Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Білім беру аймағындағы жобалау»



бет134/134
Дата13.12.2021
өлшемі408,01 Kb.
#125563
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134
Байланысты:
Дәрістер
Sport should be in everyone, Марафон 1-4 конспект | Ая
Екінші қадам. Проблеманы ұжым болып түсіну. Бұл қадам ұйымда өзгерістер қажеттігін түсінгеннен кейінгі проблеманы анықтау, міндеттерді айқындауға кірісу қажеттігін көрсетеді. Шешу жолдары ұйым мүшелерінің белсене қатысуымен терең талдана отырып айқындалған жағдайда жоба нәтижелі орындалады.

Үшінші қадам. Жетекшілер, лидерлер тобының бір шешімге келуі. Жоба жетекшілері қатарында әдетте озық тәжірибелі педагогтар, қоғамдық қызметтер жетекшілер мен түрлі ұйымдар мен қоғамдар мүшелері, ұжым белсенділері жеткілікті болады. Зертхана жағдайында ондай адамдар түрлі ақпараттар мен мәліметтер, ұсыныстар жинап, өз деңгейлеріндегі өзгерістерге дайындалады, ұйым мүшелерін дайындайды.

Ұйымды дамыту жұмыстарының тиімділігі лидерлер мен жетекшілерге байланысты, сондықтан жоба жетекшілерінен алдын - ала ойлау ерекшелігі; өзгерістерді сезіне білуі; кейбір мақсаттарды қажет болса өзгертуге батылдығы; жігерлілігі, қайраттылығы; адамдарды өз жігерімен ерте алуы; адамгершілік қатынастары талап етіледі.



Төртінш қадам. Өзгерістердің алғы шарты - алдын көре білу және мақсат қоя білу. Жобалау алдындағы талдау мен жоба тұжырымдамасын жасау – қатысушылар үшін ең маңызды жұмыс болып табылады. Өйткені, ол тұжырымдамада жобаланатын өзгерістердің жан –жақты талданған, негізделген, ұйының шын мәніндегі мүмкіндіктерін анықтаған алғы шарттары беріледі.

Бесінші қадам. Ұжымдағы адамдарға өзгерістер мәнін жеткізу. Тұжырымдама, немесе жобалау алдындағы талдау жоба жетекшісінің, немесе оны құрастырған топтың жеке жоспары емес, тіпті ол тексерушілерге көрсететін құжат та емес, ол – жобаның теориялық негіздемесі. Оны ұйым мүшелермен алдын - ала толықтай талдап, педагогикалық кеңестің бекітуіне ұсыну қажет болады. Бұл міндетке сай төмендегі шарттар сақталуы міндетті:

  • ұйым мүшелеріне өзгерістердің себебі мен мотивін алдын ала жеткізу;

  • ұйымның болашақ бейнесі мен мазмұныың басқаларға түсінікті болуына жағдай жасау;

  • ұйымның болашағы адамдардың ынтасы мен қызығушылығы артуын қамтамасыз ету;

Алтыншы қадам. Жобалау қызметін басқару. Бұл кезең мақсатты бағдарлы жобаларды құрастырудын тұрады. Қатысушылар таңдаған тақырыптарына сай шағын топтарға (жобалау командасы) бірігіп, берілген үлгіде жоба құрастырады. Жобалау топтарындағы адамдар белсенділікпен, өз идеяларын ұсынып отырғаны жөн. Жобалаудың табысты болуы төмендегі факторларға байланысты:

  • жобаның нақты, айқын құрылуы;

  • басты мақсатты назарда ұстауы;

  • жобалау топтары мүшелерінің өзара келісім жағдайында жұмыс істеуі:

  • аралық нәтижелерді қамтамасыз етіп отыру;

  • топтағы қолайлы ахуал;

  • ақпараттық және коммуникативтік жүйелердің қолжетімдігі;

  • жобалау топтарының кәсібилігі, өз қызметін жақсы түсінуі

Жетінші қадам. Адамдардың ынталануы, қызығушылығы. Жоба жетекшілерінің ынталануы жобаға қосатын үлестерін білдіреді, олар өз мақсаттарымен және өз шешімдерімен топты таныстыра алатын жағдай туғызылуы тиіс. Оның жүзеге асырылуы адамның өзіне сеніміне, өз болашағын өзі қалыптастыра алатынына көзі жетуіне байланысты болады.

Ұжымдық өзгерістерге қатысуға адамдардың ынталануы өздерінің іс – әрекет барысындағы жетістіктері, басқа адамдардың табыс пен нәтижелерді қолдауы, басшының мойындауы нәтижесінде пайда болады. Сондай – ақ, ұйымның дамуын жобалауға қатысу олардың жауапкершілігін жоғарылатып, өз жобаларын жетілдірудегі ізденістерге, шығармашылық әрекеттерге жағдайлар туғызылатыны сөзсіз.

Жобалау технологиясын қолдануда оған қатысушылардың ынталану деңгейлері түрлі болуы да мүмкін. Бұл төмендегідей жағдайлардан көрінуі мүмкін:


  1. Қатысушылықтың төмен деңгейі, ұсыныстар берумен ғана шектелу;

  2. Қатысушылықтың орта деңгейі, бағалауға ғана қатысуға ынталылық;

  3. Қатысушылықтың жеткілікті деңгейі кей адамдардың жұмыстық топтар құрамына енуге тырысуы;

  4. Қатысушылықтың жоғары деңгейі, жүйенің барлық деңгейлері бойынша шешім қабылдауға қатысуға ынталылық.

Жобалауға ұжымның белсенділікпен қатысуына көңіл бөлудің, оған ынталандырудың тұлғааралық қарым – қатынастар орнату, педагогтарды дамыту, ата аналар, қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелерінде аса қажеттігі байқалды.

Сегізінші қадам. Жетістіктерді жоспарлау. Жетістіктер адамның одан арғы іс- әрекеттеріне түрткі болатыны белгілі, өйткені, әр адам өзінің нәтижелі болған әрекеттерін қайталауға, оны дамытуға үнемі ұмтылып отырады. Сондықтан, ұжымдағы тәжірибемен байланыстыра жүргізілген жұмыс әуелі қарапайым жобаларды орындаудан басталса, олардың табысты болуы үлкен жобалардың сәтті жасалуына сенімділікті қалыптастырды. Табысты болған тәжірибелер, біріншіден, жобалау қызметін әрі қарай дамыту үшін аса маңызды болса, екіншіден, қатысушылардың алға қойған мақсатқа жетуде белсенділікпен қатысуға ынталандыратынына көз жеткізілді. Соған байланысты, алғашқы кезеңдердегі жобалау барысында аз уақытта нәтижеге жеткізетін өзгерістер түрлері жоспарланды. Кейбір бағыттардағы нәтижелі қадамдар қатысушыларды ғана емес, оны «бақылап» отырғандардың ынталануына мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстың тағы бір маңызды жағы – «лидерлерге қарап үйренуге» ұмтылыс пайда болады. Қалыптасқан түсінік бойынша адам көбінесе жетістікке жеткен әріспестерінен үлгі алуға тырысатыны белгілі. Сондықтан, жоба жетекшілерінің жұмыс барысындағы іс- әрекеттері қызметтік қана емес, тұлғалық, лидерлік, менеджерлік сапаларын жетілдіруге де ықпал ететін ескеру қажет.



Тоғызыншы қадам. Ұйымдағы өзгерістерді бекіту. Жобалау зертханаларында жасалған жобаларды талдау, тиімділеріне баға беру, негізінде ұйымдарға қажетті деп табылған жобалар педагогикалық кеңестерде бекітіліп, ұйым тәжірибесіне енгізілді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында таратуға, әдістемесі мен технологияларын басылымға беруге ұсынылатын жобалар да анықталды.
Тапсырмалар

  1. Өз жұмысыңызға байланысты, немесе, өзіңізді қызықтыратын тақырыпты зерттеуге арналған жобалау зертханасын ұйымдастыру мазмұнын құрастырыңыз. Оның қысқаша негіздемесі, мақсаты мен болжамы, кезеңдері және сатылық қадамда бойынша жүргізу алгоритмі болуына көңіл аударыңыз.

  2. Жобаны жеке немесе топпен ортақ тақырыпта орындауға болады.

  3. Жобаны міндетті түре өзіңіз оқитын немес жұмыс істейтін білім беру ұйымы жұмысын дамытуға байланысты болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет