционального питания. Учебное пособие. — Кемерово: КемТИПП, 2004. — 146 с.

  2. Юдина С.Б. Технология продуктов функционального питания. М.: ДеЛи принт, 2008. — 280 с.


Балалардың үйлесімді дамуы тек қана алғашқы туылған күнінен бастап тиімді тамақтандыруды ұйымдастырғанда болуы мүмкін, себебі бұл балалардың өмірін және денсаулығын сақтауға бағытталған профилактикалық шаралар жүйесіндегі ең маңызды және тиімді факторларының бірі болып табылады. Балалардың тамақтануы өсіп келе жатқан ағзаның қажеттіліктеріне сәйкес болуы тиіс, баланың дұрыс психомоторлық дамуын қамтамасыз ету керек, оның сыртқы ортаның жағымсыз факторларының әсеріне иммунитетін, шыдамдылығын жоғарылатуы қажет.


Ағзаның өсуі және дамуы кезеңінде зат алмасу ең жоғары қарқындылықпен және кейбір анаболитикалық процесстердің басым болуымен сипатталады, бұл осы кезеңдегі ағзада жүріп жатқан өсуге, пластикалық және құрылымдық процесстерге байланысты қажеттіліктерді қанағаттандырумен түсіндіріледі.
1 жасқа дейінгі балаларда азот алмасуы, 10-12 жастағы балалармен салыстырғанда 2-3 есе, ал ересек адамдармен салыстырғанда 4-10 есе жылдамырақ өтеді. Негізгі зат алмасудың салыстырмалы мөлшері 1 кг дене салмағына ккал қөрсетіледі және 2-3 жастағы балаларға – 55; 7-6 жастағы - 42; 10-11 жастағы - 33; 12-13 жастағы – 34; ал ересек адамдарда – 24 ккал 1 кг дене салмағына құрайды.
Бала және жасөспірім кезеңдері салыстырмалы жоғарғы энергия шығынымен сипатталады. Адамның 1 кг дене салмағына энергия шығыны құрайды: 1- 5 жасар балаларда – 80 -100 ккал, жасөспірімдерде 13-16 жастағы – 50-65 ккал, ересек адамдарда - 45 ккал 1 кг дене салмағына жұмсалады.
Балалар мен жасөспірімдердегі жоғарғы негізгі зат алмасуы мен энергия шығындары олардың тамақтануын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.
Балалардың тиімді тамақтануы ағзаға тағмдық заттардың тек жеткілікті мөлшерінің түсуін ғана қарастырып қоймай, сонымен қатар баланың асқазан-ішек жолының бейімделу мүмкіншілігі мен оның алмасу процесстерінің деңгейіне сәйкес белгілі бір құрамның түсуін қарастырады. Осыған байланысты әр жасқа үшін ерекше тамақтану формуласы тән, ол зат алмасу ерекшелігімен, баланың өсуі мен даму кезеңіндегі физиологиялық және биохимиялық пісіп жетілу өлшемі бойынша тағамға бейімделуімен анықталады.
Емшек жасындағы балалар үшін тамақтанудың медико-биологиялық аспектеріне сәйкес негізгі құнарлы заттарды қабылдаудың нормасы құрастырылған. Баланың өмірінің 1 жылын үш жас кезеңіне бөледі: 0 – 3 ай, 4-6 ай, 7-8 ай.
Жас тобы бойынша тамақтандыру түрін есепке алып, ақуыздарды, майларды және көмірсуларды қабылдау нормасы және энергия шығындары төмендегі 1 кестеде келтірілген.
Кесте 1
Алғашқы өмір сүру жылындағы балалар үшін ақуыздарды, майларды және көмірсуларды қабылдау нормасы

Жасы

Тамақтандыру түрі

Ақуыздар, г
1 кг дене салмағына (соның ішінде жануар текті, % жалпы ақуыз массасынан)

Майлар, г 1 кг дене салмағына

Көмірсулар, г
1 кг дене салмағына

Энергетикалық құндылығы күндегі 1 кг дене салмағына, кДж

0-3

Табиғи

2,0-2,5 (100)

6,5

13

503

4-6

Табиғи

3,0(100)

6,0

13

503




Жасанды (бейім. қоспалар)

3,5 (100)

6

13

503




жасанды (бейімделмеген қоспалар)

4,0 (100)

6

13

503

7-12

Жасанды (бейім. қоспалар)

3,5-4,0 (80)

5

13

482

Баланың алғашқы өмір сүру жылындағы рационында ақуыз бен май мөлшері тамақтандыру түріне байланысты белгілі бір қатынаста болуы қажет. Табиғи тамақтандыру кезеңінде 3 айға дейін, 4 айдан 6-ға дейін және 7 айдан 12 айға дейін бұл қатынастар – 1:3; 1:2; 1:1,5, және жасанды тамақтандыруда - 1:2; 1:1,7; 1:1,5 құрайды.
Баланың алғашқы өмір сүру жылындағы балалар рационында ең басты энергия көзі ретінде көмірсулар оның жалпы калориялылығының 55 пайызын құрайды.
Балалар рационына минералдық заттарды енгізу туралы сұрақ ең маңызды болып табылады. Себебі олар сүйек, бұлшық ет ұлпасының, қан түзу және жүйке жүйесінің дұрыс дамуына қажет. Алғашқы өмір сүру жылындағы балалар үшін минералдық заттарды қабылдау нормасы 2 кестеде келтірілген.
2 кесте
Алғашқы өмір сүру жылындағы балалар үшін минералдық заттарды қабылдау нормасы

Минералдық заттар, күніне мг

Жасы

0-29 күн*

1-3 ай

4-6 ай

7-12 ай

Кальций

240

500

500

600

Фосфор

120

400

400

500

Магний

50

60

60

70

Темір *

1,5

5

7

10



* Табиғи тамақтандыруда
** Енгізілген темірдің 10 % сіңуін есепке алғанда.


Дәрумендермен қамтамасыз етілу өсіп келе жатқан ағзада жүретін метаболизмдік процесстерге және реактивтілікке әсер етеді. Алғашқы өмір сүру жылындағы балалар үшін дәрумендерді қабылдау нормасы 3 кестеде келтірілген.
3 кесте
Алғашқы өмір сүру жылындағы балалар үшін дәрумендерді қабылдау нормасы

Дәрумен, күніне

0-3 ай

4-6 ай

7-12 ай

B1, мг

0,3

0,4

0,5

В2, мг

0,4

0,5

0,6

В6, мг

0,4

0,5

0,6

В12, мкг

0,3

0,4

0,5

B, мкг

0,3

0,4

0,5

PP, ниациндік экв. мг

5

6

7

С, мг

30

35

40

А, ретинолдық экв. мкг

400

400

400

Е, м.е.

5

5

6

D, м.е.

400

400

400

Өмір сүруінің алғашқы жылынан кейін баланың асқазан-ішек жолының қорыту қабілеті жоғарылайды. Дәм татымдық қабылдау дифференциалданған болады. 1 жастан 3 жасқа дейін балалардың тағамдық заттарға қажеттілігі жоғары болады, себебі дене салмағының өсуі жалғасады, белсенді моторлық қызметке байланысты энергия шығыны артады. Күніне орташа энергетикалық қажеттілік 6452,6 кДж құрайды. Ақуыздың қажеттілігі 1 кг дене салмағына 4г құрайды. Жануар текті ақуыздың үлесі жалпы ақуыздың 60 - 70 % төмен болмауы қажет. Майлар арқылы ағзаның энергия қажеттілігінің 30 % қанағаттандырылады. Майдың тәуліктік қажеттілігі 40-45 г құрауы қажет, қанықпаған май қышқылдары – 2-4 г кем емес, оны өсімдік майына қайта есептегенде 5-10 г құрайды. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін негізгі энергия көзі көмірсулар болып табылады. Олардың энергетикалық құндылығы бойынша рациондағы үлесі 45-50 % құрайды. Сіңімді көмірсулармен (глюкоза, фруктоза, сахароза) бірге рационға сіңбейтін көмірсуларды 5-10 г кем емес мөлшерде енгізу қажет. Бала ағзасының өсу, даму процесстері тек негізгі пластикалық заттар арқылы ғана емес, сонымен қатар көптеген минералдық заттар арқылы қамтамасыз етіледі, олар тәулігіне келесідей нормаланады (мг): кальций – 800, фосфор-800, магний -150, темір – 10.


Ең тапшы элемент темір болып табылады, себебі ол негізгі тамақтану өнімдерінде аз мөлшерде болады және темір баяу толық емес сіңуімен ерекшеленеді. Дәрумендерге қажеттілік сонымен қатар осы жас топ балаларының анатомиялық –физиологиялық сипаттамасымен анықталады. Негізгі дәрумендерді тәуліктік тұтыну нормасы келесідей: А – 450 мкг; Е – 7 мг; Д – 10 мкг; В1 – 0,8 мг; В2 - 0,9 мг; В6 – 0,9 мг; В12 – 1 мкг; РР – 10 мг; С -15 мг.
Бұл жаста ақуыздар, майлар және көмірсулар бойынша рациондағы өнімнің қатынасы 1:1:4 жақын болуы қажет. Егер бала толықтыққа бейім болса, оның рационы 1:0,8:3 қатынасында болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет